Архивы рубрики ‘Работы учащихся’

Стихотворение «Қазағымның Зейнолла Шүкірові! «

Есмаханова Гүлзада   Қазағымның Зейнолла Шүкірові!                              Өмір осы  қалайша құралады, Өмір ала жіп секілді бұралаңы. Өмір неге әділет іздегенге, Әділетсіз боп  әсте оралады?…..   Таусылғанда темірдей тағат бүгін, Тағдырыңның жіберген ағаттығын. Елемедің ескеріп о жасыңнан, Көтерем деп зырғыған сағат сынын.   Бәлкім,болар осынау төзіміңде, Қуат,қайрат тасыған өзініңде . Тәңір саған жазбапты мұндай рахат, Түзу басып
Читать полностью »

Стихотворение «О, Далам»

Дүйсенбек Еркебұлан Ерланұлы   О, Далам О,далам, жазық далам, жомарт далам, Ұлыңмын төсіңде өсіп, шалықтаған. Өзіңнен кейде бір сәт жырақ кетсем, Мен сені анамдай-ақ аңсап қалам. Ұғынам дархан оймен дала сырын, Ол менен аямаған бар асылын. Ақжарқын анамның мен ұлы болсам, Кеңпейіл даламның да баласымын.

Стихотворение «Кешқұрым»

Дүйсенбек Еркебұлан Ерланұлы   Кешқұрым Үшкір шыңды қызарты, арайланып, Күн де батыпбарады арайланып. Ғашығымен қоштасқан жас арудай, Тәрбиеледі сән гүлдер қарай қалып. Кілем түрге бөлініп дала жатыр, Таң-тамаша осы шақ қара да тұр. Біреулер мәз кездесіп сүйгенімен, Ал, біреулер бақшаға бара жатыр…

Стихотворение «Сырдың суы сирақтан»

Дүйсенбек Еркебұлан Ерланұлы   Сырдың суы сирақтан «Сырдың суы сирақтан», Осы ғой бізді қиратқан. Немесе жау келген жоқ, Ауған менен Ирактан. Ішке түсіп жүз грамм, Айтқызыды жүз бір ән. Көрген кезде айып жоқ, Куә болып жүр бұған. Екіншісі барғанда, Басталады арман да. Шешен болып кетесің, Сөз бермейсің қалғанға.

Стихотворение «Тұрақтылық»

Дүйсенбек Еркебұлан Ерланұлы   Тұрақтылық Сөзіне тұратұғын, Алдында мұраты мың. Тұрақты жандар ғана, Адам деп ұғатының. Ақтайтын сеніміңді, Қолдайтын көңіліңді. Тұрақты жандар ғана, Тәрк етпес тәңіреңді. Көңіліңе қарайтұғын, Есіңе жарайтұғын. Тұрақты жандар ғана, Шуаққа балайтының. Ыстығың, суығың бар, Сөйлесе, сөздері -бал. Тұрақты  жандар ғана, Пайымды сөзді ұғар.

Стихотворение «Гүлсіздер»

Дүйсенбек Еркебұлан Ерланұлы   Гүлсіздер Сіздер-қызыл гүлсіздер, құлпыратын, Сіздер-қызыл көбелек, ұмтылатын. Құлпырған мен ұмтылған арасында, Ақындардың жанына жыр тұнатын. Жыр тынатын мөр-мөлдір тұнықтағы, Келбетіңе қарайын сыр ұққалы. Содан кейін кететін көкке алып. Қыз-көктемнің қырмызы  қылықтары.