Баланы мақтап, жетістіктерін айтып отыруды ұмытпаңыз!

Жаттикбаева Сара Нурмуханбетовна

 

Дыбыстарды дұрыс айта алмайтын баланың мектепке барғанда көбінесе жазу пәндерінен үлгерімі төмен болады: қалай естісе, солай жазады. Егер сіз бес жасқа енді толатын балаңыздың тілінің дамуына алаңдасаңыз, уақытты босқа өткізбеңіз!

Тұрғылықты мекен- жайыңызда орналасқан емхананың логопед маманының кеңесіне жүгініңіз.Жазалау – дұрыс па, бұрыс па?

Бала — әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлынша қина, он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла» – деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған.

Абай атамыз: «Адам — ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» – дейді.

Кейде ата-аналар жазаға немқұрайлы қарап, көбіне істі түзетудің орнына бүлдіріп алады. Жазалау — өте қиын нәрсе: ол тәрбилеушіден үлкен әдептілік пен сақтықты талап етеді. Сондықтан біз ата-аналарға мүмкіндігінше жазалаудан аулақ болып, дұрыс тәртіпті қалыптастыруды ұсынамыз.

Балаға дұрыс, бұрысты үйретіп, жазалау керек десек, бір жағынан, ол баланы қорлау, кемсіту сияқты көрінеді. Жазалауда бала өз қателігін түсініп, жасаған жаман қылығы үшін ата-анасынан кешірім сұрағаны да дұрыс. Бірақ, бала қалай жазаланса да, ол не істесе де, сізді әрқашан туған жақын адамы ретінде сезінуі тиіс.

Жазалаудан бұрын қателерді түзетуде, ең әуелі, мейірім мен насихаттың әсері мол екенін ескергеніміз жөн. Себебі балалар көбіне жасаған қателіктердің парқына бара бермейді. Мұндай жағдайда балаларға ұрсып, жекудің пайдасынан зияны басым болуы мүмкін. Үлкендердің баланың басынан сипауы, маңдайынан сүйіп, иіскеуі немесе құшақтап, арқасынан қағуы, көтеріп құшағында тербетуі балаға оң әсерін тигізеді.                                               Бала үлкендердің бұл ілтипатынан өзін жақсы көретіндігіне сенеді.

Зерттеушілер құшаққа алынып, құштарлана сүйілмеген, басынан сипалап маңдайынан иіскелмеген балалардың кейбір психикалық ауруларға ұшырайтынын дәлелдеуде. Мысалы, бес жасар қыз дүкенге барғанда қалтасына ұрлап бір кішкене зат салып алды делік. Үйге келгенде сізге көрсетеді.

Бұндай жағдайда не істеу керек?

Шара қолданып, жазалау керек пе?

Себебеі неде?

Жалпы, балалардың мұндай әрекетке баруына үш себеп бар:

біріншіден, өнегелі көзқарастың жеткіліксіздігі (мысалы, бала өзінікі, біреудікі, жақсы, жаман түсініктерін айыра алмайды);

екіншіден, байсалды психологиялық қанағатсыздық болуы мүмкін (баланың ішкі қабылдаулары т.б.);

үшіншіден, ерік дамуының жеткіліксіздігі (әлгіндей әрекеттерге еріксіз барады).

Осындай жағдайларда баланы қорқытып, жазалауға болмайды. Өйткені жазалау әрекеті баланың бойында қорқыныш сезімін туғызуы мүмкін. Керісінше, ұрлаған затын қайтару, баланы ашық болуға шақыру, жәбірленушінің орнына өзін қоя білуді үйрету (6 жастан бастап балаларда ұят сезімі қалыптасады) керек. Ұрлық жасауға барған әрекетінің себебін тауып, мәселені шешуге тырысқаныңыз дұрыс. Балаға ұрысқаннан гөрі оған жақсы көретініңізді білдіру аса маңызды.

Тәрбие берудің негізгі мәйегі — мейірім мен сүйіспеншілік.

Психология ғылымында дәлелденген, кішкентай балалар үшін орны ерекше осы бір әрекетке тоқталып өтейік.

Баланы, әуелі, тыңдай білу керек. Әр нәрсені дұрыс түсінуге бала ақылы жете бермейді. Сол себепті баланың не ойлап тұрғанын білу қажет. Біз көбіне баланы қателікке ұрындырған себепті іздеп, дереу өзіне ұрса жөнелеміз. Балалар балалықпен қателік жасайды. Қате жасаса ұрсып, жазғыра жөнелеміз. «Балалар тыңдауды қажет етеді екен» деп, те ойламаймыз. Бала өз қателігін түсінген жағдайда ата-анасының не үшін ұрсып, не үшін жазалағанын түсінбей дал болып жатады. Содан «ата-анам мені жақсы көрмейді» деген ойға қалады. Міне, сондықтан баланың ішкі жан дүниесімен сырласпастан, оның ойын білместен, жасаған ісінің дұрыс еместігін түсіндірместен, оған ұрысып, жазалау дұрыс емес. Есесіне, балаңызбен дос, сырлас болыңыз. Ешқашан қатыгездікпен адамды адам ете алмайсыз. Қатыгездік баланы ашындырады, өшпенділік тудырады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.