Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру

Микибаева Асем Каирбековна

 

Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.Ал оны орындау мектеп пен ұстаздардың міндеті.

Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Оқушының бойына білім нәрін дарытуға көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да болуы тиіс.Барлық елде балаға білім беру ерекше орын алып келеді.Балалардың ойлау қабілетін дамытуға, байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуге оқушыларды тәрбиелеу мұғалімдердің басты борышы. Мұғалім сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып өтуінде, пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады.

Бастауыш сынып  оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Көбіне балалар бұрын алған білімін өмірде қолдана алмайды, талдау жасап, содан нәтиже шығаруды білмейді, берген мәліметті жинақтай алмайды, сабақ мақсаттарын анықтап, сол мақсатқа жету жолын таба алмайды. Сабақ барысында оқушылардың аз сөйлеп, өз ойын нақты жеткізе алмауы, осының барлығы үлкен мәселе болып отыр. Яғни оқушыларда функционалдық сауаттылық дағдылары қалыптаспаған.Осы мәселені шешу үшін білім берудің сапасын жақсарту мақсатында әртүрлі жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану тиімді болады.

«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» — деген екен Жүсіпбек Аймауытов. Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру ісін жаңа талап тұрғысынан өзгертіп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз. Елбасымыз Н. Назарбаев: «Қазіргі заман мұғалімі – рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып,дамыту үшін жауапты» деген. Олай болса шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін әр сабағымызда біз тек оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен шектеліп қана қоймай, кең түрде әр баланың талабына, деңгейіне сай жұмыстарды саралап, ыңғайластыруымыз керек. Тұлға құзіреттілігін дамыту үшін, яғни бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда жаңа инновациялық әдіс – тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғарғы нәтиже береді деген қағидамен, сын тұрғысынан ойлау технологиясының маңызы зор деген тұжырымға келдім.

Функционалдық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру және білім берудің сапасын жақсарту мақсатында сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшелігі- баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясымен жұмыс жасағанда оқушылар өз алдына қойған сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты пікірлесіп, талдау жасап отырады. Сын тұрғысынан ойлау мәселесіне байланысты оқушылар өз пікірін еркін сөйлеу арқылы айтуға, ойын жеткізуге, оны дәлелдей алуға, сонымен қатар қасындағы оқушы пікірін тыңдауға, сол пікірлерді салыстыруға, қасындағы досына құрпетпен қарап зер салып тыңдауға, топпен жұмыс істеуге жетелейді, оқушылардың қызығушылығын оятады, барлық ескі ақпаратты басшылыққа ала отырып мол ақпараттар ағынынан өзіне қажеттісін таңдап алады, мәсіленің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады, сын тұрғысынан ойлай отырып өзіндік белсенділіктің болуы да білімге құлшынысты, жаңалықты ашуға, ізденуге, қиындыққа төзуге үйретеді.

Л.Выготский: «Мектепте ғылымға бағытталған жұмысқа, ережені жаттауға қабілеті аз адам, өз қызығушылығын оятатыны белгілі бір іс˗әрекет саласында өте дарынды және қабілетті болуы мүмкін. Егер мұғалім бір нәрсені жақсы меңгертуді ойласа, оның қызықты болуын қамтамасыз етуі керек»,˗ дейді.Оқушыларды қызықтырып, назарын сабаққа аударудың бірден ˗ бір ұтымды әдісі ˗ сабаққа жаңалық элементін енгізу, әрбір сабақты қандай да болсын бір жаңалықпен әсерлендіріп, тартымды етіп отыруға тырысқан жөн. «Әсерлі сабақ ˗ белсенді сабақ» ˗ дегендей, мұның оқушыға да, оқытушыға да берері ізденістерге бастайтыны анық.

Жалпы, өз тәжірибемде белсенді оқыту әдістері мен әртүрлі тапсырмаларды кеңінен қолдану арқылы оқушы бойында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолында бірқатар жұмыстар жасаймын. Алты — жеті жастағы балалар өз ойын білдіруге, оқу мазмұны бойынша сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап іздеуге үйренуі тиіс.  «Сауат ашу» пәнін оқу арқылы оқушылар дыбыстарды ажыратуды, дыбыстармен танысқан кезде кейбір дыбыстардың, сөздердің басқа тілден енгенін, сөздердің заттың атауын білдіретін, қимылын білдіретінін, мағыналары қарама – қарсы сөздерді ажыратуды үйренеді. Ал үйрену барысында оқушылар жақсы түсіну үшін сұрақ қою, дәлелдеу, талқылау, іздену жұмыстарын жүргізу өте маңызды. Мысалы өз сабағымда « Қ дыбысы мен әрпі» тақырыбын бекіту кезінде «Допты қағып ал» әдісін қолдандым.Бұл әдістің тиімділігі:

  • уақытты үнемдейді;
  • оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады;
  • оқушылар бірін˗бірі тыңдау арқылы «Қ» дыбысы бар жаңа сөздерді меңгереді;
  • тез ойлау, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландырады.

Бұл әдістің тиімді жақтары көп болғандықтан өз сабақтарымда кеңінен қолданамын. Ал математика пәнінен тақырыпты анықтау мақсатында «Қара жәшік» әдісін жүргіземін. Бұл әдістің тиімділігі:

  • сыни тұрғыдан ойлауына көмектеседі;
  • затты сипаттап, өз ойын ортаға жеткізе білуге дағдыландырады;
  • оқушылардың өз пікірлерін білдіруге септігін тигізеді.

Сабақ барысында оқушылардың ізденіп, өз пікірін дәлелдеуге мүмкіндік туғызу үшін «Миға шабуыл», «Ой қозғау», «Ашық микрафон», сияқты әдістерді қолданамын. Аталған әдістер оқушылардың танымдық деңгейін дамытып, сөйлеуіне мүмкіндік беретіндігін және тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендігін тексеруде өте тиімді. Егер де сабақ барысында оқушыларға сұрақ қойып, пікірін дәлелдеуге мүмкіндік бермесек, оқушы өз ойын сабақта не болмаса сабақтан тыс жерде білдіре алмайды немесе білдіруге қысылады. Сондықтан осыны ескере отырып, өз тәжірибемде «сын тұрғысынан ойлау» технологиясының элементтерін сабақ барысында оқушыларға сапалы және  терең білім беру мақсатында кеңінен қолданамын.

«Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман» деп Елбасымыз айтқандай, дарынды,білімді ұрпақ еліміздің ертеңі, болашағы екені даусыз. Қай заманда болмасын адам баласының алдында тұратын ұлы міндеттердің бірі ˗ сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеу.Сонау XIX ғасырдың II жартысындағы Ы.Алтынсариннің «Мұғалім ˗ мектептің жүрегі» деп айтқандай бүгінгі ұрпақтың бойына қазынаның бар асылын дарытып, терең білімді зерттеп, тілін дамытып, ар ˗ иманың оятатын, адамгершіліктің сәулесін беретін мұғалім.

Уильям Артур Уорд: орта мұғалім баяндайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, тәжірибелі мұғалім корсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады, деген екен. Біз оқушыларды өздігінен ізденіп,жаңа мағлұматтарды алуға, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыруға, талдау жасауға, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге үйретуіміз керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін,белсенді, шығармашыл азаматтар қажет.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. «Открытая школа»/№5 (166),май 2017,Информационно-методический журнал
  2. Қазақстан мектебі.2015.№9
  3. Педагогикалық кеңес, 2˗3/2015
  4. https://www.metod-kopilka.ru/zindik-zhmistarin-yimdastiru-arili-oushilardi-funkcionaldi-sauattilitarin-arttiru-61799.html
ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.