Білім берудің сарқылмас қорын жаңғырту: жағдайы мен болашағы

Махашева Жазира Бековна

Болатбаева Балауса Тоқтарқызы

 

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», — деп аталғанда         мемлекетіміз қашан да білім мен тәрбие беру мәселесіне ерекше маңыз беріп келеді. Елбасымыз белгілеген «100 нақты қадам» бағдарламасы. Аталған Ұлт жоспарының әрбір жолының мазмұнында «Біздің ел, біздің ұлт, біздің болашақ» атты жасампаз бағдар айқын көрініс тапқан.

Осыған орай 2010 жылдың 22 қыркүйегінде  «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының шықты. Бағдарламаның мақсаты  экономиканың тұрақты дамуы үшін баршаға арналған сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру,  білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру; білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету, педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту; балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен толық қамтылуын, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың әр түрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене жағынан және рухани дамыған азаматын қалыптастыру,  қоғамның және экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес ТжКБ жүйесін жаңғырту.

Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Оған мамандарды қайта оқыту, интерактивті білім беру, түрлі технологиялық тәсілдер арқылы оқуға деген қолжетімділікті арттыру сынды мысалдарды айтуға болады. Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру мекемелерін оңтайландыру; екіншісі, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; соңғысы, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Осы үш бағыт бойынша жұмыс жасау Елбасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа Жолдауында да, ұзақмерзімді стратегияда да қамтылған. Білім беру мекемелерін оңтайландыру бағыты бойынша мемлекеттік бағдарлама негізінде жасалып жатқан шаралар аз емес. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының есебі бойынша мемлекеттің жеткен жетістіктері мынадай көрсеткіштерге ие:

  • мектепке дейінгі ұйымдарда 84 796 педагогикалық кадрлар жұмыс істейді, оның ішінде жоғары және кәсіптік техникалық білімі бар педагогтердің саны 82 276.
  • 82 276 жоғары және кәсіптік техникалық білімі бар педагогтердің 30 804-інің немесе 37,4%-ның «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша жоғары және кәсіптік білімі бар.
  • 2017 жылы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінің мектепке дейінгі білім беру саласына бизнесті тарту бойынша жүргізген белсенді жұмыстың нәтижесінде 849 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 717 жеке меншік және 64 МЖӘ есебінен. Бұл орын тапшылығын 64.4 мыңға азайтуға мүмкіндік берді.
  • Мектепке дейінгі біліммен қамтудың ең жоғары көрсеткіші Павлодар (100%), Қызылорда (100%), Батыс Қазақстан (99,7%), Қостанай (99,6%), Шығыс Қазақстан (98,4%), Қарағанды (98%) облыстарында. Республикалық көрсеткіштен төмен Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында және Астана Алматы қалаларында.
  • 2016 жылғы 1 қаңтарда 69 апаттық жағдайдағы мектеп жұмыс істейді. Сондай-ақ, 2016 жылы тағы қосымша анықталған апаттық жағдайдағы мектептердің саны 24 бірлікті құрады. 2015-2016 жылдары апаттық жағдайдағы мектептердің орнына 56 мектеп қорлданысқа берілді. Нәтижесінде  проблемалық мектептердің саны 93-тен 37 бірлікке азайды.
  • 7047 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беру мектептерінің 3873-і инклюзивті білім беруге жағдай жасаған
  • 2016 жылғы 1 қаңтарда сабақтарды үш ауысымда жүргізетін 87 мектеп жұмыс істеді. 2016 жылы қосымша анықталған үш ауысымда білім беретін мектептердің саны 66 бірлікті құрады. 2016 жылы сабақтарды үш ауысымда жүргізетін  мектептерді жою үшін 47 мектеп салынған.    Сондықтан, 2016 жылғы жалпы мектептердің санынан  үшауысымдық оқытуды жүзеге асыратын мектептердің үлесі 1,1%-ды құрады, жоспар бойынша- 1,4 % (2015-2016 оқу жылында – 7100).   Индикаторға қол жеткізілмеудің себебі, демографиялық өсім мен халықтың көші-қон белсенділігінің артуы болып табылады.
  • 2016 жылы Қазақстан алғаш рет PIRLS қатысты. Зерттеуде Қазақстан атынан 172 білім беру ұйымдарының 4 944 қазақстандық оқушылардың қатысты. Бұдан басқа анкеталық сауалнамаға 4-ші сынып оқушыларының ата-аналары және мектеп директорлары қатысты. Қазақстандық оқушылардың орташа баллы 536 балл болды. Бұл Қазақстанға 27-ші орынды иеленуге мүмкіндік берді.  Бұл көрсеткішті оқушылардың Германия (537) мен Словакия Республикасындағы (535) құрдастарымен салыстыруға болады.  PIRLS-2016 зерттеулер қорытындысы ІЕА Халықаралық Қауымдастығымен 2017 жылдың желтоқсанында ресми түрде жарияланатын болады. PIRLS–2016-ға қатысушы елдердің энциклопедиясы Қазақстандағы бастауыш білім беруді жетілдіруде пайдаланылатын болады.
  • 2016 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) қорытындысы бойынша, білім алушылардың қорытынды нәтижелері бойынша білім сапасының орта білім ұйымдары арасындағы арақатынасының көрсеткіші 61,4 балды құрайды (мах. – 116,77 балл, мin. – 55,34 балл).
  • PISA-2015-ке барлығы 72 елдің 500 мыңнан астам 15 жасар білім алушы қатысты. Қазақстанды 16 өңірдің 5780 15 жасар оқушылары мен студенттері қатысты (189 мектеп және 27 колледж). PISA-2012-мен салыстырғанда халықаралық тестке қатысушы қазақстандық оқушылар зерттеудің барлық бағыттары бойынша қарқынды өсім көрсетті. Математика бойынша өсім 28 балды және жаратылыстану бойынша 31 балды көрсетті.  Математикалық және жаратылыстану біліктілігінің даму тренді жоғары деңгейде сақталды. 2012 жылы өсім 2009 жылмен салыстырғанда тиісінше 27 және 25 балды құрады.
  • Техникалық және кәсіптік білімберу ұйымдарында оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан түлектерінің саны 40 672 адамды немесе жұмысқа орналасқан ТжКБ түлектерінің жалпы санынан (64 607 адам) 63%-ды құрады.
  • Техникалық, технологиялық және ауылшаруашылық бейіндер бойынша дуальдік оқытуды енгізген колледждер саны – 382 бірлік немесе жалпы техникалық, технологиялық және ауылшаруашылық колледждер (562 бірл.) санының 68% құрайды. Осы бағытқа 25 540 студентті қамтыған 2 333 кәсіпорын 10 басым сала, 78 мамандық және 144 біліктілік бойынша қатысады.
  • 2017 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерге 94,8 мың адам қабылданды, оның 42,6 мың адамы жұмысшы біліктіліктері бойынша. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде қабылданғандардың жалпы санынан жұмысшы мамандығы бойынша қабылданған студенттердің үлесі 45% болды.
  • 2017 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сертификаттау орталықтардың реестіріне кірген сертификаттау орталықтарында ТжКБ ұйымдардының 715 түлегі сертификаттаудан өтті. Жалпы ТжКБ түлектердің саңынан тәуелсіз сертификаттаудан өткен ТжКБ оқу орындардың түлектердің үлесі 0,5% құрайды.
  • Жалпы, бакалавриат пен магистратура мамандықтарын 2016 жылы 143 241 адам бітірді, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 41 680 адам. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып, жұмысқа орналасқандар – 35 332 адам немесе 85%.
  • 37 азаматтық ЖОО-да Назарбаев Университетінің тәжірибесі енгізілуде. Үлесі азаматтық ЖОО-лардың жалпы санынан (115 бірл.) 32%-ды құрайды.
  • 2017 жылы Quacquarelli Symonds (QS) консалтингтік компаниясы жариялайтын QS WUR әлемнің үздік университеттерінің рейтингісіне 8 қазақстандық жоғары оқу орны кірді: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Топ-300» кірді – 236 орын;  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 2016 жылмен салыстырғанда 9 орынға жылжып «Топ-400» кірді – 336  орын; К.Сатпаев атындағы ҚазҰИТУ– «Топ 411-420»; Абай атындағы ҚазҰП  2016 жылмен салыстырғанда 50 орынға көтеріліп «Топ 491-500» кірді; М. Әуэзов атындағы ОҚМУ өз көрсеткішін 100 орынға жақсартып «Топ 501-550» кірді; КБТУ – «Топ 651-700»; Абылай хан атындағы ҚазХҚжХТУ «Топ 801-1000» кірді.

Қазіргі таңда білім берудің жаңғырту мәселесі бойынша мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2017 жылдан «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» жобасының іске асырылуда.  Жобаны жүзеге асыру мақсатында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен ТжКБ кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі арттырылды.

Қазіргі уақытта Бағдарлама бойынша 21,3 мың адам, соның ішінде 9-сынып негізінде — 15463 адам, 11-сынып негізінде — 5,838 адам оқуын бастады. Министрлік «Атамекен» ҚР кәсіпкерлерінің ұлттық палатасымен  және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру бойынша жұмыстар жүргізеді. Осылайша, бірлескен жұмыстар аясында оқушылардың кәсіпорындарға экскурсиялары және басқа да тақырыптық іс-шаралар іске асырылып жатыр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2017-2018 оқу жылына бірқатар ұйымдастыру іс-шараларын қамтитын кешенді жұмыстар жүргізілді. (көрмелер, оқу орындары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға экскурсялар, кәсіптік шеберлік сайыстары, ашық есік күндері, әлеуметтік серіктестерді тарту арқылы мектеп түлектерімен және олардың ата-аналарымен кездесулер). Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау үшін коллледждер мен мектептер арасында ынтымақтастық жүзеге асырылады. Мәселен, мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына техникалық шығармашылық көрмелерін өткізу және колледждерге экскурсялар жасалады.  Оқу орындары жайлы мамандықтар тізімінен тұратын ақпараттық буклетер шығарылады және мектептер арасында таратылады. Жыл сайын мамыр айында ТжКБ барлық оқу орындарында мектеп түлектеріне Ашық есік күндері өткізіледі.  ТжКБ жастарды қамтуын арттыру мақсатында және жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру үшін жыл сайын WorldSkills Kazakhstan өңірлік және Ұлттық чемпионаты өткізіледі. Бұл кәсіптік шеберлік сайысы ТжКБ мамандықтарын кеңінен танымал етуге бағытталған.

Бүгінгі таңда жоғары оқу орындары оқу процесіне жұмыс берушілерді тарту бойынша белсенді жұмыстар атқаруда. Өндірістегі мамандар білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, сабақтарды өткізуге, бітіру жұмыстарына жетекшілік етуге, мемлекеттік аттестация жүргізуге тартылады.  Жоғары білімге қол жеткізу үшін:

  • ҰБТ мен КТ қайталап тапсыру және оқытудың бірінші академиялық кезеңінің аяқталуын дейінгі оқуға алыну енгізілді
  • ТжКБ бітірушілері үшін КТ-ның форматы өзгертілді;
  • Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жоспар бекітілді;
  • жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс 10 мыңға арттырылды (2017-2018 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс мынадай: 38 983 орын бакалавриатқа, 10046 орын магистратураға және 1279 орын докторантураға).

Келешекте жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту жоспарлануда. Оның мақсаты Назарбаев Университетінің озық тәжірибесін жоғары білім беру жүйесіне тарату болып табылады.

Соңғы жылдары шетелге білім алуға кетіп жатқан мектеп пен колледждерді бітірушілердің аны артуда. Олар жоғары оқу орындарына емтихансыз қабылданады (мысалы, Ресей Федерациясы).  Мектеп пен колледж түлектерінің жоғары білім алу үшін басқа елдерге кетуінің алдын-алу мақсатында 2016 жылы ҰБТ мен КТ қайталап тапсыру нормасы енгізілді.  ТжКБ түлектері үшін комплексті тестілеудің жаңа форматы енгізілді.

2017 жылы шетелдік жоғары оқу орындарынан бірінші курстан кейін ауысып келетін студенттер үшін кешенді тестілеу алынып тасталды, 2018 жылдан бастап – шетелдік жоғары оқу орындарынан бірінші семестрдан кейін ауысып келушілер үшін.

Елбасы Н. Назарбаев «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында: «Біріншіден, орта білім беру жүйесінде директорлар корпусының сапасын жақсарту жөнінде шаралар атқару қажет. Екіншіден, мемлекеттік білім беру үлгі-қалыптарының жеке мектептерде, колледждер мен ЖОО-ларда, соның ішінде халықаралық ЖОО-ларда да сақталуына бақылауды жолға қою қажет. Үшіншіден, ЖОО-ларды оңтайландыру үдерісін жүргізу маңызды. Қазақстанда 146 жоғары оқу орны бар. Олардың талайы маман тәрбиелеп шығарудың қажетті сапасын қамтамасыз ете алмайды» — делінген. Демек, елдегі білім беру саласы үлкен өзгерістер қарсаңында тұр.

Қабылданып жатқан шаралар қазақстандағы білім берудің сарқылмас қорын жаңғырту  және жоғары білімге деге қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
  2. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» бағдарламасы
  3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы 2010 жылдың 22 қыркүйек «
  4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
  5. http://edu.gov.kz/ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты
ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.