Балабақшадағы үйірме жұмысының балалармен бірлескен іс-әрекеттері

Сейтжапбарова Гульнар Бухарбаевна

 

Әдістемелік есеп

 

Қазіргі уақытта баланың дамуында негізгі білім ғана емес, сонымен қатар қосымша білім беру маңызды рөл атқарады. Мектепке дейінгі мекемелерде қосымша білім беру балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтауға және дамытуға мүмкіндік береді.Қосымша білім беру бойынша сабақтарда  білім беру қызметінде алынған білімді тереңдету, кеңейту және практика жүзінде қолдануға болады.

Үйірме  жұмысы әрбір балаға өзінің жеке танымдық, эстетикалық, шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Үйірме жұмысын ұйымдастыру кезінде балабақшаның назарына алынады:

  • балалардың қызығушылығы, балалардың жас ерекшеліктері, олардың іс-әрекетке қатысу тәжірибесі;
  • балабақшаның  білім беру және тәрбиелік мәселелерін балабақшаның негізгі бағдарламасымен бірлікте шешу қажеттілігі;
  • ойынды жетекші қызмет ретінде түсіну және нақты негізде балалар үшін қосымша білім беру мазмұнын құру; яғни. кез-келген бірлескен іс – әрекетті  ойын түрінде өткізу;
  • сондай – ақ балабақша шығармашылық тұлғаның дамуы үшін қолайлы жағдай жасау қажеттілігін ескереді;
  • балаға жүктелетін жүктеме нормалары.

Мектепке дейінгі білім берудің болжамынша, балабақшадағы үйірме жұмысының мақсаты болып табылады:

Өз жасына, жеке ерекшеліктеріне және бейімділігіне сәйкес балаларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, әр баланың жеке өзімен, басқа балалармен, ересектермен және әлеммен қарым – қатынастарының мүмкіндіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Біздің мектепке дейінгі ұйымда шығармашылық қабілетті, танымдық белсенділікті, салауатты өмір салтын тәрбиелеуге бағытталған бірқатар қосымша білім беру қызметтері ұйымдастырылды.

Үйірме жұмысының нәтижелері дарынды балаларға арналған оқу үдерісінің сапасын арттырып қана қоймай, жеке қолдауға мұқтаж балалардың көптеген мәселелерін шешуге көмектеседі.

•Танымдық дамыту балалардың мүдделерін, білуге құштарлығын қызығушылығын және танымдық мотивацияны ынталандыруды дамытуды көздейді.

Біздің мектепке дейінгі мекемеде танымдық дамыту аясында 5 үйірме жұмыс істейді:

1.«Умелые ручки» — 4-5 жас аралығындағы балаларға арналған үйірме, үйірме жұмысында дәстүрлі емес кескіндеме техникаларымен танысып жұмыс жасайды: алақан іздері, майлықтармен аппликация, аралас аппликация, пластикалық материалмен танысу, ермексазбен жасалатын аппликация, коллаж құрастыру, жіптен сурет салу және т.б. Үстіміздегі оқу жылының 1 жарты жылдығындағы мониторинг көрсеткіші —  68 %

2.«Айгөлек» — бірлескен іс-әрекет мақсаты ойын, қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру және дене икемділігін дамыту. Үйірме жұмысы барысында балалар мынадай дəстүрлі емес ойын түрлерін игереді: «Кім жылдам?»–  түрлі-түсті моншақтар жинау, «Не артық?», «Көңілді бағдаршам», «Көңілді доп», сюжеттік-рөлдік ойын «Отбасы», «Кім жоқ?», қазақ халықының ұлттық  ойыны «Тақия тастамақ», «Не жетіспейді?» және тағы басқа. Үстіміздегі оқу жылының 1 жарты жылдығындағы мониторинг көрсеткіші —  70 %

3.«Сказка, сказка приходи» 3-4 жастағы балаларға арналған үйірме, бұл үйірме жұмысы ойын, драматизация, көркем әдебиет, сөйлеуді дамыту, қуыршақ театры, саусақ ойындарымен байланысты.Үстіміздегі оқу жылының 1 жарты жылдығындағы мониторинг көрсеткіші —  71 %

4.«Мен және табиғат» 3-4 жастағы балаларға арналған үйірме, үйірмеге қатысу барысында балалардың назары, есте сақтау қабілеті, көзі, көркемдік талғамы, шығармашылық қабілеті мен қиялы дамытылады. Танымдық дамыту өз бетімен таныуды, ойлауды, ақыл-ой қабілетін дамытуды қалыптастырады. Үстіміздегі оқу жылының 1 жарты жылдығындағы мониторинг көрсеткіші —  69 %

5.«Весёлый English» 4-6 жастағы балаларға арналған үйірме, іс-əрекет барысында қарым-қатынас жағдайымен жүргізілетін зерделеу мəндерін, сөздерді жəне оларды орынды қолдануды,  жағдайлар, контекстке сәйкес сөздерді игереді.Үстіміздегі оқу жылының 1 жарты жылдығындағы мониторинг көрсеткіші —  73 %(Оқу жылының 2 жарты жылдығында тоқтап қалды, себебі маманның болмауынан)

•Көркемдік-эстетикалық даму балалардың шығармашылық қызметін жүзеге асыруды көздейді — көркемдік, музыкалық:

Біздің балабақшада көркем және эстетикалық даму бағытында 2 үйірме жұмысы бар:

1.«Кішкентай жұлдыздар» 5-6 жастағы балаларға арналған үйірме жұмысы.  Вокалдық үйірмеге қатысатын балалар тек мерекелер мен арнайы ұйымдастырылған іс-шараларда ғана емес,  күнделікті өмірде жаттаған әндерін қуана әндетеді. Көркемдік- эстетикалық жұмыс барысында барлық психикалық процестер қалыптасады, көркемдік және шығармашылық қабілеттер дамиды және қоршаған әлемнің оң эмоционалдық қабылдауы дамиды.  Бірлескен іс-шаралар мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық бейімділігін, саусақтардың ұсақ моторикасын дамытуға, даралықты көрсетуге және жеке өзінің көркем шығармашылық қабілетінің жақсы нәтижесін көруге мүмкіндік береді. Үстіміздегі оқу жылының 1 жарты жылдығындағы мониторинг көрсеткіші — 74 %

2.«Барбарики» 5-6 жасқа дейінгі балаларға арналған үйірме жұмысы, үйірменің негізгі мақсаты балалардың би қозғалыстары, жалпы жоғарғы мәдениетке сай қозғалыс қимылдарын түрлі қозғалмалы аппараттармен дамуына ықпал етеді. Би қадамдарын, қол қимылдарын, жүруді, қол, аяқ ұстанымдарын, корпустың, шапалақтардың, секірудің, сапқа тұру және қайта сапқа тұруды дамытуды үйренеді.Түрлі би қозғалыстарының түрлерін игереді. Үстіміздегі оқу жылының 1 жарты жылдығындағы мониторинг көрсеткіші — 72 %

• Сөйлеудің дамуы сөздің дыбыстық және семантикалық жағы туралы балалардың идеяларын түсіндіруді қамтиды.

Біздің мектепке дейінгі ұйымда сөйлеуді дамыту бағытында 3 үйірме жұмыс атқарады.

1.«Шаңырақ» 4-6 жастағы балаларға арналған үйірме, грамматикалық жүйенің қалыптасуына көңіл бөлінеді. Үстіміздегі оқу жылының 1 жарты жылдығындағы мониторинг көрсеткіші —  67 %

2.«Русская речь» 4-6 жастағы балаларға арналған үйірме, жұмыс қарапайым құбылыстарды түсінуге, тіл және сөйлеу, дыбыс пен сөздерді ажыратуға негізделеді. Жарты жылдықта балалармен сөйлесуді дамыту бойынша мақсатты және жүйелі түрде жұмыс жасалды. Үстіміздегі оқу жылының 1 жарты жылдығындағы мониторинг көрсеткіші — 74 %

3.«Ертөстік» 4-5 жастағы балаларға арналған үйірме жұмысы, бұл үйірме жұмысында мақсатты және жүйелі түрде балаларға әңгімелер, театр әлемі, тақпақтар, жұмбақтар, ертегі әлемі туралы іс-əрекеттер жүргізіледі. Бұл үйірме жұмыстарының шеңберінде мынадай қорытындылар жасалды: байланыс дағдыларын дамыту, қолдың саусақ маторикасын  дамыту, сөздерді анық айтып үйрену, шығармаларды  жеткізу ритімінің əсері. Үстіміздегі оқу жылының 1 жарты жылдығындағы мониторинг көрсеткіші —  71%

2017-2018 оқу жылында 10 үйірме жұмысы жүргізілініп келеді. Аталынып өткен үйірме жұмыстарының басты бағыты балалардың сөздік қорларын дамыту, танымдық сезімдерін тереңдету, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.