Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі

Атеева Бакытжан Батаевна

 

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы  білім сапасын арттыруға бағытталған түбегейлі өзгерістерді көздейді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) – педагогтердің құзыреттіліктерін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру қажет.

Бүгінгі таңда жаңа ақпараттық технологиялар әр түрлі салада кең қолданыс тауып отыр. Адамға қандай да бір ақпарат алу үшін ғаламтор желісіне қосылса жеткілікті. Ақпараттық технологияларды балалардың өзі белсенді түрде қолдана біледі. Оқушы күн сайын ғаламтордан, бұқаралық ақпарат құралдарынан, жарнамалардан, электронды желі түрлерінен қаншама ақпарат алады. Олар компьютерді еркін қолдана алады. Сондықтан  мұғалім де бүгінгі заман талабына сай оқыту барысында АКТ қолдана білуі тиіс.

Мемлекеттік білім стандарты қазіргі мектеп оқушыларына жоғары талап қояды. Қазіргі білім беру үрдісі қысқа уақыт ішінде мектеп оқушысының білім және білік дағдыларына,  көлемді ақпараттарды қысқа уақыт ішінде меңгеруін талап етеді.  Осы жоғары сұранысты дәстүрлі әдістер мен дәстүрлі технологиялар арқылы қанағаттандыру мүмкін емес. Қызмет түрінің неғұрлым ұтымды түрлерін іздену барысында білім беру жүйесін модернизациялауды талап ететін, қазіргі қоғамда болып жатқан белсенді өзгерістер әсерінен мұғалім педагогикалық технологияларға немесе олардың жекелеген эленменттеріне жүгінеді. Жаңа педагогикалық технологиялар арасында сабақтың мақсатына дәлдікпен жауап береді деп мына бағыттарды атауға болады: ынтымақтастықта оқыту; жобалау әдісі; оқытудағы жеке және дифференцалды бағыт; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Қоғам мүшелерінің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру Қазақстанның әлемдік ақпараттық кеңістікке енуінің негізі болып табылады. Қоғам мен өндірістің қазіргі дамуын ақпараттық-комуникативтік технологияларсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан әрбір білімді адам компьтерді меңгеруі тиіс.

Ақпараттық мәдениет негіздері мектептен бастау алатыны сөзсіз, сондықтан әрбір жаңашыл мұғалім сабақта ақапарттық коммуникативтік технологияларды пайдалана білуі қажет.

Қазіргі кезде ақпараттық технологияларды тиімді қолдана білудің оқыту әдісіне, түріне, мазмұнына ықпалы айқын, сондықтан ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолдану тиімді. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында АКТ құралдарын пайдаланудағы басты мақсат – мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңалықтарды қолданудағы ізденісі (бұл ізденістердің түпкі мақсаты шәкірттердің қазақ тіліне деген зейінін аударып, ынталандыру) мен сабақты техникалық құралдармен жабдықтау.  Ал оқушылар жаңалықтарды қабылдауға, заман ағымына қарай икемделуге дайын. Компьютер мен телекоммуникация жабдықтары білім алумен қатар, ойын ойнау, демалу, саналы сауығу үшін қажетті де қалыпты жағдайға айналып отыр.

Қазіргі мұғалімнің  ақпаратты іздеу,  саралау, сақтау, жинақтау, жүйелеу, өңдеу жұмыстарын қамтамасыз ететін  бағдарламалық, техникалық құрал-жабдықтар бар, сонымен қатар компьютерлік желілердің ақпараттық ресурстарында жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылған.

Мұғалім қазіргі заманда маңызды біліктіліктің бірі болып саналатын әр түрлі ақпарат түрлерін пайдалану үшін оқыту құралы мен оқушы арасындағы кері байланысты шұғыл қамтамасыз етуге бағытталған мектеп оқушыларын   дифференциалды оқытуды көздейді.

Қазіргі мектептерде компьютерлік техниканы сабақ барысында, сыныптан тыс шараларды, тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қолдану үшін барлық жағдайлар жасалған.

АКТ құралдарын оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде пайдалануға болады: жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, бақылау. Бағдарламалар мен оқулықтар, сөздіктер, анықтамалар, энциклопедиялар, хрестоматиялар, интерактивтік жабдықтар және т.б. мұғалімнің ғана емес, оқушының да сабаққа дайындығы барысында пайдаланатын ақпарат көздері. Мультимедия мүмкіндіктері  сабақтарды тартымды, мазмұнды, есте сақтауға жеңіл болуына ықпал етеді.

Интерактивті тақтаны қолдану кең мүмкіндіктерге жол ашады. Проблемалық, иллюстративті-түсіндіру, ізденіс  оқыту әдістері сәтті іске асырылады. Оқу материалын қабылдау белсенділігі  артады, пәнге деген қызығушылық байқалады, сабақтың тартымды сәттері берілген материалды  толық меңгертіп, ол жөнінде түсінігін арттырады.  Құрастырған материалдарды өзгерту, қайталап  қолдану, сақтау мүмкіндігі мұғалімнің жұмысындағы таптырмайтын көмек.

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде қолданылған көрнекі материал оқушының берілген ақпаратты толығымен есте сақтауына  көмектеседі. Сабақтың бұл кезеңінде қолданылатын ақпараттық көрнекіліктер:

  • жаңа тақырыпты түсіндіруге арналған слайд-презентация, бейнебаян;
  • бейнефильмдер;
  • анимациялы, әуенді презентациялар;
  • флипчарттар;
  • E-learnіng жүйесіндегі сандық білім ресурстары;
  • интернет ресрурстары;
  • электронды оқулықтар;

Сабақты бекіту және үй тапсырмасын  тексеру кезеңінде мынадай жұмыс түрлерін қолдануға болады:

  • оқушының өзі құрастырған презентация бойынша үй тапсырмасын айтуы;
  • оқушының өзін – өзі, сондай-ақ бірін-бірі тексеруі үшін соңында жұмысты бағалау критерийлері көрсетілген тест-презентация;
  • тапсырма мен жауап нұсқалары берілген анимациялы тест-презентация (анимация арқылы дұрыс жауап белгіленеді немесе дұрыс емес жауап алынып тасталады);
  • тапсырма мен жауап нұсқалары берілген гиперссылкасы бар тест-презентация (гиперссылканың көмегімен жауаптың дұрыстығы туралы ақпараты бар слайдқа өтіп, дұрыс таңдау жасалған болса, келесі сұрақ ұсынылады, егер жауап дұрыс болмаса, алдыңғы сұраққа қайтып келеді);
  • Excel, Word бағдарламаларында құрастырылған тест, карточка, сөзжұмбақ, өздік жұмысы, бақылау жұмысы;

Ақпараттық коммуникативтік технологияны қолданудың тиімділігі:

  • сабақтағы уақыт тиімді пайдаланылады;
  • тақырып толық қамтылады;
  • оқушылармен кері байланыс орнатып, тақырыпты меңгеру нәтижесі анықталады;
  • сыныптағы оқушылардың барлығының білімін бір уақытта тексеріп, олардың әр сабаққа деген ынтасын арттыруға болады;
  • оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады;
  • оқушы өз білімін бағалап, қатесін таба алады;
  • оқушы өзі тапсырма (тест, сөзжұмбақ), презентация құрастыра алады;
  • ынтасы төмен оқушылармен жұмыс жасалады (сабақ барысында қамтылмаған оқушы қалмайды);
  • көрнекі бейне, анимация, әуен оқушылардың зейінін арттырады.

Оқыту үдерісіндегі ақпараттық технологиялар оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытуға септігін тигізіп, танымдық белсенділікті арттырады, шығармашылыққа жетелейді, талдау, жүйелеу қабілеттерін дамытып, жеке немесе топтық жоба жазу барысында алған білімдерін қолдануға, сондай-ақ қарам-қатынас мәдениеті, бірлесіп атқарған қызметте әр түрлі әлеуметтік рөлдерді орындау дағдыларын қалыптастырады.  Жаңа ақапарттық технологияны меңгерген оқушы өздігінен ізденеді, қажетті ақпаратты өңдеп, талдай алады, талқыға салып, тарата алады. Осының бәрі өмірде кездесетін жағымсыз жағдайларды жеңе білу дағдылары мен жетістікке жету үшін қажетті факторлар. Ақпараттық технологиялар оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Бағдарлама материалдарын меңгеру және оларды жеткізу түрлерінің әр түрлі формаларын қарастырады. Білім беру, дамыту және тәрбие потенциалын қамтиды.  Жаңа технологияларды қолдану бәсекеге қабілетті азаматтарды дайындау барысында мектеп алдында тұрған қазіргі талаптарға жауап беруге мүмкіндік береді. Білім беру технологиялары, оның ішінде ақпаратты-информациялық технологиялар мектеп түлектерінің болашақта өмірге  бейімделу негіздерін қалыптастырады.

Мұғалім (білім беруші) мен оқушы (білім алушы) арасындағы оқу қарым-қатынасын ұйымдастыру моделі де өзгереді. Ақпараттандыру жағдайында мынадай болады:

  • сыныптық сабақ моделі
  • топтық жобалау моделі
  • жеке қызмет моделі.

Белгілі бір тілде сөйлеуге үйрену үшін сөздік қор болуы шарт. Орыс мектебінде оқитын оқушыларға қазақ тілін үйретуде лексикалық материалды меңгертудің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол, біріншіден, жаңа сөздің мағынасын түсіндіруде жүргізілетін жұмыстың ерекшелігі, екіншіден, оны оқушының үйреншікті сөздік қорына енгізу үшін қолданылатын жұмыс түрлерінің ерекшеліктері.

Сонымен, оқу үдерісінде АКТ-ны пайдалану оқытудың басты міндеттерінің бірі – сабақтың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдана білу —  жаңашылдықтың, ізденімпаздықтың кепілі.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.2011-2020 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.

2.А.К.Калеченко, Педагогикалық технологиялар знциклоаедиясы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.