Кәсіптік ағылшын тілін игертуде тиімді әдістерді, бағалауды пайдалану

Майтанова Венера Хиясовна

 

   «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз — білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын білім алушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға, алған теориялық білімін өмірде қолдана білуге бағыттау қажет» деді  Н.Ә. Назарбаев.

 

Студентті кәсіптік ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір оқытушыға жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Кәсіптік ағылшын тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, студенттердің ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру. Кәсіптік ағылшын тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Кәсіптік ағылшын тілін оқытудағы білімділік мақсаты – кәсіптк ағылшын тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым — қатынасты нығайтуға ұмтылу үйрету.

Әр сабағымда студенттерді алдымен сол сабақтың формативті бағалау критериймен таныстырамын.

Формативті бағалау:

  • Күнделікті тәжірибеде қолданылады(сабақ сайын, күнбе күн);
  • Алға басуды қамтамасыз ететін кері байланыс;
  • Студентке де, оқытушыға ға қолайлы бағалау формасы;
  • Оқытушыға топтың үлгірімін қадағалауға көмектеседі;
  • Формативті бағалау қалыптастырушы, ынталандырушы функцияларды атқарады

Формативті бағалаудың шарттары

  • Студенттердің оқу мақсатын білуі мен түсінуі
  • Студенттермен тиімді керібайланыс
  • Өздерінің тану үрдісіне белсенді қатысуы
  • Студенттердің бағалау өлшемдерін білуі мен түсінуі
  • Студенттенрдің өз жұмыстарын талдай алуы және талдау мүмкіндіктің болуы (рефлексия)
  • Бағалау қортындылардың негізінде оқыту амалдарын түзету

Студенттер жоғарғы оқу орнында оқуды жалғастыру мүмкін, сол үшін мен өзімнің сабағымда, кредиттік технологияда пайдаланатын ұпаймен бағалау саясатын жиі пайдаланамын. Әр тапсырмасының өзінің ұпайы бар.

  1. Homework – 3 points
  2. Reading – 3 points
  3. Work with words – 1 point
  4. Complete the sentences – 1 point
  5. Translate the sentence – 2 points
  6. Running dictation – 3 points
  7. Do the test – 5 points

Осы сабақтың бағалау критерийі төменгідей болады:    Барлығы 18ұпай

15-18 points – “5” ,  11-14 points – “4” , 5- 10 points – “3”

Студенттер үй жұмысын жұмыс дәптерінде орындап келеді, оны міндетті түрде тексеру және бағалау  қажет. Сол бағасын сабақта алған бағасымен қосып орта  баға шығарылады.                           

Ақпараттық технологиялармен қатар, өз сабағымда интербелсенді оқытуды пайдалана отырып,  әр түрлі әдіс-тәсілін  қолданамын. Тиімді әдістерді қолдану арқылы ұстаз қойған мақсаттарына жетеді деп ойлаймын. Студенттер оқытушымен өзара қарым-қатынастарын көтереді , әрі өздерінің қабілеттерін тексеруге мүмкіндік тудырады, сонымен қатар ұйымдастыру қабілеттерін арта отырып сабақ кезінде пәнге қызығушылығын оятады.

Осы сабағымда студенттердің зейіңің сабаққа аудару үшін Кластер әдісін пайдаланамын. Кластер ағылшын тілінен аударғанда шоғырлардыру, шоғыр және жинақталу деген мағына береді. Оқу қызметінде кластер дегеніміз материалдың ұйымдастырылуындағы графикалық әдіс.

Кластер – ойланудың бір сарынды емес формасы. Оқу материалының кластерге бөлінуі ойды ынталандыру, яғни тақырыптың тереңірек талданғанына дейін қолданылады немесе қорытындылауда қолданылуы мүмкін.

Жұмыстың негізгі кезеңі — кластерді оқу, түйінді сөздер арасындағы байланысты тауып, сызық арқылы байланыстыру.

Кластер — оқудағы зерттеуді іске асырудың әдістерінің бірі.  Кластер — зерттеу материалының графикалық рәсімделуі.

Кәсіптік ағылшын тілін игертуде тиімді әдістерді, бағалауды пайдалану

Жаңа сөздермен таныстырғанда мен көрнекілікті әдістерді қолданамын.

1 The queen bee- пчелиная матка- аналық ара

2 The drone  — трутень

3 The worker bee — рабочая пчела- жұмыс арасы

Кәсіптік ағылшын тілін игертуде тиімді әдістерді, бағалауды пайдалану

  1. 3 simple eyes (ocelli) – три простых глаза — үш қарапайым көз, 2 antenna – усик — мұртша, 3 pollen basket- корзиночка для пыльцы — тозаң себеті,  4 hind legs – задние ноги — артқы аяқтары, 5 wing- крыло- Қанат, 6 abdomen- брюшко — іш, 7 sting- жало, 8 compound eye- сложный глаз —  күрделі көз, 9 thorax- торакс, грудная клетка — кеуде қуысы, 10 double claw-раздвоенная лапка-  қос аяқтары

Студенттердің алған білімдерін бекіту үшін мен сабақта жаттығу әдісті пайдаланамын. Жаттығу-ол оқыту әдісі, жоспарда ұйымдастырылған бірнеше рет қайталанатын іс-әрекет, білікпен дағдыны игеруде және олардың сапасын көтеру мақсатында орындалады.

Ауызша жаттығулар, тіл мәдениетін дамытуда және логикалық ойлауда, студенттердің танымдық жағдайларында кеңінен қолданылады. Ауызша жаттығулар оқу мәдениеті техникасын игеруде. Ауызша  әңгімелеуде, білімді логикалық түрде мазмұндау. Ауызша жаттығулар тіл, әсіресе шет тілдерін игертуде үлкен роль атқарады.

Сөйлемдерді толықтыру тапсырмасы мәтінмен байланысты. Сол үшін студенттер мәтінді қайтадан оқиды және сөйлемде жіберілген сөздерді тауып жазады, оқиды және екі тілге аударады.

1 …. means management of colonies of bees for the production of  … .  2 …  are likely to kill and weaken thousands of …  each year.  3 … itself turns out to be free from …   4 Other problems facing beekeepers include parasitic …, bacterial, fungal, and viral …  5 … is a successfully developing … of agriculture in many countries

Сөйлемдерді ағылшын тіліне аудару кезінде студенттер бір бірімен жұмыс жасайды, ізденеді. Әр жұпқа бір сөйлем беріледі. Олар тақтаға шығып онын аудармасын ағылшын тілінде жазады, оқиды, орыс тіліне ауызша аударады.

1 Ара аналығы, жұмыс ара және трутен бір біріне ұқсас болса да, олар бір-бірінен мөлшері жағынан ерекшеленеді. —   Although the Queen bee, the working bee, and the drone are similar, they are vary different in size. — Хотя пчелиная матка, рабочая пчела и трутень похожи, они сильно отличаются друг от друга по размеру.

Ағылшын тілінде жазу дағдысын қалыптастыру үшін мен «Running dictation» әдісін қолданамын. Жұптық жұмыс. Барлығына бір мәтін беріледі. Бірнеше парақта жазылған мәтін қабырғаларда ілінеді. Бір студент орнында қалады, ал екіншісі мәтіннің сөйлемін оқып, келеді және айтады. Бірінші студент сөйлемді жазады. Кім бірінші бітіреді және сауатты жазады, сол жұп женеді.

Running dictation

The colony usually consists of the queen bee, the worker bees and male bees, or drones.  Unlike the worker bee, the queen bee is a fertilized female capable of laying a thousand or more eggs per day. Like any worker bee the queen bee has a sting but it is a venomous sting. The number of the worker bees known as sexually undeveloped females may vary from a few to 60000 bees. It is quite likely that there may be few drones in the colony, but sometimes there may live as many as 1000 drones.

Colonies are kept in hives where honeybees built the nest. Groups of hives are called apiaries, and a beekeeper may also be called an apiarist or apiculturist.

One should know that two species of blood- sucking parasitic mites are currently affecting both wild bees and honeybees worldwide.

       Студенттердің сабақта алған білімдерін анықта үшін мен сабақ сайын құрамдас тестті пайдаланамын. Тест екі нұсқауда, он сұрақтан тұрады. Тестті орындау үшін студенттерге 8- 10 минут беріледі. Тесттің бағалауы беріледі. Студенттер кілті пайдаланып бір бірін тексеріп, бағалайды.

Сабақтың сонында студенттер ұпайларын санап өз бағаларын шығарады және өз ойларымен бөліседі.

I learned /understood…

I was very good at …    .

It was difficult for me …

Американдық профессор Эдвард де Боно ойлаудың алты қалпағы  әдісі

  • Бақылау жұмысы нақты, түсінікті, уақтылы, тақырыпқа сай
  • Студентті оқытуда үрдістің қалай жүріп жатқанын көрсетеді
  • Оқытушының жетістіктері мен кемшіліктері
  • Оқытушымен студент арасында және студентпен студент арасында өзара сыйластық пен жақсы қарым қатынас
  • Бақылау жұмысының нәтижесі студенттердің ой бағытын өзгертуге, қатесін түзеуге, дұрыс жауап беруге уақыт бөлінеді
  • Дұрыс құрастырылған сабақ түрі жетістікке әкеледі, студент нақты бағасын алады. Келешекте сабақты түрлендіру жаңаша әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану, іздену  студентті

әділ бағалау студенттің  оқуға ынтасын арттырады

Білім ордасы студенттерге тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге студенттердің білімін бағалау, студенттерді алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады.

Бағалау нәтижесінде студенттер уәж, өздеріне деген сенімділік, көшбасшылық қабілеттері көрініп, ең бастысы әділ білім көрсеткіші байқалғанына көзіміз  жетеді.

Ал  студенттің оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады.

Студенттің бойында қалыптасуға тиiстi дағды мен шеберлiк мемлекеттiк стандарт талабына сәйкес болу үшiн , оқу – бiлiм үрдiсiнде қиындықтарды жоюға бағытталған жүйелi жұмыс жүргiзу арқылы бiлiм сапасын арттыруға болады

 

Падаланған әдебиеттер:

  1. «Внедрение методов критериального оценивания в процесс обучения организаций технического и профессионального образования», руководство для тренера, Центр профессионального образования НАО «Холдинг «Кәсіпқор», 2018 г.
  2. Т. Жанысбаева «Формативті бағалау» https://znanio.ru/media/formativt_baalau
  3. «Дарынды балаларды сабақта оқытудың әдістері.» https://infourok.ru/
ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.