Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану

Медеубекова Айсауле Жарылгасиновна

 

Мақсаты: ойын технологиясы арқылы жеке тұлғаның бойында Қазақстандық патриотизм, мәдениеттіліктің қалыптасуына жағдай тудыру, сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • ойын технологиясының мазмұнымен таныстыру;
  • ойын технологиясының құрылымын анықтау;

Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс — әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс — әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға, т. б. үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып, ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жол жоқ. Мен сол себепті «Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш мектептің қазақ тілі сабақтарында ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту» деп өзімнің проблемалық тақырыбыма сүйенемін.Әрбір ұстаздың мақсаты — сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай — ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі — «Ойын арқылы оқыту» технологиясы.. «Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс — әрекет деп түсінеді. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:

  • Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
  • Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
  • Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
  • Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
  • Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
  • Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
  • Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
  • Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып, ойландырып, балаға тәрбиелік мәні зор ойындар арқылы дамытуға болады. Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар оқушы қалып қоймайды. Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын оқушы өз мүмкіндігінше іс — шараларға араласып, өз үлесін қосып отырады.

Қорыта айтқанда, кез — келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой — өрісін ойын арқылы дамытады Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы  оқушылардың  оқуға деген ынта — ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойындар — оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды. В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл — ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деген екен. Ендеше, сыныпта және сыныптан тыс уақытта ойын технологиясын пайдаланудың нәтижесі қандай?

Олай болса оқушыларды  оқытуда
Оқы да біл,
Ойын — еңбек.
Ойна да күл,
Ойын — оқу,- деп сөзімді аяқтағым келеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.