Стихотворение «Астана жайлы айтамын…»

Қабытаева Кербез

 

Астана жайлы айтамын…

Ажарлы сұлу Астана,

Алтыннан алқа тағынған.

Күмістен сырғаң күмбірлеп,

Төсіне торғын жамылған.

Еңсесі биік Елорда,

Бағыңды бердің барыңнан.

Есіліп аққан Есілді,

Көрсем деп халық ағылған.

Жапырағын жайған бәйтерек,

Басына ұя салынған.

Қысқайып тұрған Ханшатыр,

Ерекше болып салынған.

Осының бәрі Астана,

Маңдайда жанған бағыңнан!

Көркіменен бас қала,

Бар әлемге танылған!

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.