Дуалды оқыту жүйесі

Сулейменова Айнаш Берикбаевна

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» болуды  мұрат еткен «Қазақстан-2050 »  Стратегиясы  маңызының зор екенін атап айтқан болатын. Сол себепті шаруашылықтың қайсы бір  саласын таңдаған  әрбір мамандық иелері кәсіби тұрғыдан өздерін жан-жақты дамытып, озық технологиямен және заманауи техника тілдерін еркін жеткізе алады. Соның бір белгісі-дуальды  оқыту жүйесі болып табылады. Қазіргі уақытта бұл жүйе жылдам дамып келеді.

Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – осы заманғы еңбек  нарығындағы бәсекеге қабілетті маман дайындау. Кәсіпорын мен оқу орындары бірлесіп білікті мамандар даярлауды қолға алды. Алматы сән және дизайн колледжі бес жылдан бері бұл жүйені ұтымды пайдаланып келеді. Мұны колледждің атқарған жұмыстарынан көре аламыз.  ТОО « Каз СПО-N» бірлестігімен  бірігіп. «Тігін өндірісі және киімді  үлгілеу» мамандықтары бойынша біршама жұмыстар қарқынды  жүріп  жатыр. Өндіріс орнымен үш жақты келсімшарт  жасалған . Оқу бағдарламалары  өндіріс орнымен келісіліп бекітілген . Т-17-12,П-17-11 топтарының 50 студенттері « Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандықта арасында оқып жатқан білім алушылар дуалды жүйеге дән риза. Кәсіпорында  іс-тәжірибеден  өтіп жатқан студенттерге өндіріс орнында барлық жағдай жасалған , жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген . Сонымен  қатар  әр студенттер  өздеріне  кәсіпорын берген жұмыстарын тиянақты орындап, болашақта  кез келген кәсіпорындардағы жұмыстарды игере  алатыны анық  . Себебі дуалды жүйе бойынша білім алған әрбір жас маман біліктілік пен еңбек дағдыларын біріктіріп, кәсіби білімге ие болып, нарықтағы еңбек сұранысын арттырады. Т-17-12 топтың студенті  Мәскеубай Нұрзаттың айтуы бойынша, дуалды жүйемен оқыту  бәсекеге қаблетті маман дайындауда ең ұтымды жол. Біріншіден, мамандыққа деген қызығушылықты арттырады. Екіншіден, өндірісте болған әрбір студент өздерінің білімі мен ынтасын ұштастыратынын жеткізді. Бұл барлық іс-тәжірибеден өтіп жүрген студенттерінің  ойы. Тоқсан ауыз сөздің түйінін тобықтай-келе Дуалды оқыту жүйесі арқылы білімді, өз мамандықтарының қыр-сырларын жетік меңгерген, болашақта өндіріске қажетті мамандар шығады деп ойлаймын.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.