Мониторинг – мемлекеттік тілді оқыту сапасын арттырудың бір жолы

Мыржиков Қуандық Төлепбекович

 

Мемлекеттің тілі Ата заңымыздың  сияқты көп негізінің бірі де бірегейі болып табылады. Тілсіз халық болмайды. Халықсыз тіл болмайды. Ал біз, қазақстандықтар, мемлекеттік тілді біліп, меңгеруіміз керек. Тек тілді терең біліп, дамытқанда ғана біз тәуелсіз, егеменді Қазақстан Республикасы болып дами аламыз.

Қазіргі қоғамда өз бетінше білім жинай алатын, өз бетінше мақсат қойып, оны шеше алатын, өз бетінше өмір сүре алатын, өзгелермен бірге өмір сүруге дайындығы бар адамдардың жаңа типі қалыптасып келеді. Осы орайда тыңдаушылардың білім сапасын жаңаша қалыптастыру міндеті туындап отыр. Бұрынғы дәстүрлік оқыту тыңдаушылардың оқып- үйренуінде мақсаттарын толық қанағаттандыра алмайды. Осы себепте ұстаздардың алдағы мақсат – оқыту үрдісін жаңа талаптарға сай жетілдіру тұрды.

Соңғы жылдары қоғамдық өмірдің барлық саласында болып жатқан түбірлі өзгерістер халық жүйесінде де ұшан –теңіз жаңалық әкелуде. Солардың бірі- мониторинг әдістерін енгізілуі. Тосынан келген тың тәсілді тосықырай қабылдасақ та, мониторингтің

Маңызды екеніне көзіміз жетті.

Біріншіден мониторинг орталықтың жұмысын жан-жақты зерттеп білуге,

Келешегін болжауға, тиянақты жоспар жасауға нақтылы мүмкіндіктер береді.

Екіншіден тыңдаушылардың ниетіне баға беруде де мониторингтің зерттеу әдісі шындықты дәл көрсетіп, әділ бағалайды.

Үшіншіден мониторингтік әдістертер тыңдаушылардың зерттеу қабілетін арттырып, оларды өз еңбегінің түпкі нәтижесіне, жұмыс сапасына көңіл бөлуге бейімдейді.

Мониторинг әдістің тиімділігіне көңіл бөле, биылғы қыркүйек айынан тың-

даушылардың арасында сауалнамалық жұмыстар өтуіздік.

Сауалнама

  1. Сіз қазақ тіл сабағына не үшін келдіңіз?
  2. Мемлекеттік тіл қай халықтың тілі?
  3. Мемелекеттік тіл не үшін қажет?
  4. Мемлекеттік тіл заңы қай жылы шықты?
  5. Тілді үйрену сіз үшін қиын ба?
  6. Аптасына неше мәрте сабаққа келесің?
  7. Сабақ сізге қызықты ма?
  8. Сізбен бірге кімдер оқиды?
  9. Олардың көмегі барма?
  10. Тағы не білгіңіз келеді?
  11. Сіздердің мекемеде қазақ тілі сабағы бұрын болды ма?
  12. Қазақ тілі бөлмесі қайда орналасқан?
  13. Сізге сабақ кестесі қолайлы ма?
  14. «Тілге құрмет –елге құрмет» нақылын қалай түсінесіз?
  15. Қанша тілді білесіз?
  16. Сабақ беретін ұстаздар сізге ұнайма?
  17. Сіздің айтар тілегіңіз?
  18. Қазақ тілі үйрену үшін гне қөажет деп ойлайсыз?
  19.  Сіздің ойыңызша, неге әлі күнге дейін қазақша білмейміз?
  20. Қазақша қанша сөз үйренсеңіз сөйлей аламын дейсіз?
  21. Қазіргі кезде жаңа технология сабақтарда қолдана ма?
  22. Тағы қандай ұсыныстарыңыз бар?

 

Бұл әдісті енгізуде баспасөзден материалдар жинап, әр түрлі мониторингке үздік үлгілерді пайдаландық. Оқыту кезінде зерттеуді қажет ететін мәселелер өте көп. Оның бәрін жүйелеп, меңгеріп толық қамту үшін тыңдаушылар арасында зерттеу жұмысы арнаулы жоспармен жүргізілді. Оқу басталар алдында білім деңгейін тексеру мақсатында  тестік жұмыс өткізілді.

Мысалы: зерттеудің тақырыбы бойынша топ ұжымының қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында тестік, бақылау жұмыстарын және алдында көріп өткендегідей сауалнамалар өткіздік. Әр мұғалім өзінің сабағын биік талап деңгейінде өткіземін десе, ең алдымен, алдындағы тыңдаушысын терең тануы қажет. Осы өткізілген тест, бақылау, сауалнама қорытындысы, алынған мәліметтер сараланып қвай бағытта жұмыс жасаймыз деген? Сұрақ туындады. Тыңдаушылар қабілеттеріне қарай жеке топқа бөлінді. Әрине, ендігі кезекте жеке тыңдаушыны зерттеу мақсаты туындады. Өткізілген сауалнамаларды сараптай келе тыңдаушының дамытуды қажет ететін қасиеттері шықты. Соның нәтижесінде қай тыңдаушымен  қандай жұмыс  істеу керек екені  айқындалды. Тыңдаушылардың жеке ерекшеліктерің жан-жақты зерттеу нәеижесін анықтағфн соң жеке жұмыс шараларын белгілеуге болады Зерттеу салаларының бір негізі сабақтың оқытылу деңгейін айқындау. Буған біз мұғалімнің кәсіптіқ , қатысқан сабақтарға талдау жасадық , тыңдаушылардан сауалнама алынып,сараптама жүргізілді.

Ал мониторингтің мұғалімге тиімділігі неде?

Ол мұғалім үшін :

  • әр құбылысқа өзіңдік талдау жасай білуге
  • өзіне — өзі сын көзбен қарауға
  • өтілу тақырыбын мақсатты айқындауға
  • тыңдаушы қабілетін зерттеу арқылы сабақ әдістері мен түрлерін іскерлікпен таңдауға
  • озат тәжірибені орынды пайдалану арқылы кәсіптік шеберлігін шыңдауға көмек береді.

Зерттеу тақырыптары, әдістері, мақсаттары

Зерттеу салалары Зерттеу мақсаты Зерттеу обьектісі Зерттеу әдістері
Топты зерттеу Топ ұжымының қалыптасу деңгейін анықтау Топтар Тест, сауалнама, бақылау
  Қай бағыттағы жұмыстарды жетілдірген жөн? Алынған  мәліметтер Саралау
  Қабілеттеріне қарай топқа бөлу Жеке топ Тестік  сынақ, бақылау
Жек тыңдаушыны зерттеу Тыңдаушының дамытуды қажет ететін қасиеттері Тыңдаушы Сауалнама, сараптама
Сабақтың оқылу деңгейін анықтау Мұғалімнің кәсіптік деңгейі Мұғалімдер Сабаққа қатысу, сауалнама , тест
  Сабақтардың оқытылу деңгейі Сабақ үрдісі,мұғалім Сабаққа талдау,тыңдаушының білімін анықтау
    Жинақтық материалдар Талдау , сараптама

Мұнда белгіленген шаралар әр түрлі тақырып,сала бойынша тармақталып кете береді,бұл-ұшан-теңіз жұмыс.Біздін орталықта 70 тыңдаушы,3 мұғалім бар.Әр топтағы тыңдаушылар зерттеуі табиғи қабілеттеріне қарай  топталды,оқу үлгерімі ,оның себептері,не істеу керек екендігі жазылды.Аралық бақылау қорытындысының нәтижесі қойылып, жинақтау картасын жасадық.

Топпен жұмыс жоспары бір жылға жасалады. Жоспарда жүргізілетін жұмыстар, оған жауапты адамдардың аты- жөні, зерттеу мақсаты, обьектісі, әдісі және орындалуы(%) қаралады.Алдарыңызда тест қорытындылары бойынша тыңдаушылардың білім деңгейі жоғарылады.

 

Мониторинг бойынша слайд көрсетіледі.

Келешекте мониторингтің жұмыстарының аумағын кеңейту, халық арасында социологиялық зерттеулер жүргізу мәселелерін қамтымақпыз.

Мониторингтік зерттеу жұмыстары көп еңбектеніп, үздіксіз ізденулді қажет етеді. Тыңдаушылармен істелген жұмыс қорытындысы сызба карталарда, гистограммаларда, диаграммаларда, сызбанұсқаларда,  әсем де тартымды әзірленді. Мониторингтік бүгінгі нәтижесі – ертеңгі істелетін жұмысқа негіз, сондықтан мұны басқа зерттеу әдістері сияқтыүздіксіз үрдіс деп санай отырып, Жүсіпбек Аймауытұлының «Шәкірттерге дерексіз жақсы сөздерді, үгіт – насихатты көп сөйлей бермей, оның орнына ойынғ сезімін,амалын қатар өркендетуүшін өткен ережеңді іске асыруға талпын. Уағыз, насихат, құрғақ сһөз тыңдаушыны тез қажытады» деген тұжырымдарын еске ала отырып, қазақ тілі мемлекеттік тіл, оны қазақ елінде тұратын әрбір азамат білуі тиіс деген құрғақ уызды айта бергеннен гөрі, бірлесіп мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін, оны үйретудің нақты жолдарын іздестірейік дегім келеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.