Дуалдық жүйеде оқытудың маңызы

Аубакирова Жанаркул Бердықожақызы

 

1-3 курс студенттеріне арналған

 

Елімізде жұмыссыздық мәселесін шешуде және де жастардың кәсіби білімін арттыруда көптеген шараларды қолданып, оны іске асыруда, қайткен күнде де жастар сапалы кәсіби білім алып қана қоймай сол алған білімімен жұмыс тауып, тұрақтап жұмыс істеп кеткендері өздері үшін де, еліміз үшін де ең маңызды мәселе .Алғашқы президентіміз Н.Ә.Назарбаев кезінде жастардың кәсіби білімін қолға алып, дамытудың маңызды екенін баса айтып дуалды кәсіби білім беруді жолға қойған еді.Міне бірнеше жыл сол жүйелеген жұмыспен істегендер енді соның жемісін жеуде, біздің колледжде соның ішінде .Алматы сән және дизайн колледжі дуалдық жүйеде «Тігінші» мамандығына даярлап оқытып жатыр, мен сол алғашқы бастаған жылдар кезінде, сол салада өндіріс шебері болып қызмет атқарып жүріп, жас мамандарды кәсіби білім беру саласында «Тігінші»мамандығына үйретіп жүрмін, менің алғашқы тобым  дуалды жүйеде білім алды, әрине сәл еретерек кезде бағдарламалар сәйкес келмей, өндіріс орындары дайын болмай, шеберлермен ұстаздардың дуалдық жүйеде білімі толық болмай, біраз қиналған кезіміз болы.Бірақ «Көш жүре түзеледі» демекші қазір дуалды жүйемен оқыту саласы аяғынан тік тұрып, жас мамандарға кәсіби тұрғыда жақсы білім беріп жатырмыз деп толығымен айта аламыз.

Қазіргі таңда Алматы қаласының ірі тігін өндірісті компанияларымен тығыз байланыстамыз, бірігіп  ТОО «Казспо-N », ТОО «Казлегпром » кәсіп орындарымен бірнеше жыл жұмыс жасап, келісім шартқа отырып, кәсіби практикаларды сол жұмыс орындарында дуалды жүйе де өткізіп жатқан жайымыз бар.

Дуалдық жүйемен оқытудың артықшылығын сырттай емес, өзіміздің күнделікті тәжірбиеміз арқылы біртіндеп түзетіп, жақсы деңгейге жеткізіп келеміз деп қуанышпен, мақтана отырып айта аламын, әрине ол үшін көп іздендік, өндіріс орындарымен «дөңгелек стөл » барысында кездесіп, пікір таласып, қайтсек екі жақтап кәсіби білімді арттыруға болатындығын шештік.Өндіріс орнына интелектуалды  білімді, жаңа ортаға бейімделген дайын маман оларға ауадай қажет ал бізге өз түлектерімізді жұмысқа орналастыру кезінде қиындық тумай, өз мамандығымен жұмыс тауып кеткендігі маңызды мәселе болды.

Кәсіптік оқыту кезінде қиындықтар тумас үшін өзіміз де білімімізді жоғарлатып, сол өндіріс орнында тәжірбиелер жинап, сол жердің жабдықтарымен танысып, жұмыс жасап, меңгеріп отыруды мақсат етіп қойып, квалификациялық білімімізді ұлғайтып отыру міндет екенін түсініп, әрдайым алдын ала кәсіби дайындықтан өтіп келеміз.

Дуалды жүйе де оқытудың сапасын арттыру үшін әрине проблемаларды  екі жақты шешу, яғни бірлесіп бағдарламалар жасау, өндіріс орнында қандай бағытта жұмыс жасаса, бағдарламаны да сол бағытпен жасау тиімді екендігін білдік, өндірісте өтетін  сабақ кестесін  келісіп жасау, жабдықтану  мен мататану пәндерін сол кәсіп орынның жұмыс жасау саласымен байланыстыру, арнайы технология пәндерін де, сол өндірісте тігілетін бұйымдардың өңделу технологиясымен байланыстыра отырып жасау біздерге тиімді екенін түсініп, солай жасадық. Бұл дегеніміз біздің түлектерімізге деген сұраныстың арттыру, және де дуалдық жүйенің сапасын жоғарлатты.Оқу барысында студенттермен кәсірорын басшыларымен жәнеде колледж басшыларымен жиі бас қосып туындаған мәселелерді бірігіп отырып шешіледі.

Қазіргі таңда кәсіпорын мен білім біру орынның ортасына көпір болып отырған «Атамекен» орталығы, көп мәселерге ауыздық болып көмектеседі және де екі жақты бақылауда ұстап отырады.Туындаған мәселелерді сол «Атамекен» арқылы, үш жақты келісе отырып шешіп жатырмыз.Бұндай ортақ кездесулер  көптеген қиыншылдықтар мен кемшіліктердің алдын алып, дер кезінде шешімін табуға  көмегі тиеді.

Қазіргі кезде ең туындап отырған мәселе жастардың жұмыс орнында тұрақтап қалуы. Біз жылдар бойы ізденіп,  екі жақты  мәселелерді шешкенімен соңында жас мамандар өз мамандықтары бойынша  тұрақтамай кетіп қалуы, әрине бұл жеңіл өнеркәсіптегі соның ішіндегі тігін өнеркәсіптің арзан бағалануы, жас маман аз мөлшерде еңбек ақысын алуы, тұрақты тұратын жерлері болмауы т.б сол сияқты жастардың өзекті мәселелері әрине кедергісін туғызып отырады.Жұмыссыздық мәселесін шешу үшін өндірістік орнына жас түлектерді жұмысқа орналастыру кезінде әліде шешілмей тұрған жағдайлар бар .

Сонымен сөзімді қорыта келе дуалды жүйе бойынша  оқыту жеңіл өнеркәсіпке тиімділігін іс жүзінде дәлелдеп келген өз ойым Қазақстан жас мамандарға кәсіби білім беру дұрыс бағытта келе жатыр деп ойлаймын.Өз үлесімді еліме пайдамды тигізіп жүргенімді ойласам, осы «Ұстаз» деген мамандықтың қиындығын ұмытып, әр уақытта қайтсем жастарға көмегім тиер деген ой келеді. Жастар біздің болашағымыз екендігі әрдайым есімізден шығармай, дұрыс бағыт беру біздің міндетіміз деп ойлаймын.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.