Стихотворение «Айбынды Ақжар ауылым»

Қабытаева Кербез

 

Айбынды Ақжар ауылым

Ақжар деп бастап жырымды,

Ауылымды айтайын.

Ақжарымда бүгінгі,

Бақытымды байқаймын.

 

Ақжар деген ауылым!

Тудырған талай дарынды.

Ыстық қой сенің бауырың,

Арнаймын саған барымды.

 

Бала жүрек ақын ем,

Болайын сөздің иесі.

Жырға да біраз жықын ем,

Ақжардың дарып киесі.

 

Ырыс дарып, бақ қонған,

Ақжарым сенсің тірегім!

Таймаспын  енді ақ жолдан,

Ақжар деп өмір сүремін!

 

Ойнайтын күліп жүгіріп,

Дәрия дархан далаң бар.

Айтатын сен жыр қылып,

Кербездей ақын балаң бар!.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.