Бауыржан Момышұлы – ұлтымыздың рухани қаһарманы

Мадильбаева Гульнар Мейрамуратовна

 

            Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Ұлттық салт-дәстүрлерімізді, тіліміз бен музыкамызды, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні-бұлар біздің рухани мәдинетіміздің бір парасы ғана. Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді.[1]

Отанды сүю, туған өлкеңнен бастап, тарихынды білу, бір сөзбен айтқанда рухани жаңғыру мәселесін қойды. Бұл жай ғана прагматик болма, Отаныңды еліңді, жеріңді сүйетін патриот-прагматик бол деген сөз.

Қырғын шайқасқа жауынгерлерін қаншама рет бастап кірген Бауыржан Момышұлы соғыстағы ең құдіретті қару танк те, зеңбіректе емес жауынгердің жан азығы дейді. Міне, сол Елбасымыз айтып отырған туған өлкенді тану, тарихыңды тереңдетіп білу, халқымыздың әдебиеті мен өнерін, салт-дәстүрлерін бойыңа сіңіру – нағыз жан азығы. Мұндай жан азығын жинаған жан бөтен идеологиялық ағымдарға бой алдырмайды.Өзінің ұлттық құндылықтарына деген мақтаныш сезімі күшті болады. Ұлттық мақтаныш рух көтереді. Рухы күшті халықтың қандай қиындықта да сағы сынбайды. [2]

Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аты аңызға айналған баһадүр батыр Бауыржан Момышұлы –тау тұлға. Ол кісінің өмір жолы, сұрапыл соғыс жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен көрегендігі – біле білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі. Батыр Бауыржан Момышұлы – алмас қылыштай өткір де қайсар, дана да данышпан, шешен әрі ақын, «сөз қадірін өз қадірі, өз қадірі ел қадірі» деп бағалаған айбынды азамат. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, ғибратқа толы істері, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің көкейінде. Бауыржан Момышұлы – адамгершіліктің, азаматтықтың, патриоттықтың, имандылықтың символы, көркем бейнесі іспетті. Батыр атамыз Бауыржан Момышұлы жеке басы ойшылдығымен, отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, дарындылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі.

Ол тұтас алғанда Нағыз Қазақаса қастерлі, мәртебелі биік тұлғасымен танылған еді.

Туған ұлты үшін ұран салып, ұлт намысын таптатпай, ұлт байрағын құлатпай, айбынды ұстаған Бауыржан атамызды өз халқы шексіз сүйіп мерейін асырды.

Баукеңүйреткен тағлым — Ұлы сенім,  Болашаққа деген сенім еді. Бауыржан үйреткен тағлым — ұлы шындық.

«Жалғандықтың балын жалап өмір сүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық» деп Баукең сияқты орақ тілді, от ауызды жаужүрек азаматтар ғана кесіп айта алады.

Бакеңүйреткен тағлым — өз халқыңды ағынан жарылып, жанындай жақсы көру.

Бауыржан үйреткен тағлым — Ұлт ар — намысына, Ұлт тарихына, ұлт санасына, ұлт мәдениетіне қамқор болу еді.

Көзден кетсе де көңілден кетпеген және ешқашан кетпейтін Момышұлы есімі ерекше қымбат. Шынында да олұлттың бойтұмар азамат болуы бақытына ие болды. Ұлттық асыл қасиеттіңқадірін бағалай алатын, терең түсінетін адам мұны біледі.

Ал, тарихи кесек тұлғалар тұғырында Б.Момышұлы өнегесі сол баға жетпес байлыққа жол сілтейді. Жас ұрпақты жігерлендіреді. Батылдыққа баулиды. Адамдыққа тәрбиелейді. Алаштың аты аңызға айналған аяулы перзенті Б.Момышұлының асыл әруағына тағзым етіп, атын ардақтағанда біздің ойымызға оның елі үшін еткен ең ересен еңбегі, еңқасиетті еңбегі алдымен оралады.

Б.Момышұлы жөнінде көркем дүние де көп жазылды. Мәселен, Баукең хақында көзі тірісінде -ақ жыр жазбаған ақын кемде-кем шығар.

Қазақтың қасиетті топырағы — Жуалы жұрты өз перзентіне тағзым етті.

Бауыржан аға ғибраты санаға сіңіп, көңіл көгіне жетті. Осы уақытқа дейін Бауыржанға таңдану басым да, оның болмысын ашу кем болды. Әрине оныңөзіндік себебі бар еді. Кеңестік империя Момышұлын тек соғыс батыры, Москваны қорғаушы, қолбасшы ретінде ғана көргісі келді.

Алматыдан жасақталған 316-шы атқыштар дивизиясы 1941 жылдың күзі мен қысындағы Кеңестер одағы үшін еңқысылтаяң кезеңде Москваны қорғау шайқастарында орасан зор міндеттер атқарды. Сөйтіп, Қазақстанның, қазақтардың атағын айдай әлемге шығарды. Әсіресе, дивизия командирі, генерал  Панфиловтың айрықша тапсырмаларын орындап батальонмен жау қоршауын бес рет бұзып шыққан аға лейтенант Б.Момышұлыныңұрыс тактикасына енгізген жаңалықтары соғыс мамандарын таңқалдырды.  Ақ теңіз бен  Қара теңіз арасындағы мыңдаған шақырым майдан шебінде одан даңқы асқан батальон командир болған жоқ.

Ол Отан  қорғау  мәселесіне  кең тұрғыда  қарады.   Өзін  Кеңестік  Армияның  командирімін   деп   қана   есептеген   жоқ,   қазақ  халқының перзентімін деп есептеді. Сондықтан да ұрыс алдында тек бұйрық беріп қана  қойған  жоқ  ұлт  тағдыры  туралы  ұлағатты сөздер  айтып, әр жауынгердің отаншылдық сезімін оятты.  Жауынгердің парызын  өтеу үшін ғана қолына қару ұстамай, халқы алдындағы парызын өтеу үшін қолына қалам да ұстады.

Майданда жүрген кезінде тек командир ретінде ғана емес, халқының жоқтаушысына айналды. Оның командирлігін қайраткерлігі биікке көтерді.

Егермемлекеттік қайраткер, қоғамдыққайраткер бар болса, халықтыңқайраткері де бар. Б.Момышұлы — халықтыңқайраткері. Ол соғыста шен мен шекпенді ойлаған жоқ. Халқының ар намысын ойлады. Алдындағы жаумен айқаса жүріп, артындағы елдің тағдырына тебіренді. Алдындағы жауына оқ жолдаса, артындағы халқына сөз жолдады.

Бауыржанның тұңғыш туындысы болған, қазақ әдебиетіндегі шаттығы биік шығармалардың бірі — «Ұшқан ұя».

«Ұшқан ұя» повесі мемуралық жанрдағы шығарма ретінде жазылғанмен, ол проза денгейіне көтерілген ұлттық сипатта жазылған нағыз көркем туынды.

Баукеңнің ұғымында өз ұлтының тәрбиесінен жұрдай адамнан, баршаға бауырмалдық шықпайды, өйткені ол ұлтты  сүюдің не екенін білмейді — дей келіп, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді күшейту үшін, ұлттық тәрбиені қалпына келтіру керектігін атап көрсетеді.

Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» еңбегін ұлттық салт — дәстүрімізді, көркем шығармаға мазмұндап берген этнографиялық еңбек деп айтуға толық негіз бар. Шығармадағы негізгі мәселе -Адам, оның кемелдену жолдары болса, шығарма сюжеті осы адамдардын өзара әңгімелесуі, кеңесуі арқылы дамиды.[4]

Ұлттық тоғылымның түп төркінін шығарманың бас кейіпкері бала Бауыржанның іс — әрекеті, отбасындағы болмысы, өскен ортасына деген қарым — қатынасы арқылы байқаймыз. Шығармадағы әр жолдың айтар ойы айқын: адалдық, мейірімділік, жомарттық, ұстамдылық, ұят — намысшылдық, ел қамын ойлау.

Шығарманың негізіне айналған осы қасиеттерді автор өз кейіпкерлері арқылы көрсетіп отырады. Автор «Ұшқан ұядағы» оқиғаның түп өзегін әже бейнесі арқылы өрбітеді. Туындының өн бойында әже образы тектіліктің, кемеңгерліктің діңгегі ретінде суреттелген. Отбасының ғана емес, ауылдың ақылшысына айналған әже бейнесін автор аса сүйіспеншілікпен бейнелеген. Әуезді әуенімен әлпештеп, әлдилеп айтқан бесік жыры да, қаламгердің жүрегінде сақталған. Жазушы өз өмірінің темірқазығына айналған тәлім — тәрбиенің негізі ертегі мен көне әңгімелерден қалғанын жас ұрпаққа өнеге етеді.[5]

«Ертегісіз өскен бала – рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері, не шешелері ертегі айта бермейді. Содан қорқамын» Меніңқазіргікеліндерімнемелеріне бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әнісің беген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын» — деп қамығуында терең психологиялық астар бар.

Дала философиясында, ер баланы тәрбиелеудеәкеніңрөліерекшеболған. Әкесініңбаласынүлкендісыйлау, сәлем беру дағдысына қалай тәрбиелегені шығармада шынайы көрініс тапқан. Әкесінің бала Бауыржанға шежіре жаттатқызуы да – тамыры терең тәрбие тиегінің ағытылуы.

Бауыржан хаттарының тақырыбы сан салалы: қазақ халқының ұлттық қалпын сақтап қалудың жолдары ұлттық қадір — қасиеттерімізді жас ұрпақтың құрметтеуі ана тіліміздің мәртебесін жоғарылату, ата салты мен ұлттық әдет — ғұрыптарды қастерлеу. туған тарихымызды бұрмалауға жол бермеу және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскери әдебиетінің сапасын арттыру секілді ұлттық қоғамдық сипаттағы өзекті мәселелер көтеріледі.

1942 жылдың ақпанында «Жауынгерлік қасиеттерді тәрбиелеу туралы ойлар» еңбегін жазуға әрекет етеді. Онда: «Мен өзімнің ұрыстағы тәжіриебемнен солдаттын бойында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде, халықтың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы зор екендігіне көзім жетті» — деп жазады, демек, Бауыржанның эпистолярлық шығармаларында жазушылық ұстанымның бастау бұлағы ұлттық көріністе жатқаны анық. Сондықтан, Бауыржан жазған эпситолярлық жанр ретіндегі хаттар легі, замана шындығын, қанды майдан үстіндегі жауынгердің ішкі рухын таныту арқылы жастарды, елін, жерін сүюге деген махаббат сезімін оятуда таптырмайтын өмір оқулығындай әсерде қалдырып отырады.

Қаламгердің ендігі бір шығармасы майдан тақырыбында жазылған көркем туынды — «Қанмен жазылған кітап» шығармасы. Б.Момышұлының соғыс тақырыбындағы шығармашылығына бармас бұрын, оның соғыс туралы түсінігін, сондай — ақ «ет пен сүйектен жаралған» адамдар тағдыры туралы ұғымын анық мәнін ашып алуымыз қажет. Ал, бұған тіреуіш болар шығарма ол «Қанмен жазылған кітап» болмақ. Онда, айтылатын ой — соғыс, оның қасіреті, ондағы адам тағдыры, соғыста жеңіске жетудің айла — тәсілі, жауынгер мен командирдің жандүние иірімдері мен адами қасиет — қабілеттері жайлы тебіреністері болмақ.[8]

Б.Момышұлы: «Соғыста шындықты табу өте қиын, ал оны жинақтау, қорыту, одан да күрделі» — дейді.

Сондықтан да, Б.Момышұлы өз шығармаларында соғыстың шындығын, ақиқатын айтуға адал болды. Адал болумен бірге ол сұрапыл соғыс әкелген қасіретті өз жүрегінен өткізіп, көркем шығармаларында оның зардабын шынайы баяндаған суреткер. Бауыржанның болмысы, әрі пір ғып ұстанған ұраны — Шындық. Сондықтан да оның шығармалары бастан аяқ осы бір тамаша қасиетке -шындыққа құрылған.

Осындай шығармасының бірі — «Мәскеу үшін шайқас кітабы». Ол бас — аяғы төрт бөлімнен тұратын соғыс шындығы қамтылған туынды. Сонымен қатар бұл шығармадағы оқиғаларға қатысы бар адамдар есімдері өзгертілмей, жанды кейіпкер ретінде көрінеді. Бұл образдар олар қатысатын оқиғалардың шынайылығы мен сенімділігін арттырып және жазулының өз шығармасына қажетті тіректі өмір шындығынан алынғанын көреміз.

Б.Момышұлының «Москва үшін шайқас» туындысында, ержүрек батыл кейіпкерлер өмірде шын болатын табиғи қалпында құралған. Аты аңызға айналған ұлт батыры Бауыржанның шығармалары тереңге тартқан ерлік пен өнегеліктің сарқылмас қазынасы іспетті туындылар. Жалпы,соғыстан кейінгі қазақ әдебиетін Бауыржан Момышұлының шығармаларынсыз қарап, бағалау мүмкін емес. Бауыржан орысша жазса да, қазақша жазса да ұлттық өрнектен айырылмаған қазақ жазушысы.[9]

Б.Момышұлы шығармаларының маңызы — оқиғаларды шыншылдықпен бейнелеуінде, сондай — ақ борыш, ар — намыс, сенім, патриотизм сияқты моральдық — этикалық мәселелерді шешуге құралады. Бауыржан өз шығармалары арқылы адам рухының асқақтығын, оның Отанын сүйген патриоттық рухын аша білді.

Қазіргі қоғамның басты міндеттерінің бірі — жастарға  рухани- адамгершілік тәрбие беру болып саналады. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде негізгі мақсат қоғамға пайдалы үлкенге құрмет көрсететін  кішіге қамқор бола білетін жан—жақты  шығармашыл рухани бай жеке тұлғаны қалыптастыру. Елбасының «Болашаққа бағдар:  рухани жаңғыру» мақаласы басшылыққа алынып Жамбыл облыстық оқу -әдістемелік кабинеті ұсынған бағдарлама негізінде 1, 2 курс студенттеріне арналған «Әдеби өлкетану»  және «Тарихи өлкетану » арнайы факультативтік курстары енгізілді. Арнайы курстар білім алушылардың  туған өлкенің табиғи байлықтары , тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейтіп, туған халқының тілі мен әдебиетіне деген танымдық қызықғушылығын арттырып өскен жеріне, өскен өңіріне туған жеріне деген сүйіспеншілікке, Отансүйгіштікке тәрбиелейді. Рухани жаңғыру мен жаңаруда болшақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін, бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында колледжде жастар орталығы ашылды. Сонымен қатар, колледж студенттері арасында рухани жаңғыру идеясына  арналған «Менің мамандығым – менің болашағым » тақырыбында  кәсіптік өнімдер мен макеттер, суреттер, өлең, эссе шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.  Сонымен айта кететені болсам, тарих пәнінін оқытушысымен Құлан, Мерке ауылдарының мұражайларына ортағасырлық Құлан қалашығына археологиялық ескерткіштеріне Ақыртас, Топағаш , Есепші ата секілді ауданның киелі орындарына студенттерінің экскурсияларын ұйымдастырдым.Сәуір, мамыр айларында Қожа  Ахмет Яссауи , Қарахан, Тектұрмас, Айша бибі, Бабаджа Хатун кесенелеріне  оқу озаттарымен белсенді оқушылардың экскурсиялары жоспарланып отыр.  Колледж – ҚР Білім беру модернизациялау бағыттарын сәйкес үздіксіз білім берудің тұрақты жүйесінің негізінде жаңа типтегі заман талабына сай икемделген кәсіптік техникалық білім беру мекемесіне айналып, оны іскен асыруда нақты қадамдар жасадық. Өндірістің негізгі  қозғаушы күші болып табылатын жоғары білікті кәсіби мамандар даярлау мәселесі күннен-күнге алдыңғы қатардан  орын алуда.           Құлан ауылшаруашылығы коллдеджінде «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасын  іске асыруда, оқытушылар Түркия , Германия, Ресей,Белоруссия мен «Кәсіпқор холдингінде » біліктілігін арттырып , жаңа буын оқу бағдарламаларын оқу процесінде енгізуде. Үштілділікті қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың қараша –желтоқсанда айларында колледж педагогтары Ұлыбритания,   Финляндия, Малайзия мемлекеттерінде  ағылшын тілін кәсіптік білімге енгізу бойынша біліктілігін арттырып, тағылымдамадан өтті.

Қанатты сөздер жайдан-жай тумайды және оны айтып қалдыру кім болса соның қолынан келе бермейді. Ол үшін ғұлама, терең ойшыл, үлкен философ, ақынжанды және өз басы күнделікті күйкілжің өмірден жоғары тұратын ірі тұлға болуы керек. Бәукең, міне, сондай адам. Ол кісінің нақылдары сан алуан тақырыпқа арналған: соғыс және бейбіт өмір, тәртіп пен тәрбие, парыз бен қарыз, тіл мен әдебиет, салт пен дәстүр, тағы сол сияқты болып жалғаса береді. «Намысты нанға сатпа», «Ердің туы – намыс». «Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тіке тұрып өлген артық», «Ұшқынсыз от тұтанбас», «Өзін сыйламаған басқаны сыйлауға қабілетсіз», «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды», «Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес» т.б. сөздері жастың да, кәрінің де санасында жатталған ұлағатты сөздер.

Қазақтың сүт бетіндей қаймағы бар,

Өзіндік парасатты байламы бар

Баукеңнің ерліктері өз алдына

Елге айтқан әр сөзінің айғағы бар

Батыр, батыл, кемеңгер, кемел бабам,

Болмайдыешқашан да төмен бағаң

Талайжыл, талайғасыр өтсе – дағы

Ерлігіңді ұмытпас келер қоғам.

Баукеңнің даңқы, рухы өзіне керек емес, ол бізге, ұлтымызға, келер ұрпағымызға керек. Баукеңнің даңқымен, рухымен, дана өсиет сөздерімен тәрбиеленген ұрпақ осал ұрпақ болмайтыны айдан анық.

Маңдайдағы наркескеннің өзісің

Ерлігіңмен, өрлігіңмен ірісің,

Халқыңменен біргесің сен, жаната

Ұмытылмайды өнегелі ұлы ісің

Қорыта айтқанда, Бауыржандай алыбымызды ардақтай білейік, ұлтымызға ұран болған ұлы тұлғамызды ұлықтай білейік. Тек қана қара дүрсін сөзбен емес, Бәукеңнің атын дәріптейтін игі істермен, тиянақты тірліктер мен дәлелдеуге тырысайық.

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

  1. Назарбаев Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы
  2. Әлімжан Е. Прагматиз мен патриотизм. — Ақжол// 07қазан, 2017ж
  3. Баялиев «Рух күші Б.Момышұлы» Ақ жол // 26 тамыз, 2000ж.
  4. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» (жинақ) Алматы «Рауан» 1994ж.
  5. «Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіндегі мақал — мәтелдердің  тәрбиелік мәні.» Ұлт тағлымы. // № 1   2003 жыл
  6. Момышұлы Б. «Ұяда не көрсең» Алматы «Жалын» 1988 ж
  7. Момышұлы Б. Шығармалар жинағы 1, 2 т Алматы «Мектеп» 2001 ж
  8. Мырзахметов М. «Қанмен жазылған кітап: Соғыс психолгиясы, Майданнан жазылған хаттар, әңгімелер, мақал-мәтелдер» Қазақстан 1991 ж
  9. Кәтімхан М. «Москва үшін шайқас: Роман/ Б.Момышұлы» Алматы: Өнер 2008ж
ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.