Алаш қайраткерлерінің саяси күресі — Тәуелсіздіктің биік белесі

Мажимова Айжан Зиедденовна

 

Ұлттық аймақтардағы халық

мүддесіне жат большевиктердің жеңісі

Армениядағы дашнақтар, Азербайжандағы

мусаватистер, Қазақстандағы АлашОрда

және Түркістандағы Шура – Исламия

сияқты күштердің көзін құрту арқылы ғана

мүмкін болды.

У. Коларц, ағылшын тарихшысы.

 

Қазақ халқының өздерінің абыройларына қарай, осы қазақ зиялылары ұстамды болды, және олар қазақ халқын азаттық үшін күресте қару алуға шақырған жоқ. Қазақ халқындағы бұрыннан келе жатқан парасатты дәстүрі пайдаланды. ХХ ғасырдың алғашқы 30 жылдарында қазақтың қайраткерлерінің еңбектерін байқаймыз. Ұлт-азаттық қозғалысының басшылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,

Жақып Ақбаев және т.б. Негізінен Орынбор, Омбы, Петербург шаһарларындағы оқу орындарында оқыған қайраткерлер еді. Қазақ халқының қайраткері Ә. Бөкейханов «Алаш қозғалысының» жетекшісі, ірі ғалым, Санк-Петербург университетінің түлегі. Ұлттың сана-сезімінің оянуына байланысты, олардың тұтастануы жүзеге асады. I-III съездері шақырылып, «Мұсылмандар одағы» құрылды. 1905 жылы қазақ күрескерлерінің саяси мақалалары жариялана бастайды. Ал 1905 жылы Орал қаласында алғаш рет жалпықазақ съезі өтеді. Әлекең кадет партиясынан бөлінеді. Ә. Бөкейхановтың тұтқындалуына қарамастан екі жалпықазақ съезі өтті. Патшалық тәртіпті жою және елдегі қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру «Алаш» қозғалысының ұйымдық жағынан жасақтауға жағдай туғызды. 1917 жылы «Алаш» партиясы құрылды. Сот жұмысына қатысты 5-баптағы тіл туралы мәселе де қызықты. Сонау 1917 жылдың өзінде-ақ қазақ демократтары «халқы құрама жерлерде соттың жауап алуы мен шешімі аталмыш жерде көпшілік болып табылатын ұлттын тілінде жүргізілуі қажет.» Шын мәнінде, Батыс мәнеріндегі технологиялық,гуманитарлықреформаладры іс-жүзінде игеріп, жүзеге асыратын жетекші топ болып табылады. Ал бұл реформалардың кәдеге асқыштығы және тиімділігі бүкіл әлемге тән. Қазақтар Уақытша үкіметті қолдады және көптеген оқыған жастары қазақтың ұлттық – Алаш орда партиясын құрды. Қазақтардын басым көпшілігі жаңа большевиктік режимді қолдаудың қыйын екенін түсініп, оның орнына Алаш орда автономиясының үкіметтің құру жолын таңдайды. Бұл үкіметбольшевиктеріменен біраз күресіп келді. Түркістанда тұрып келген француз Жозеф Кастанье патшаның құлағына ешкім қайғыра қойған жоқ деп жазды: «Соғыс атаулыға жаны қас қазақтар жаңа өмір және орташылдықтың бұрынғы айла шарғылары бастарына төндірген тапшылықты түзетуге уәде берген революцияны қуана қарсы алды».[2] Қазақ зиялыларының алдында тұрған басты сұрақ – Уақытша үкіметті қолдау керек пе, әлде жоқ па, өздерінің қолдағаны үшін саяси комиссияның құны қандай болмақ. Ал бұл маселе 1920 жылы қазақтардың азамат соғысында жеңілгеніне дейін шешілген жоқ. Түркістан комиссары ретінде Мухаммеджан Тынышбаев тағайындалды. Ал Ахмет Байтұрсынов – Уақытша үкіметке қызмет етті. Уақытша құрылыс комиссиясының атынан Хамит Ғаббасов қазақ автономиясының жариялау, бақылау кеңесін және тәуелсіз халық жасақшылары құру қажеттілігіне тоқталып, арнаулы кіріспе создің зор ықыласпен тындалғанын жеткізеді. Делегеттар мұндай қолдауға құрамында қазақтар басым үкіметтің ғана ие болатындығын мәлімдеп, «Алаш» деп аталатын қырғыз – қазақ өлке құру туралы бірауызды шешім қабылдайды, бұл автономия облыстағы барлық жерді, су көздерін жер асты минералды байлығын иеленуге тиіс. 1920 жылдың «150 мың тыл жұмысына қатысушылар өздерін түйген білгендерін ортаға белгілі – бір ықпалын тигізді.» Тылдың қара жұмыскері – Ақмола облысынан шыққан Е.Бекмұхаметов майдан шебіндегі тыл жұмыстарында большевиктермен қалай танысқанын еске түсіреді. Бірқатар қазақ жұмысшылары басшылықтың рұқсатын күтпестен Отанына қайтып жатты. 1920 жылы оның ішінде авторда болды. Елдегі болып жатқан осы оқиғалардың әсерінен Қазақстанның шаруалар бұқарасы да өлкенін саяси өміріне белсенді түрде қатыса бастады. Бұл айтқан куәсі 1917 жылы жазда шаруалардың, қазақтар мен қазақ депутаттары Кеңестерінің ұйымдастырылуы болып табылады. Осының бәрі өлке саяси өмірінің күрделі екендігін және оның қоғамдық саяси өмірін басқаруға Уақытша үкіметпен жұмысшы және солдат депутаттар Кеңестері органдарымен қатар үмітті болған көптеген ұйымдардың барын куәләндырады. «Жас қазақ» ұйымының басшылық құрамында С.Сейфуллиннен басқа кейін комунистік партияның мүшелері болған және Кеңес үкіметтің орнатуға белсене қатысқан А.Асылбеков, Б.Серікбаев, Е.Бекмұхамедов, Ж.Нұркин және басқалар тлықтырды. Саяси жағдайлардың шиеленісе түсуіне орай кейбір жастар ұйымдары большевиктер басқаратын Кеңестерге қосылып кетті. Басқалары мәні жағынан ұлттық демократиялық Алаш партиясының жастар филиалдарына айналды. 1917 жылы Шілденің басында елдің орталығында саяси жағдай күрт өзгерді. 1917 жылы Ақпан революциялық процесстің қарқынды дамуы барысында Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан либерал – демократиялық көзқарастағы партия құру мәселесі бойынша жоспарларын жүзеге асыруға кірісті. 1917 жылы Түркістандағы болған оқиғалар туралы Мұстафа Шоқай өз естелігінде жазғандай, «жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінде большевиктермен солшыл әсерлердің беделі күннен күнге өсе түсті. Қазақ революциясы қарсанында Қазақстан большевиктері қоныс аударып келген еңбекшілермен бірқатар қазақ ауылдарының арасында өз қызметтерін белсенді түрде жүргізді. Уақытша үкіметтің жақтастары орталықта және жергілікті жерлерде қарқын алып келе жатқан революцияшыл қозғалыспен күресуге шұғыл түрде күш жұмылдырды. Партияны саяси аренада К.Тоғысов пен оның пікірлестері өз жақтастарын Құрылтай жиналысында кандидаттыққа ұсынады. Үш жүзді ұйымдастыру кезінде оның бағдарламасының Алаштан қандайда бір елеулі айырмашылығы болған жоқ. Енді осы партияны саяси аренада бекіту үшін К.Тоғысов пен оның пікірлестері өз жақтастарын Құрылтай жиналысында кондидаттыққа ұсынады. Алаш партиясының көсемдері Петроградта қарулы күштің жеңгені туралы хабарды ести салысымен Қазақстанды билеу Кеңестердің қолына өтіп кетпеуі үшін нақты қадамдар жасай бастады. ХХ ғасырдағы империялық және ұлттық мүдделердің қақтығысы – бүкіл халықтың өміріне әрқандай өзгерістер әкелді. 1945 жылы 11 ақпанда болған Ялтада өткен конференцияда Сталин, Рузвельт, Черчилль қол қойды. Екінші дүние жүзілік соғыстың соңғы нүктелерінің бірі болып табылатын, Империялық мүлделердің қақпақ болуына түскен шығыс Түркістандағы қазақтардың тарихи тағдыры. 1919-1922 жылы «Қазақстан мен Башқұртстанды «Солтүстік Түркістан» деп ресми атап, ортақ туды бекіткен болатын.» Алаш идеясын құрмет тұтқанын қазақтар үшін Шығыс Түркістан – қазақ жері, Шығыс Түркістан – қазақ елін, Шығыс Түркістан – көне түркінің «мәңгілік ел» идеясының аясында өмір сүрген түркі дүниесінің ата мекені. Идея бүгінде өзінің мүлделі мақсатын жойған жоқ. Қайта тәуелсіздіктің тамыры тереңге кеткен сайын, алдымызға сұрақ болып шығып отыр. Бұл идеялар мыналар:

Бірінші ұстанымжер, жер және жер.

Екінші ұстаным – жерде аспанда қазақ мемлекетіне қызмет ету қажет дейді Әлихан Бөкейханов.

Үшінші ұстаным – қазақ мемлекетінде құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек.

Төртінші ұстаным – Жапонияның үстемдігінде ұлттық демократиялық мемлекет құру еді.

Қорытындылай келгенде Алаш идеясы бүгінде, ертенде жалғасын табады. ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани – зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққанда, әрі ең алдымен дәстүлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал. Дәстүрлі далалық биліктің ережесін сақтап қазақтың басын соңғы рет қосқан Абылай ханның ұрпағы Ә.Бөкейханов ұлттың саңлақтарын жинап, ел тағдыры үшін соңғы буын Ә.Марғұлан, М.Әуезов, Е.Бекмахановтарға шамшырақтай үлкен қызмет атқарды. Рухани сабақтастық дәстүрін үзбеуге қызмет етті.

Олар өз қызметінің басты мұраты қазақ халқының ұлттық төлтумалығын сақтау, сонымен бірге оның тарихи өткенін қалпына келтіріп, ұлттық санасын шындау деп санаған.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. К.Есмағанбетов. Қазақстан шетел әдебиетінде.Алматы 1994ж.148 б.
  2. Н.Ә.Назарбаев, Тарих толқынында.Алматы 2003ж.156-157 б.б.
  3. Қазақстан тарихы, Алматы 2010ж. IV том, 88 б.
  4. М.Шоқай. Тандамалы шығармалары. Алматы 2008ж. 141 б.
ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.