Балабақшағы театр қойылымының маңызы

Асанова Сауле Турсуновна

 

Театр әлемі жарқын, жан-жақты әрі қызықты. Ол сиқырлы кітап секілді балаға қоршаған ортаны ашады. Мейірімділікке, сүйіспеншілікке, ғажайыпты түсінуге баулиды. Балалардың ішкі жан дүниесінің ең жақсы жақтарын ашады. Осы жұмыс бағдарламасы білім берудің қосымша бағдарламасы болып табылады, мектепке дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу тиімділігін арттыру мақсатында әзірленді.

Қоғам дамуының қарқынды өзгеруші жағдайлары заманауи педагогиканы да өз қызметін өзгертуге және түзетуге мәжбүрлейді. Қазіргі кезде педагогика дидактикалыққа қарағанда барынша дамушы салаға айналуда.

Берілген бағдарламаның негізгі мақсаты музыканы, театрды, және сурет өнерін ықпалдастыру жолымен тәрбие және білім беру қызметінің нәтижелері әр баланың тұлғасын дамытуға, оның қабілеттерін, қызығушылықтары мен шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталуынан тұрады.

Заманауи технологиялық педагогикалық әлемде дамыған, көп білетін баланы қалыптастыруға бағытталған көптеген білім беру бағдарламалары мен әдіснамалары бар. Бірақ осы бағдарламалардың барлығы бірдей мектепке дейінгі баланың ішкі эмоционалды әлеміне, оның ең асыл сезімдері мен алаңдаушылықтарына, құпия тілектеріне, армандарына тимейді. Қазіргі қоғам алдында тұрған ең өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі тұлғаның рухани, адамгершілікті-эмоционалды қасиеттерінің тапшылану қаупі болып табылады.

Өскелең ұрпақты оқыту және тәрбиелеу тиімділігін арттыру мақсатында осы міндеттерді шешуге балалармен театрландырылған қызметтің тәрбиелеушілік мүмкіндіктері барынша сай келеді. Балалар театрландырылған қызметпен айналыса отырып, дыбыстар, музыка, бояулар, бейнелер, поэзиялық тіл, эмпатиялық көріністер арқылы қоршаған ортамен танысады, ойлауға, талдауға, тұжырым жасауға, жалпылауға машықтанады.

Тілді жетілдіру ақыл-ойдың дамуына тығыз байланысты. Орындайтын рөл, айтылатын ілікпе сөздер баланың алдына анық, нақты, түсінікті етіп жеткізу міндетін қояды. Оның диалогтық және монологтық тілі, оның грамматикалық құрылымы жақсарады. Әрбір әдеби шығарма немесе ертегі адамгершілік бағытқа: мейірімділікке, адалдыққа, батылдыққа, достыққа, жақындарына деген сүйіспеншілікке және т. б. бастайтындықтан, театрландырылған қызмет мінез-құлықтың әлеуметтік дағдылары тәжірибесін қалыптастыруға септігін тигізеді.

Ертегінің арқасында бала әлемді тек ақылымен ғана емес, сонымен қатар жүрегімен таниды. «Ақыл-ой мен жүректі тәрбиелеу өмір бойы ұмытылмас әсер қалдырады, ол осы ерте жастан бастап бізге сұлулық сабақтарымен қатар адамгершілік пен инабаттылық сабақтарын береді», – деп жазыпты балалар үшін өнердің мәні жөнінде атақты композитор Д. Б. Кабалевский.

Сүйікті кейіпкерлер еліктеу үлгілеріне айналады, жағымды іс-әрекеттерге баулиды, балаларға оң әсер етеді. Жағымсыз кейіпкерлердің тәрбиелік мәні бар – балалар «жаман» мен «жақсының» арасындағы айырмашылықты көреді, балалар жаманға еліктегілері келмейді, мұндай мінез-құлық олардың ашуын, ызасын келтіреді, эмпатиялық көріністердің дамуына ықпал етеді. Осыған сәйкес театрландырылған қызмет сезімдердің, терең қайғырулардың және баланы ашудың көзі болып табылады, оны рухани құндылықтарға тартады.

Мектепке дейінгі балаларды дамытудағы театрландырылған қызметтің тағы бір жағымды аспектісі көптеген мәселелі жағдайларды қандай да бір кейіпкердің атынан жанама түрде шешу болып табылады. Театралдық ойында бала өз жасқаншақтығын жеңіл әрі еркін жеңеді: ұялшақтық, өзіне деген сенімсіздік, именушілік, көпшіліктің алдына шығудан қорқу және т. б.

Театрландырылған қызмет балалардың өзін шығармашылық тұрғыдан танытуына көмектеседі, олардың ішкі әлемін байытады, тілін, жадысын, эмоционалды саласын жетілдіреді, өнердің басқа түрлерімен байланысты қамтамасыз етеді және осы арқылы баланы дамытады. Театр – бұл адам жанының айнасы, ол балаларға меңгерген адамгершілік құндылықтарды болашақта жарқын, дербес әрі өзгеше қолдануға көмектеседі.

Театрландырылған қызмет барысында балалар мен педагогтердің музыкамен және халық аспаптарымен шығармашылық эксперименттерін енгізу аталған бағдарламаның ерекшелігі болып табылады, ол спектакль немесе драмалау барысында қосымша жағымды эстетикалық нәтиже және өзін шығармашылық тұрғыдан таныту мүмкіндігін береді. Балалармен бірге ритмикалық және күрделі емес аспаптық импровизациялар, би композицияларын, шағын музыкалық ойын миниатюраларын құрамыз. Ұжымдық шығармашылық жобаларды балалар ортақ спектакльдерде, ата-аналар жиналыстарында, мерекелік ертеңгіліктерде, педагогикалық фестивальдарда, ашық есік күндерінде көрсетеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.