Стихотворение «Адам болсаң тіліңді сүй алдымен»

Қабытаева Кербез

 

Адам болсаң тіліңді сүй алдымен

Жақсының жақсы дерсің адамдығың,

Ақ жүрек кең пейілді адалдығын.

Отан сүйіп, құрметтесе туған тілін,

Қай жерде таба аласың жамандығын,

Елім деп еңіренсе өмір бойы.

Тілеймін сол адамның адамдығын,

Бөтен сөзбен былғаса сөз арасын.

Әрі қарай дамытар заманды кім?

Сеніп жүрген жастары бұлай болса,

Ілгері басар екен қадамды кім.

Сыйламай ана тілін жүргендерді,

Бір Аллам кешірер ме арамдығын.

Неліктен өз тілінде сөйлемейді,

Бұл сұраққа табады амалды кім?!

Осылай жүре берсек кім алады,

Алынбастай боп тұрған қамалды кім?

Жұдырықтай түйілсе бес саусағы,

Заманның келтіреді замандығын.

Өз тіліңді құрметте өзгені емес,

Көрініп қалмасыншы надандығың.

Еліңді сүй, жеріңді сүй, тіліңді сүй!

Сол кезде бағаланар адамдығың!.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.