Баяндама тақырыбы: Педагогикалық процестегі балалар ұжымы

Жакашева Акканат Саятовна

 

  1. Ұжым — әлеуметтік топ. Тәрбиелік ұжым туралы түсінік
  2. Балалар ұжымының негізгі сипаттамалары және құрылымы. Балалар ұжымының даму кезеңдері.
  3. Ұжымдағы өзін-өзі басқару. Ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру.

 

  1. Жеке тұлға және ұжым проблемаларымен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған проблеманың педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдекашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Н.Қ Крупская, П.Н. Лепешинский, В.И. Сорока-Росинский, С.Т. Шацкий, А.С. Макаренко, П.П. Блонский, С.Т. Сухомлинский және т.б. өз үлестерін қосты.

А.В. Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.

Н.Қ Крупская бойынша тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп аталады. Балалар ұжымында өмір сүре және жұмыс істей алатындай етіп тәрбиелеудің қажет екенін ескертті. Ол балалар қозғалысына байланысты бірсыпыра мәселелерді атап көрсетті. Олар: балалар ұжымының іс-әрекетінің формалары мен әдістері, өзін-өзі басқару және оны ұйымдастырудың әдістері т.б.

А.С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс-әрекеті, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.

Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С. Макаренко еңбектерінде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. А.С. Макаренко ұжымның басты белгілерін нақты тұжырымдап берді: ұжым – басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.

Әрбір ұжым – бұл топ, бірақ бір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактілі және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактілі ұжым – бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым – бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым – бұл студенттер тобы, негізгі ұжым – факультет және т.с.с. Қазіргі кезде А.С. Макаренко идеясын дамытуда             И.П. Ивановтың «Коммунар әдісі» игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелі принципіне, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс-әрекетінің әдісіне ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс-әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И.П. Ивановтың «Коллектившілерді тәрбиелеу» атты еңбегінде қарастырылған.

Сонымен ұжым – бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық, іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.В.А. Сухомлинский пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болды. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, оның қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр.

Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы – мектеп ұжымы баланы дамытда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы – бұл іс-әрекетімен (оқу, еңбек т.б.) бірігіп топтасқан балалардың мақсатқа бағытталған тұрақты бірлестігі.

Мектептің балалар ұжымы алғашқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратындай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

  1. Балалар ұжымы деп мақсатты бағытталған әлеуметтік маңызы бар іс-әрекет негізінде оқушыларды біріктірудің ұйымдастырушылық формасы деп түсініледі.

Мектеп ұжымының негізінде бірнеше өзара байланысты оқушылар ұжымдарының типтері пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы, клубтар, секциялар, оқушылардың еңбек бірлестіктері т.б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп атайды.

Балалар ұжымы оларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудің маңызды құралы. Ұжымшылдық адам мүддесінің ұжым және қоғам мүддесімен мызғымас байланыстылығын көрсетеді.

Адам ұжымда өз күшінің, өз қабілетінің керек екенін түсінеді. Сондықтан оларды үнемі дамытып, жетілдіріп отыру педагогикалық ұжымның оқыту және тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты. Ұжым – тәрбиенің маңызды құралы.

Қазіргі қоғам жағдайында балалар ұжымы жеке тұлғаны әлеументтендірудің маңызды факторы. Оқушы үшін ұжым қоғамның моделі, әлеуметтік орта, оның өмір әрекетінде, пікірлесуде жеке тұлғаның қарым-қатынасында тәжірибесі кеңейіп әлеуметтік рольдерді меңгереді, орнықты, жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы, өзін-өзі іске асыруы, оны қорғаумен сүйемелдеу қамтамасыз етіледі.

Оқушылар ұжымы – тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажекттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.

Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Мысалы, кәсіпшіл ұжымдар (өндіріс, шығармашылық, әскери, оқу орындары), қоғамдық ұйымдар (партиялар, халық конгресі, бірлестіктер, кәсіподақтар), ерікті қоғамдар ғылыми, ғылыми насихат, әскери спорт, өз әрекетімен істеуші ұжымдар (көркемөнерпаздар, коллекционерлер) және т.б. Осы ұжымдарда адамдардың шешетін міндеттері еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын тездету, қоғамдық дамуының жаңа деңгейін қайтымсыз процесске айналдыру, халық шығармашылығының барлық салаларында өмірді демократия және жариялылық принциптерінің негізінде құру.

Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралыпа айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.

Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері: А.В.Луначарский, Н.ҚКрупская, А.С:Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский аса зор көңіл аударып зерттеді.

Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті-оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетті орындау,  әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады. Оқушылар ұжымы-оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы біолескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі. Оқушылар ұжымына тән қасиет: мақсаттылығы, ауызбірлігі, белсенділігі, іскерлігі, жауапкерншілігі т.б.

Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда оның ең басты, шешуші саласы балалардың достығы жарасқан тату-тэтті, іскер ұжымын құру екендігін ұмытпауы тиіс. Оқушылар ұжымының өмірін қызықты ұйымдастырмайынша, мектеп алдында тұрған міндеттерді орындау мүмкін емес.

Оқушылар ұжымын тәрбиелеудің маңыздылығы, мектеп қабырғасынан шыққаннан кейін олар әр түрлі ұжымға тап келеді. Сондықтан да олардың сынып және мектеп ұжымдарында жеке бастарының қаншалықты үйлесіп, қалыптасуына байланысты оның кейінгі уақыттардағы психологиялық жағдайы сәйкестенеді, қайсыбір әрекеті нәтижелі болады.

Аристотельдің айтуынша,  адам баласы қоғамның тірі организмі болғандықтан, тек қоғамда ғана ол өзінің табиғатын дамыта алады.

Сыныптағы оқушылардың өзара дұрыс қарым-қатынасы –тұрақты көңіл-күйді, бір- біріне сенім мен сыйласылымдық қалыптастырады. Дұрыс қарым-қатынас-өмір құбылыстарын бағалау өлшемін және ақиқат, жақсылық, әсемдік туралы көзқарасты тәрбиелейді. Сондықтан, тек адамдармен шынайы іскерлік достық қарым-қатынаста ғана адамның өзін-өзі дамытуына мүмкіндік туады.

Педагогика ғылымында балаларды ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу идеясы 1920-1930 жж бастау алып, бүгінгі күні ол толық зерттеліп, мектеп практикасында жүзеге асып отыр.

А.С.Макаренконың тұжырымдауынша, ұжым-ол тірі әлеуметтік организм, ондағы даму, «қозғалыс-ұжамның өмір сүру формасы», «тоқтау-оның өлу формасы». Ұжымның ондағы оның  әрбір мүшесіне –ол «тұлғаға әсер ету құралы». Олай болса ұжымның тәрбиелік қызметі кең көлемді міндеттерді шешеді: қоғамдық маңызы бар ортақ ортақ мақсатты және соған сәйкес өзара әрекеттесу болашағын ойластыруды; оның әрбір мүшесінің өзара тіршілік етуінде белсенді қатынасын қамтамасыз етуді; жоғары адамгершілік межелері мен жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарды меңгеруді; оның жекелеген мүшесіне өзін-өзі мүмкіндік туғызуға, ол үшін ұжымда жағымды көңіл-күйді қамтамасыз етуге т.с.с.

  1. Ұжым –латын тілінен енген ұғым. Ол бізге әртүрлі түсінікті ұғындырады: жиылған жұрт, жыйын, топ, бірлестік т.с.с. Нақтылағанда- оны әрекеттің түріне байланысты адамдардың тобы деп түсінген дұрыс.

Дегенмен, қандай да бір топты ұжым деп айтуға бола ма?  Әрине, ол олай емес. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде «ұжымды» екі түрде түсіндіреді. Біріншісі, қандай да бір ұйымдасқан адамдар тобы (мысалы, өндірістегі еңбек ететін адамдар тобы), екіншісі, тек жоғары деңгейде ұйымдасқан адамдар тобы немесе бірлестік

Оқушылар ұжымына келсек өзіндік белгілері бар. Атап айтсақ:

  1. Жалпы әлеуметтік маңызы бар ортақ мақсаттың болуы. Мақсат қандай да болмасын топта болады. Ал, біздің әңгіме қозғап отырған оқушылар ұжымына келсек ондағы мақсаттың сипаты олардан тіпті бөлек Ол қоғам жіне мемелекет тарапынан қолдауға ие болып, басымдылық танытатын мемлекеттік идеология мен заңдар мен Ата заңға қайшы келмей, солардың шеңберінде әрекет жасайды.
  2. Әрекет етуде өзара бірлескен іс-қимылдың болуы. Балалар ортақ мақсатқа жетуде бірлесе іс-қимыл жасайды. Ол үшін оның әрбір мүшесі бірлескен өзара әрекетке белсенді қатысуы міндетті.
  3. Өзара қарым-қатынаста жауапкершіліктің болуы. Яғни, өзара әрекеттесі барысында, оның әрбір мүшесінен жоғары жауапкершілік талап етіледі. Соған сәйкес, ұжымның әрбір мүшесінің өзара ерекше қарым-қатынасы белгіленеді:Көңіл-күйдегі әсерленушілікте, моралдық межеде, өзара пікір алмасуда, белгілі бір мәселеге қатысты бірыңғай ортақ көзқарастың болуы.
  4. Ортақ сайланған басқару ұйымының болуы. Ұжымда демократиялық қатынас орнайды. Соған сәйкес белгілі бір басқару ұйымы құрылады. Ол тікелей және ашық сайлау негізінде қалыптасады.

Ұжымды қалыптастырудың жоғарыда аталған белгілерінен басқа тағы да өзгешеліктердің  болуы мүмкін. Бұл белгілер ұжымның ішкі қалыптасу құрылымы мен психологиялық жай-күйдің және оның әрбір мүшесінің бір –бірімен өзара қарым-қатынасының көрінісі немесе өлшемі ретінде сипатталады. Сондықтан жақсы ұйымдасқан ұжымда өзара көмек және өзара жауапкершілік бір-біріне тілектестік және адал ниеттілік сын және өзара сын орнығады.

Мектеп ұжымы құрылымындағы ең тұрақты ұжым болып- сынып ұжымы есептеледі. Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті жүзеге асады. Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым-қатынастың алғы шарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргесі қаланады.

Олай болса, оқушылар ұжымы деп – ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсатқа бірікккен, соған сай белсенді әрекет ететән және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзар жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын айтамыз.

  1. Оқушылар ұжымын қалай ұйымдастыруға болады?

Оқушылар ұжымының  күнделікті ісі белгілі бір сыныптағы балалардың басым көпшілігінің мінез-құлқына, аңсары ауып тұратын ісіне жауап беретіндей ұйымдастырылуы қажет.  Тәрбие жұмысын осылай құру оқушының дүниетанымын, рухани байлығын, моральдық тазалығын, дене тәрбиесінің жетілуін, бір сөзбен айтқанда жас ұрпақтың жан-жақты үйлесімді қалыптасуын қамтамасыз ететін тәрбиелік шаралардың белді саласы болып табылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.