Стихотворение «Поэзия пайғамбары»

Қабытаева Кербез

 

Поэзия пайғамбары

Поэзия пайғамбары Абай деген,

Жазған ол қазақ үшін талай өлең.

Алаштың ары менен зарын айттың,

Сізді айтып ақын болып жарай берем.

 

Ақынның азулысын сенен көрем,

Кезінде болмады ғой төмендеген.

Жырыңды жүрегімнен шығармаймын,

Кіргенше қара жерге өлең кеудем.

Зеренің ерекелеткен немересі,

Құдай берген ақындық делебесі.

Абайдың арқасында бұл қазақтың,

Шырықтап тұр аспанға керегесі.

 

Сіз үшін шабытымнан туыпты өлең,

Жанымнан жамандықты жуыпты өлең.

Болмасаң да ұқсап бақ деп едіңіз,

Сондықтан жолыңызды қуып келем.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.