Стихотворение «Тыңда, құрбым!»

Бердімұрат Ардақ

 

Тыңда, құрбым!

Жігіттің жүрегін сен жаралама,

Ұнатып сүйем десе табалама.

Жүрекке әмір жүрмейді деген сөз бар,

Жайдан-жай жүрекке оқ қадалама.

Тән сұлулығын жігіттен іздемегің.

Таңдағың абыройлы ізгілерін.

Маңдайыңа жазғаны адасып жүр,

Күткейсің Ақбозаттың бір келерін.

Алғашқы сезімін бағалағың жігіттің,

Қаншама жыл сен артыңнан жүгірттің.

Сені сүйіп,сен деп таңын атырған,

Бір бұрылып сәулесін таста үміттің.

Махаббатпен өмір болар мәндірек,

Ғашық болса езіледі жан жүрек.

Ғашық болған адам көрсең көшеде,

Құлақ бітеу,есі ауысқан әңгүдік.

Сені сүйген жанды бірақ қорлама,

Қандай болсын мейлі одан арланба.

Ол жүргірсе сені де біреу жүгіртер,

Сезіміңді ақтар оған арланба.

Шимай-шатпақ жазылады параққа,

Көбі түсер сәтсіздіктен араққа.

Көз жасына қалып жүрме жігіттің,

Көтер еңсесін ,Жігітті, жерге қаратпа!

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.