Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың инновациялық бағыты

Қуанышқалиева Айжан Кенжешовна

 

ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке  дейінгі тәрбие мен оқыту стандартында мектепке дейінгі ұйымдарда зияткерлік,тұлғалық,әлеуметтік  және  эмоционалдық дамуымен  тұлға қалыптастыру басты міндет болып берілуде.

Жалпы мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу мен оқыту процесінде  педагогикалық білімі бар тәрбиешілер қатысады,десек те осы педагогтарға бағыт беріп,жаңашыл әдістерді таныстырып,білім  сапасын арттыруда  әдіскердің  алатын орны зор.

Әрбір ұжым,тіпті әр педагог  педагогикалық процесте инновациялық,яғни  жаңашыл идея  беруге құқылы.Ал,әдіскер жаңа идеяларды  іздестіріп,жүзеге асыратын  бірден-бір құзыретті тұлға.

Республикамызда білім беруді дамыту қазіргі кезде  оқытудың дәстүрлі түрінен инновациялық үрдістерге ауысатын  өтпелі кезеңінде   және «инновация»  ұғымы  соңғы жылдардың ішінде  білім беру мекемелерінің   жаңалықтарды жасауы,меңгеруі,қолдануы және таратуға байланысты бір бхөлек қызметі тұрғысынан түсіндіріледі.

Қазақстанның  бүгінгі білім беру жүйесінде жаңа инновациялық бағытты игерген ,нақты тәжірибелік іс-әрекетте  өзіндік даңғыл жол салуға  икемді,шығармашыл ,зерттеуші педагогтар аса қажет, Осы сипаттағы педагогтың ең алдымен инновация туралы түсінігі  болуы қажет.

Қазіргі педагогикада инновация –білім беру,тәрбиелеу жұмысына  жаңалықты енгізу,яғни жаңа әдіс-тәсілдерді  амалдарды,құралдарды ,жаңа тұжырымдарды жасап,оларды қолдану ретінде анықталады.

«Инновация»  термині ағылшын тілінің   «innovation» сөзінен шыққан , аударғанда «жаңалық,жаңашылдықты енгізу» деген мағынада қолданады:инновация  құрал  мен  процесс ретінде қандай да бір жаңалық ендіру жұмыстарын көздейді.

Жаңалық бұл дәл құрал (жаңа әдіс-тәсіл,әдістеме,технология,оқу бағдарламасы), ал инновация  осы құралдарды меңгеру үрдісі.

Инновацияны  жете түсініп,инновациялық әдіс-тәсілдерді балабақша өміріне кеңінен   енгізу жеткіншек ұрпақтың  саналы да,сапалы білім алуының  бірден-бір шарты болып табылады.

Инновацияны ұйымдастыру барысында  алға қойылған міндерттердің  жүйелі және бірізді  болуы маңызды.Оң нәтиже алу үшінкелесі шарттарды ұстанған жөн.

Біріншісі-инновацияны енгізуге деген мотивациялық жағдай,яғни жаңа іс-әрекетті  қабылдауға,әрі қарай меңгеруге деген себеп-салдардың туындауы.Жаңашылдықтың негізгі кілтіинновацияның  педагогтың қызығушылығымен үйлесімділігі болып табылады.Ең  алдымен  «нновация  қажет пе?» деген пікір арқылы нақты ұсыныс қабылдауға болады.Инновациялық іс-әрекет жоспарын  қарастыра отырып,әр педагог нақты мәселені  шешу,оның  жалпы нәтижесі  үшін жауапкершлікті  сезінуі тиіс.

Екінші-инновациялық   іс-әрекетке  дайындық-бұл құзыреттілікті  қалыптастыру деген  сөз. Осы құзыреттілік    ақпаратты қабылдау,жеткізу  және оны шынайы бағалаудан тұрады.

Әдіскердің әдістемелік жұмысының сипаты.

Әдістемелік жұмыстың мақсаты  ұтымды әдіс-тәсілдерді игеру,балаларды тәрбиелеу,оқыту мен дамыту,білім  бееру үрдісін ұйымдастыруда педагогтардың  әдістемелік  дайындығын көтеру,тәжірибе алмасу,педгогикалық озық тәжірибені насихаттау.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үрдісін нәтижелі ұйымдастыру  басты міндеттердің бір,ал жалпы педагогикалық қызмет  әдістемелік жұмыспен тікелей байланысты.

Әдістемелік жұмыстың өз алдына   нақтыланған формалары,әдіс-тәсілдері  бар.

Әдістемелік жұмыстың  формаларына  тоқталар болсақ,ол жүйелі және эпизодтық,топтық  және жеке  деп жітеледі.

Барлық   әдістемелік  жұмыс  формасы педагог  қызметкерлердің  кәсіби  дайындық  деңгейін,теориялық білімін,тәжірибесін,еңбек тілін,санатын ескере отырып ұйымдастырылады.

Ьіздің  алдымыздағы  мәселе  балабақшадағы  дәстүрлі  әдістемелік жұмысты инноваиялық бағытта жаңарту,педагог мамандардың,тәрибешілердің  педагогикалық  кәсіби  құзыреттілігін  жетілдіру.

 

Әдістемелік жұмыстың  топтық формалары

Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың инновациялық бағыты

және т.б. қарастыруға болады.

Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың инновациялық бағыты

жұмыстары көзделеді.

Әдістемелік  жұмыстың бағыттары бір-бірімен тығыз байланысты және педагогтардың теориялық деңгейін,біліктілігін,кәсіби шеберлігін   арттыруға ықпал етеді.

Педагогикалық процесс тәрбиешінің келесі бағыттаушы рөлін  қарастырады:

1.Ғылым мен практиканың сабақтастығы.

2.Педагогикалық процесті болжау,жобалау және құруды.

3.Педагогикалық қызмет нәтижесінің  обьективті диагностикасын жүзеге асыруды көздейді.

Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың инновациялық бағыты.

Жалпы мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық білімі бар педагогтар жұмыс жасайтыны баршаға мәлім,бірақ осы мамандарға жаңашыл әдістерді таныстырумен қатар,оны тәрбие мен білім беруде сапалы қолдануды талап етіп,қадағалау осы жұмыстың нағыз шебері әрине әдіскер болуы керек.

Әдіскер алдына лауазымдық  міндет алып танысқаннан кейін,жұмыс бастамасының алғашқы күндерінен бастап алдына нақты жоспар құра білуі керек.Өз тәжірибемде әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың қыр-сырын,әдіс-тәсілдерін түсініп,бағытын алға қою болды.Бұл бағыттың жолы тек ізденіс пен шығармашылықты және тынымсыз еңбекті талап етеді.

Балабақшадағы әдістемелік жұмыстар   кімдермен жүзеге асады десек,олар педагогтар, тәрбиешілер,балалар және ата-аналар.

Жоғары да айтылған басты тұлғалардың бір-бірімен тығыз байланыстылы-

ғының арқасында балабақшадағы әдістемелік жұмыстар          өз деңгейінде алға жүреді,яғни әдістемелік жұмыс   бағыты дұрыс қойылған жағдайда жас ұрпақ  тәрбиесі жан-жақты бола алады.

Балабақшада әдістемелік жұмыстардың   мазмұнын,формасын,тәсілін,

құрылымын жаңарту үрдісі тәрбие мен білім беру жүйесінде құрылған мақсат-міндеттерге сай алынады.Әдістемелік жұмыстар     жұмыстар жүйесінде педагогтардың кәсіби шеберлігі,өзін-өзі дамытуға

Мектепке дейінгі ұйымдағы әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың инновациялық бағыты

дайынндығы,шығармашылықтары бірдей деңгейді құрамайды.Осы орайда педагогтарды үш деңгейде қарастырамын:

Төмендегі деңгейдегі педагогтармен жүргізілетін  әдістемелік жұмыстар: педагогикалық қызметке оң көзқарас қалыптастыру,теориялық таным-білім бағытында болады.

Орта деңгейдегі педагогтармен жүргізілетін  әдістемелік жұмыстың негізгі бағыты-қарым-қатынас жасау,диалог,педагогикалық техниканы қолдану,өз дербестік сипатын тану.

Жоғарғы  деңгейдегі педагогтармен жүргізілетін  әдістемелік жұмыстар  олардың педагогикалық қызметіндегі шығармашылық құнды бағыттарды ынталандыру,дербестік әдістемелік жүйе жасауға бағдарлау мақсаттарын көздейді.

Жобаның міндетін негізге ала отырып,инновациялық бағытта  «мультимедия»  мен «интерактивті тақта» қолданыс тауып келеді.Жаңалыққа қадам басқан дәуірде педагогтар өз алдына,балаларында  замануй  құралдарды  қолдануға деген қызығушылығы басым.

Балабақшадағы әдістемелік бөлменің мақсаты:

Тәрбиеші педагогтарды қолдау үшін ақпараттық  әдістемелік базаны құру,олардың кәсіби біліктілігін және шығармашылығын дамыту,

педагогикалық шеберлігін көтеру үшін жағдайлар жасау.

Әдістің мақсаты:

Оның дербес және кәсіби іс-әрекетіндегі  ең жоғарғы  деңгейдегі жеке нәтижесін көтеру.

Коучингтің  негізгі   процедурасы-диалог,тиімді сұрақтар қою және мқият жауаптарды тыңдау.Осы диалог кезінде  педагогтың  әлеуетін  толық ашуға болады,оның  мотивациясы  жоғарылайды және  ол  өз  бетімен   өзіне   маңызды  шешімдерге келеді.

Коучинг-кеңесті  педагогтарды аттестацияға дайындау барысында  өткізген  өте  тиімді екендігін атап  өткім келеді.

Мастер класс  немесе шеберлік сыныбын ұйымдастыру  бүгінгі  жаңашыл  жұмыстардың бірі.Бұл білім беру  жүйесіндегі  педагогтардың  біліктілігін  арттыратын  маңызды шаралардың бірі.

Әдіскер  әдістемелік жұмыс    барысында  арнайы таңдаған  тақырыппен  анықталған  білімді  кеңейтуге және тереңдетуге арналған   кәсіби тыңдаушылардың   практикалық  жұмыстарын таныстыра алады.

Шеберлік сыныбы-педагог жұмысының  әідсін және тәсілін  ,жүйелі іс-әрекеттің  көрсеткішін және  тікелей педагогикалық   іс-тәжірибені  ашық көрсететін амал.

Шеберлік сыныптың мақсаты:Шеберлік сыныпты өткізуде  педагогтың тәжірибелі,шығармашылық жұмысының нәтижесін алатын,шеберлік сыныбы қатысушыларға «инновациялық  өнімдер» табыс ететін,өте сирек   тәжірибені  педагог  жүзеге  асуы болып табылады.

Шеберлік сыныбының  негізгі міндеті:

-кәсіби қатынасу үшін жағдай  құру;

-педагогтың шығармашылық әлеуетін  ынталандыру және өзара іске асыру;

-қатысушылардың кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру;

-озық педагогикалық тәжірибені тарату;

-оқыту және тәрбиелеудің  жаңа  технологиясын енгізу;

Шеберлік сыныбын  мынандай  әдіспен  өткізуге болады: педагогтармен  балалардың қатысуынсыз,топтағы  балалармен,жеке балалармен.

Қорыту.

Балабақшадағы  әдістемелік жұмыстар  тәрбиеші-педагогтардың шығармашылық, әдістемелік,  зерттеушілік қасиеттерін   дамытуға зор әсерін тигізетіні сөзсіз.Ұжымдағы тәрбиеші-педагогтардың білім сапасының жақсаруы, оқу-білім беретін ұжымның дамуы, оның ішіндегі тәрбиешілердің білім сапасының көлеміне байланысты.

Жоғарыда  аталған  жұмыстарды  түйіндей келе,мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің  әдістемелік  жұмысы  жаңаша  көзқарас,тың ізденіс,қажырлы еңбек арқылы  ұйымдастырылса ғана өз  нәтижесін   береді.

Тәжірибе  өз алдына дамиды,өзгереді,жаңаша бетбұрыстар  орын алады.Инновациялық  әдіс-тәсілдерді іздестіріп,тәжірибеге енгізу арқылы оның  тиімділігін айқындауға  болады.Инновациялық  тәжірибе-заман талабы.Заман талабына сай болу-біздің міндетіміз.

Жаңа заман, жаңа көзқарас әр ғасырға тән нәрсе, жаңа  нәрсені зерттеп, ұждағатты түрде айқындап алға қарай даму үстінде жұмыс істеуді жалғастыра беретініміз сөзсіз.

Сөз соңымда айтарым,  осылайша әр-түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, бүлдіршіндерге сапалы тәрбие бере отырып, жан-жақты дамыған жеке  тұлға тәрбиелеу- әрбір педагогтың міндеті.Әр тәрбиешінің педагогикалық әдісін шыңдау, олардың алысқа самғап ұшуына қолын ұшын беру, шығармашылық қабілетімен білімін, іскерлігін арттыру, тәжірибесін шыңдау, үздік мамандармен біздер, яғни әдіскерлерге байланысты.

Сөзімді

Таңдаған кәсібіме сенімдімін,

Тәрбиелеп өсіремін өмір гүлін.

Мамандарым білікті жан боларына

Сөз берем анасындай сенімдімін-

Дей келе, бар өмірімді жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісіне арнап келемін. Нәтижесінде, жан-жақты дамыған, білікті, білімді маманды дайындауда үздіксіз еңбек етемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Айтмамбетова.Б.Р. «Оқыту процесін ұйымдастыру» Алматы-1999 жыл2.«Бала мен балабақша» журналы 2010 – 2014 жылдар

3.Ф.Н.Жұмабекова. «Мектепке дейінгі педагогика» Астана-2012ж

4.Жұмағұлова.Қ.Шәріпбаева.Г. «Мектеп жасына дейінгі тәрбие теориясы және әдістемесі» Астана-2007 жыл

5.Интернет материалдары

6.«Мектепке дейінгі тәрбие» журналы 2008-2014  оқу жылдары

7.Н.Ю.Честнова «Настольная книга воспитателя детского  сада» 2005 года

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.