Ойынның бала тәрбиесіндегі орны

Алькежанова Гульмира Айтмырзаевна

 

Мектепке дейінгі білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылған басты мақсат – баланың жас ерекшелігіне қарай бабалар тарихын негізге ала отырып, ұлттық  тәрбиені, салт – дәстүрді бойына сіңіріп, жеке тұлға ретінде жан – жақты қалыптасуына ықпал ету.

Ойын — өсіп келе жатқан бала ағзасы үшін өте қажет. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады, ұстамдылығы, іскерлігі дамиды.

Ойын – балалар үшін күрделі әрекет.  Дене тәрбиесі немесе спорт сабақтарында балаларға ойынның бағытын бере отырып, оның әділ және дұрыс өтуін қадағалаған жөн. Өйткені, мұның балаларға салауатты өмір салтын қалыптастыруда тәрбиелік маңызы зор.

Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең. Бұл кезде баланың ақыл – ой қабілеті, қасиеттері және эстетикалық сезімдері қызықты, мазмұнды сабақ, еңбек, ойын процесінде жан – жақты қалыптасады. Ойын – тәрбие берудегі ең тиімді тәсілдердің бірі.

«Балабақшада тәрбие беру бағдарламасында» баланың денесі мен психикалық жетілуі, жеке басының дамуы үшін ойынның үлкен маңызы бар.

Бала ойын арқылы күш – жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысында үйрене бастайды, яғни болашақ ұрпақтың тәрбие жолы тәлімдік ойыннан басталады.

Балалар қиялдау арқылы ойдан түрлі ойын шығарады. Ойын арқылы балалардың шығармашылық ой – қиялы, елестету қабілеті шарықтайды. Ойын – тәрбие құралы. Ойынның арқасында жан – жағын қоршаған орта балаға қостаушы болып табылады.

Ойын – тәрбиенің пәрменді құралдарының бірі. Ойын процесінде балалардың жағымды мінез – құлық белгілері, адалдық мақсатқа жетуге талпынушылық, көпшілік мүддесімен санасушылық сияқты қасиеттер қалыптасады. Сондықтан іс – тәжірибеде балалардың дене қимылдарының (ептілік, шапшаңдылық, төзімділік) жетілуін, кеңістікті білуін дамытатын жарыс элеметтері бар спорттық ойындар, мазмұны алуан түрлі қимылды ойындарды ереже бойынша сюжеттік, сюжетсіз және аттракциондарды кеңінен пайдаланған жөн.

Сюжетті ойындарға тұрмыс тақырыбына қатысты ойындар, өндірістік, құрылыс табиғи материалдарды пайдаланатын ойындар, ойын – сауықтар жатады. Ойнаушылардың іс — әрекеті бір – бірімен тығыз байланыста болады.

Сюжетсіз ойындарда іс — әрекет қимыл – қозғалыс негізінде жүргізіледі. Сюжетсіз ойындардың түрлері көп. Соның ішінде қуаласпақ, жасырынбақ т.б ойындар.

Барлық ойындар балалардың қимыл – қозғалыс әрекетін жетілдіруге бағытталған. Ойын ретінде оқытуда әр түрлі сипаттағы дидактикалық ойындар(лото, домино, мозайка т.б) олардың ойнай білуін қалыптастыруда «Өзің құрастыр», «Кілем дүкені», т.б ойындар ұйымдастырылса, мұндай ойындар балалардың ойлау қабілетін жетілдіреді және геометриялық пішіндер мен оның түр – түсімен таныстырады. Сонымен бірге бұл ойындарды оқу іс – процесінде қолдануға болады.

Ойынның ішіндегі ең негізгісі дамытушылық ойындар: есте сақтау және логикалық ойлау қабілетіне байланысты «Сиқырлы шеңбер», «Не артық?», «Егіздер» ойындары.

Ойын – оқыту, өсіру, денсаулықты нығайтумен қатар тәрбиеге дағдыландырады. Бала басқа адамның сөзін тыңдауға, қуанышын бөлісуге, өз ойымен басқа адамның ойын салыстыра білуге және сыйластыққа, үлкенге жәрдем беріп, кішіге қамқор болуға, не жақсы, не жаман екенін айыра білуге баулу үшін сахналық ойындарды пайдалануға болады. Балалардың сахналық әрекетінде саусақ, көлеңке және т.б. театр түрлерін кеңінен пайдалану керек.Ойында ең негізгі бала санасына жеткізе білуге, белсенділік көрсетуге, сол кезде өзіне — өзі сенімді болуға баулу. Бала ойын арқылы өзін толқытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ арманын, мұрат – мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады     ; сөйтіп бүгінгі ойын бейнелі әрекет, ертеңгі шындық, ақиқатқа айналуы сөзсіз. Ойын кезінде балалардың барлық жетістіктерін айтып өту, кемшіліктерінеұрыспау және табыстарын мадақтау қажет екенін ұмытпау керек. Ойынға берілген осы сипаттаманы жетекшілікке ала отырып, баланың тәрбиесін ойын арқылы дамытып, сауықтырып, тәрбиелеп, оқытып, баланы ойнауға белсенді қатыстырып, баланың жігерін қолдап, өз күшіне сенімін арттыру қажет.Әрбір  ойынның алға қойған мақсаты болады, сол мақсаттың орындалуына баланың өзін ұмтылдыру қажет. Тәрбиеші балалар жайлы ойынға олармен бірге қосыла ойнағанда ғана дұрыс мағлұмат ала алады. Өте тұйық сәбидің өзі ойнап отырып ашылады. Көп күлмейтін бала да ойын үстінде күледі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.