Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың инновациялық бағыты

Қуанышқалиева Айжан Кенжешовна

 

ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартында мектепке дейінгі ұйымдарда зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуымен  тұлға қалыптастыру басты міндет болып берілуде. Жалпы мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу мен оқыту процесінде  педагогикалық білімі бар тәрбиешілер қатысады, десек те осы педагогтарға бағыт беріп, жаңашыл әдістерді таныстырып, білім  сапасын арттыруда әдіскердің  алатын орны зор. Әрбір ұжым, тіпті әр педагог педагогикалық процесте инновациялық, яғни жаңашыл идея  беруге құқылы. Ал, әдіскер жаңа идеяларды іздестіріп, жүзеге асыратын бірден-бір құзыретті тұлға.

Республикамызда білім беруді дамыту қазіргі кезде  оқытудың дәстүрлі түрінен инновациялық үрдістерге ауысатын  өтпелі кезеңінде және «инновация»  ұғымы  соңғы жылдардың ішінде  білім беру мекемелерінің   жаңалықтарды жасауы,меңгеруі, қолдануы және таратуға байланысты бір бөлек қызметі тұрғысынан түсіндіріледі.

Әдістемелік жұмыстың  сипаты.

Әдістемелік жұмыстың мақсаты  ұтымды әдіс-тәсілдерді игеру, балаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамыту, білім беру үрдісін ұйымдастыруда педагогтардың әдістемелік дайындығын көтеру, тәжірибе алмасу, педгогикалық озық тәжірибені насихаттау.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үрдісін нәтижелі ұйымдастыру  басты міндеттердің бір, ал жалпы педагогикалық қызмет  әдістемелік жұмыспен тікелей байланысты.

Әдістемелік жұмыстың өз алдына  нақтыланған формалары, әдіс-тәсілдері бар. Әдістемелік жұмыстың  формаларына  тоқталар болсақ,ол жүйелі және эпизодтық, топтық  және жеке  деп жітеледі.

Барлық әдістемелік жұмыс формасы педагог қызметкерлердің кәсіби дайындық деңгейін, теориялық білімін, тәжірибесін, еңбек тілін, санатын ескере отырып ұйымдастырылады.

Ьіздің алдымыздағы  мәселе  балабақшадағы дәстүрлі әдістемелік жұмысты инноваиялық бағытта жаңарту, педагог мамандардың, тәрибешілердің педагогикалық кәсіби  құзыреттілігін жетілдіру.

Әдістемелік жұмыстың  топтық формалары

  • Семинарлар
  • Педагогикалық оқу
  • Конференциялар
  • Тәжірибе тарату  және т.б. қарастыруға болады.

Әдістемелік жұмыста: жеке кеңестер, тәлімгерлік, әңгімелесу, өз білімін жетілдіру, өзара оқу іс-әрекеттеріне (шаралараға) қатысу жұмыстары көзделеді.

Әдістемелік  жұмыстың бағыттары бір-бірімен тығыз байланысты және педагогтардың теориялық деңгейін,біліктілігін, кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал етеді.

Педагогикалық процесс тәрбиешінің келесі бағыттаушы рөлін  қарастырады:

  1. Ғылым мен практиканың сабақтастығы.
  2. Педагогикалық процесті болжау, жобалау және құруды.
  3. Педагогикалық қызмет нәтижесінің  обьективті диагностикасын жүзеге асыруды көздейді.

Әдіскер алдына лауазымдық  міндет алып танысқаннан кейін,жұмыс бастамасының алғашқы күндерінен бастап алдына нақты жоспар құра білуі керек. Өз тәжірибемде әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың қыр-сырын, әдіс-тәсілдерін түсініп, бағытын алға қою болды. Бұл бағыттың жолы тек ізденіс пен шығармашылықты және тынымсыз еңбекті талап етеді.

Балабақшадағы әдістемелік жұмыстар кімдермен жүзеге асады десек, олар педагогтар, тәрбиешілер, балалар және ата-аналар. Жоғары да айтылған басты тұлғалардың бір-бірімен тығыз байланыстылығының арқасында балабақшадағы әдістемелік жұмыстар өз деңгейінде алға жүреді, яғни әдістемелік жұмыс бағыты дұрыс қойылған жағдайда жас ұрпақ тәрбиесі жан-жақты бола алады. Балабақшада әдістемелік жұмыстардың мазмұнын, формасын, тәсілін, құрылымын жаңарту үрдісі тәрбие мен білім беру жүйесінде құрылған мақсат-міндеттерге сай алынады. Әдістемелік жұмыстар жүйесінде педагогтардың кәсіби шеберлігі, өзін-өзі дамытуға дайындығы, шығармашылықтары бірдей деңгейді құрамайды. Осы орайда педагогтарды үш деңгейде қарастыруға болады:

  1. Төменгі деңгей /интуитивтік/
  2. Орташа деңгей  /ізденістік/
  3. Жоғары /шеберлік/

Төмендегі деңгейдегі педагогтармен жүргізілетін  әдістемелік жұмыстар: педагогикалық қызметке оң көзқарас қалыптастыру,теориялық таным-білім бағытында болады.

Орта деңгейдегі педагогтармен жүргізілетін  әдістемелік жұмыстың негізгі бағыты — қарым-қатынас жасау, диалог, педагогикалық техниканы қолдану, өз дербестік сипатын тану.

Жоғарғы  деңгейдегі педагогтармен жүргізілетін  әдістемелік жұмыстар  олардың педагогикалық қызметіндегі шығармашылық құнды бағыттарды ынталандыру,дербестік әдістемелік жүйе жасауға бағдарлау мақсаттарын көздейді.

Балабақшадағы әдістемелік бөлменің мақсаты:

Тәрбиеші педагогтарды қолдау үшін ақпараттық  әдістемелік базаны құру,олардың кәсіби біліктілігін және шығармашылығын дамыту, педагогикалық шеберлігін көтеру үшін жағдайлар жасау. Жоғарыда  аталған  жұмыстарды  түйіндей келе,мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің  әдістемелік  жұмысы  жаңаша  көзқарас,тың ізденіс,қажырлы еңбек арқылы  ұйымдастырылса ғана өз  нәтижесін   береді. Тәжірибе  өз алдына дамиды, өзгереді, жаңаша бетбұрыстар  орын алады. Инновациялық  әдіс-тәсілдерді іздестіріп, тәжірибеге енгізу арқылы оның  тиімділігін айқындауға болады. Инновациялық  тәжірибе — заман талабы. Заман талабына сай болу — біздің міндетіміз.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.