Эссе: Мен заманауи өндірістік оқыту шеберімін

Габдуллина Набира Шакеновна

 

Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған — өндірістік оқыту шебері  болу –уақыт талабы. «Мұғалімдер-қоғамның еңбілімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», — деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсізелімізге білікті маман, өз  ісінің шебері  қажет. Өндірістік оқыту шебері, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, білімгерлерді жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр білімгердің дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасауы керек.«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»,-деп,ұлы Абай Құнанбаев айтқандай ұстаздық атаққа азапты еңбек,шынайы шеберлік,шыдамдылық арқылы ғана қол жеткізуге болады. Өндірістік оқыту шебері  де дихан сияқты.Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді.Әр шәкіртін аялап өсіріп,өмір атты шексіз ғаламға қанатын қатайтып маман  дайындап  ұшырады.

Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз де орынды айтылған. Ұстаздық мамандықты бала күнімнен қалап, арманымыз алдамай қазіргі таңда  осы қиындығы мол маман иесі атанып, білім саласында  қызмет атқарып жатырмын. Осы жетістігіміздің бәрі маған да кезінде білім беріп, оқытып, тәрбиелеп жеткізген ұстаздарымның арқасы. Әрине, әр бала өзінше бір тұлға екенін ескерсек  білім беріп, тәрбиелеп жатқан білімгерлерімізбен мақтана аламыз.  Ұстаз қызметінің нәтижесі білім берген  оқушылдары десек, әр түрлі  байқауларда нәтиже көрсетіп жатқан білімгерлерімізбен мақтана аламыз.

Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, дарындылығын танытып өндіріспен ұштастыра білі   жақсы  өндірістік оқыту шеберінің міндеті.

Қазіргі заман  өндірістік шеберлеріне жүктелер аманат, сенімін ешқандай заңғар биікпен салыстыруға келмейтін өлшем. Менің санамда «Мен ХХІ ғасыр – жаңа заман педагогімін», «Мен жас шыбықты тіктеп, діңгегін берік етіп өсіретін бағбанымын» деген үлкен леп белгісі әрдайым жатталып қалған. Осы леп белгіні жауапкершілікті ұстану үшін маған үлкен сауаттылық, біліктілік, ізденімпаздылық, тәжірибе алмасу, іскерлік, шығармашылық керек.

Заманауи өндірістік шебері  әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, білімгерлермен қарым – қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде білімгерлерге үлгі болуы керек.Жүйелі жоспар, нәтижелі сабақ, шығармашыл — ізденімпаз ұстаз ұйымдастырған жұмыстың нәтижесінде шығармашыл тұлға жаңалыққа бейім болып, қазіргі әлеуметтік сұранысқа сай, өздігінен ғылыми ізденістер мен зерттеулер жасайтын, өзін- өзі дамытатын, белсенді әркетке түсе білетін, тез шешім қабылдайтын, жүйелі түрде өзіне – өзі баға беріп, мәдениетті, эрудициясы жоғары, эстетикалық талғамы бар білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылығы басым, шығармашылықпен өзін үздіксіз дамытып отыратын шәкірттер қалыптастырудамыз.

Жақсы өндірістік оқыту шебері  әрқашан шәкірт жүрегінде құрметке лайық тұлға болып қала береді.  Оқу өндірістік шеберлерінің  еңбегі зор. Әр білімгердің  жан дүниесін нұрландырып жүрегіне шапағат нұрын төгіп  теориялық білімін өндіріспен ұштастырып, маман болуға жетелейді. Жақсы маманнан  өнеге,білім алып өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады.

Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

«Ұстаз» деген аяулы,асыл жанды,

Жақсы көрем,арнаймын жақсы өлең!

—  деп ақын Мәриям Хакімжанова жырлағандай әрдайым ұстаздық құрметке ие болып жүрейік.Ұстаз атына кір келтірмей, ұлы есімнің сенімінен шыға білейік.Ұстаз деген ұлағатты атқа лайық болайық.Шәкірттен терең білімділікті, ұстанымдылықты, еңбекқорлықты, мәдениеттілікті талап ету үшін өндірістік оқыту шеберлері  біздің өзімізде сол қасиеттер үлгісі жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сонда ғана өмір талабынан артта қалмаған, үнемі шығармашылық іздену үстіндегі  өндірістік оқыту шебері  шәкірттердің сеніміне ие болып, сый-құрметіне бөленбек.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.