Оқу-тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру түрлері

Сарсенбиев Рашид Махталиевич

 

Қазақстан Республикасында күн артқан сайын малмен айналысатын   шаруашылықтардың саны артып келеді. Осы шаруашықтағы малды әр түрлі жұқпалы аурулардан қорғау немесе емдеу ветеринар мамандарына жүктеледі. Болашақ мал дәрігерлерін дайындау, олардың қазіргі заман талабына сай болуы уақыт өткен сайын қайрана түсуде, себебі өркениетті мемлекеттер адам денсулығына өте қатты көңіл бөлуде. Дүниежүзілік қауымдастықтан мемлекетіміз лайықты орын алу үшін барлық салада халықаралық талаптарға сай келетін мамандар жұмыс істеуі тиіс. «Қазақстан-2050» бағдарламасында қарастырылған межелерге тек қана білімді ұрпақпен жете алатынымызды  бәріңіз білесіздер. Сапалы мамандарды  даярлау оқу орындарында жүзеге асатындықтан әрбір өткен сабақты мазмұнды етіп жүргізудің маңызы айтпасада түсінікті.

Ветеринария мамандарын сапалы дайындау үшін практикалық сабақтарды білікті түрде өткізудің маңызы өте зор деп білемін. Колледжде шаруа қожалықтарымен келісім-шартқа отыру жақсы жолға қойылған. Себебі практикалық және тәжірибелік сабақтарды өткізу үшін бұл аса қажет.

Ветеринарлық пәндердің әрқайсының өзіндік ерекшеліктері бар. Сондықтан сол ерекшеліктеріне қарай сабақты да өткізу әдістерін әр түрде ұйымдастыру қажет. Мысалы «Микробиология» сабағын өткізу үшін зертхана мен микроскопқа басымдылық берілсе, «Малдәрігерлік хирургия» сабағында тірі обьект өте қажет болады. «Індеттану» пәнінің  практикалық сабақтарында биопрепараттар мен ауру малдың өзі қажет. Практика кезінде білімгер мен оқытушы бір біріне көмектесе отырып сабақты іске асырады.

 

Оқу-тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыру түрлері

 

Оқу-тәжірибе сабағы ол,  білімгерлердің теориялық білімдерін іс жүзінде, яғни көзбен көріп қолмен жасауға мүмкіндік туғызу. Осы мүмкіндіктерді тудыру үшін мына шарттар орындалуы тиіс:

  1. Материалдық база сабақ өткізуге лайықты болуы тиіс
  2. Оқытушы өзінің сабағын тәжірибе жүзінде орындай білуі керек
  3. Білімгердің жетік теориялық білімі болуы тиіс
  4. Объект сол уақытта дайын болуы тиіс

Осы шарттар 100 % орындалып жатса тәжірибелік сабақтың сапасы артып білімгерлердің   білімге деген   қызығушылығы ояна түседі. Колледжде  тәжірибелік сабақтар негізінен аудиторияда ал, оқу-тәжірибе сабақтарын   алғаш аудиторияда, содан кейін нысандарда өткізіледі. Практикалық және оқу-тәжірибелік сабақтарын жоспарлағанда  өткізілетін курсы мен тобы, тәжірибелік сабақтың тақырыбы, өткізілетін жері мен уақыты, білім беру, дамытушылық және тәрбие мақсаттары, пән және тақырып аралық байланыстары,  білімгерлердің сабақ барысында үйренетін іс-әрекеттері, сабақты ұйымдастыру нысаны, практикалық сабақ кезінде қолданылатын көрнекті құралдар, білімгерлерге таратылып берілетін материалдардың түрлері мен тізбесі, сабақ барысында қолданылатын техникалық құралдар т.б. түбегейлі түрде қараластырылуы қажет.

Тәжірибелік сабақтың алдында, пәннің ерекшелігін ескере отырып, мынандай мақсаттар қойылады:

  • білім беру мақсаттары тақырыптың бағытына, мақсатына, берілетін материалдардың көлеміне және басқа да белгілеріне байланысты қойылады, олар — үйрету, игеру, меңгеру, атқара алу, істей білу, орындау т.с.с. мақсаттар;
  • дамытушылық мақсаттар білімгерлердің ой-өрісін кеңейту, логикалық және танымдық ойлау қабілетін арттыру, жалпы танымдық қабілетін көтеру, өз бетінше қалыптасқан жағдайға байланысты дұрыс шешім қабылдауға білімгерлердің дағдыларын қамтамасыз етеді;
  • тәрбиелік мақсаттар білімгерлерді жеке жұмыс істегенде жауапкершілікке, ұқыптылыққа, тақырыпқа сәйкес келген жағдайда патриоттық сезімдерін қалыптастыруға, өз ісіне сын көзімен қарауға бағытталады.

 

Тәжірибелік сабақты табысты ұйымдастырудың түрлері мыналар деп есептеймін:

  1. Тәжірибелік сабаққа қажетті объектіні, іс-тәжірибені білімгерлерге тәжірибе түрінде көрсету және орындату. Бұндай тәжірибелер білімгерлерге нақты қолданбалы білім береді.
  2. Оқу фильмдерін, бейне таспаларды пайдалану арқылы білімгерлерге тәжірибе

барысын көрсету (визуальды түрде).

  1. Аудитория жағдайында таратылып берілетін материалдар арқылы түсіндіру  .
  2. Тақырыпты фото түсірілімдерді, иллюстрация, плакаттарды пайдалану арқылы

түсіндіру.

  1. Зертханалық жағдай барысында  оқытушы өзінің істеген жұмысының

мәнін, мағынасын түсіндіріп беру және көрсету.

 

Тәжірибелік сабақтарды өткізуді жоспарлағанда және өткізгенде білімгерлердің осы сабақта қандай іс-әрекеттерді үйренетіні жан-жақты ойластырудың маңызы зор. Ол іс-әрекеттер тақырыптық жоспарға сай білім беру стандартында қарастырылған мамандық бойынша атқаралылатын жұмыстармен үйлесімді болуы шарт. Басқаша айтқанда, олар нақты бір нәтижеге жету үшін бағытталуы қажет.

Тәжірибелік сабақ әр түрлі нысанмен ұйымдастырылады. Ветеринарлық пәндерде негізінен оқытушының басшылығымен білімгердің өз бетінше жұмыс істеуі қолданылады.

Білімгердің өз бетінше жұмыс істеуіне бірден бір көмекші сабақты өткізу кезінде қолданылатын көрнекті құралдар. Көрнекті құралдарды тиімді пайдалану педагогиканың негізгі тұғыры болғандықтан, сол арқылы практикалық сабақтардың мақсатына толықтай жетуге негіз қаланады. Көрнекті құралдар білімгерлердің тапсырмаларды дұрыс орындауына бағыт-бағдар беріп отырады. Сондықтан практикалық сабақтарды жоспарлағанда және соған дайындалғанда және өткізгенде көрнекті құралдардың неғұрлым мол болғанын және білімгерлерге барынша жәрдемдесетіндей етіп дайындау оқытушы шеберлігіне байланысты.

Практикалық сабақтарда   кеңінен қолданылатын элементтердің бірі — білімгерлерге таратылып берілетін материалдар. Практикалық сабақты өткізуге арналған әр сабақтың «Нұсқау картасының» болуы міндетті деп есептеймін. Нұсқау картасындағы тапсырмалар, оларды орындау кезегі мен жолдары, яғни бұл сабақта білімгерлерден не талап етілетіні айдан анық болуы тиіс. Пәннің ерекшеліктеріне байланысты таратылып берілетін материалдар әр-алуан болуы мүмкін. Мысалы эпизоотологияда ауруды анықтау тәсілдері, дезинфектантарды дайындау әдістері, ауруды алдын-алу жоспарлары т.б. с.с. Микробиология пәнінде жағынды дайындау, бояу, қоректік орталарды дайындау, серологиялық реакцияларды қою әдістері т.б. с.с. болып келуі мүмкін. Оқу-тәжірибелік сабақта қолданылатын техникалық құралдарға келетін болсақ   ол пәннің және тақырыптың ерекшеліктеріне байланысты.  Індеттану пәнінде негізінен   микроскоп, термостат, автоклав, приборлар т. б.с.с. қолданылуы жоспарланады.

Практикалық сабақтың басқа сабақтардан өзгешелігі, онда пәннің ерекшелігіне байланысты әртүрлі техникалық құралдар, химикаттар немесе дезинфектанттар, приборлар, малдан алынған патматериалдар немесе малдың өзі қолданылады. Сондықтан сабақты бастамас бұрын техника қауіпсіздігі бойынша инструктаж өткізіп алудың маңызы зор. Бұл білімгерлерлердің абайлап іс-әрекет етуіне жетелейді және оқыс оқиғалардан сақтандырады.

Жалпы оқу-тәжірибе сабағын  4    кезеңге бөліп қараған жөн.

1 кезең. Білімгерлердің теориялық білімін шыңдау. Ол  үшін     білімгерге сұрақ қою арқылы өткен тараулар мен тақырыптарды еске түсіру.

      2 кезең. Оқытушы сабақтың маңызын түсіндіріп, не істеу керектігіне тоқталады. Нұсқау бойынша істелінетін іс-әрекетті істеп көрсетеді.

      3 кезең. Толық білімгерлердің басымдылығына беріледі. Бұл кезде білімгерлер өздері жұмыс жасайды.

       4 кезең. Білімгерлердің сұрақтарына жауап беру және олардың істеген іс-әрекетін   бағалау.

Ветеринария қолданбалы ғылым болғандықтан  оқу-тәжірибелік сабақ түріне   басымдылық берілгені дұрыс болады. Оқу тәжірибелік сабақтарды қазіргі уақытта үш жағдайда өткізіп жүрмін.

  1. Аудиториялық жағдайда — бұл кезде тақырып аясындағы істелінетін іс-әрекетті нұсқау картасы немесе таратылып берілетін материалдар арқылы жаздырып түсіндіру. Білімгерлер тәжірибелік сабақты іс жүзінде істеп көрмейді, бірақ осы тақырып туралы хабардар болады.
  2. Оқу шаруашылығында немесе объектіде жүргізу — бұл кезде білімгерлер тәжірибе объектісін тікелей көзбен көріп, қолымен іс-әрекет жасауға мүмкіндік алады.

Мысалы: дезинфектанттармен жұмыс істеу, патологиялық материал алу, биопрепараттарды жануарларға егу, ауру малдан сынама алу және т.б.

3.Зертханада немесе кәсіпорындарда — бұл кезде   білімгерлерге  бактериологиялық , биологиялық, серологиялық әдіс тәсілдерді көрсетуге және өздеріне жасатуға толық мүмкіндік туады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

  1. Коляков С. И. Микробиология и вирусология. – М., 1974
  2. Сайдулдин Т.С. Індеттану. – Алматы, 2001
  3. Абсатиров А. Микробиология практикумы. – Алматы, 2008
  4. Журнал «Ветеринария». – 2012 жыл, № 16.
  5. Гибадулина А.И. Ветеринарная санитария. – Москва, 2001
  6. Қазақстан Республикасының ветеринарлық Заңнамасы. —  I, II, III том, Астана, 2008
ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.