Технологиялық тәжірибе – кәсіптік құзіреттілікті қалыптастыру тетігі

Копбаева Айсулу Турсыналиевна

 

Дуальды  оқыту бойынша 4курс 1513000 — «Ветеринария» мамандығы студенттерінің өткен технологиялық кәсіби тәжірибе  бойынша

 қорытынды конференциясы

 

Конференцияның мақсаты:Технологиялық кәсіби  тәжірибеге қорытынды

жасау. Болашақ мамандардың қазіргі заман талаптарын ескере отырып  студенттердің тұлғасын, білімін,  іскерліктерін меңгерту, мақсатты қалыптастыру мен  дамыту.  Танымдық іс – әрекеті  тәсілін меңгеру, еңбек және кәсіби  дағдылардың мамандықта  маңыздылығын,  қажеттіліктерін түсіндіру.

 

Қамтылуы: Мультимедиялық кабинет,студенттердің презентациялары, тәжірибеден өту туралы  мінездемелері.

 

Қатысушылар:

Р. Капаев – директордың өндірістік тәжірибе жөніндегі орынбасары

Колледждің әлеуметтік серіктестері:

«Құлан Малдәрігер» КМК тәлімгері – Ж.Умиршиев

«Қайқы» шаруа қожалығытәлімгері – М. Абдикулов

«Қанағат» шаруа қожалығы тәлімгері – Ғ.Несіпбаев

«Алрай» шаруа қожалығы тәлімгері – Қ.Кертаев

Г. Маханбетова — колледж әдіскері

М. Сраилова -директордың ақпараттық технологиялар жөніңдегі орынбасары;

Ж. Байсақалова -Ветеринарлық ПЦК-ның төрайымы;

Тәжірибе жетекшілері–Б.Сраилов,Р. Сарсенбиев, Е. Байсеитов, Б. Тұтқышбаев,Е. Ертаев және А. Копбаева.

4 курс 1 топ «Ветеринария» мамандығының студенттері.

 

 

Конференцияның жоспары

 

І. Кіріспе сөз. Ж.Байсақалова –Ветеринария ПЦК төрайымы.

ІІ. Баяндама. «Дуальды оқыту батыл және кеңінен енгізуді қажет етеді»

                         А.Копбаева — ветеринария мамандығының оқытушысы

Дуальды оқытудың негізгі артықшылықтарына ең алдымен, түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары пайызын қамтамасыз ететінін жатқызуға болады, өйткені олар жұмыс берушінің талаптарына толығымен жауап береді. Оқыту өндіріс қажеттілігіне барынша жақын. Есте қалатыны, дуальдық оқытудың қатысушысы ең кіші компания болуы мүмкін. Екіншіден, білім алудың жоғары деңгейіне жетеді, болашақ қызметкердің психологиясы қалыптасады.

4 курс 1 топ Ветеринария мамандығының студенттері технологиялық кәсіби тәжірибесін  келесі колледждің әлеуметтік серіктестер базасында өтті:

  • «Құлан Малдәрігер» КМК тәлімгері -Ж.Умиршиев (басшысы — С.Далибаев);
  • «Қайқы» шаруа қожалығытәлімгері- М. Абдикулов (басшысы — С. Мамырбаев);
  • «Қанағат» шаруа қожалығы тәлімгері – Ғ.Несіпбаев (басшысы – Ж.Қойшыманов);
  • «Алрай» шаруа қожалығы тәлімгері – Қ.Кертаев (басшысы – Қ.Абдраймов).

Технологиялық тәжірибе

Біріншіден, дуальды оқыту жүйесі бойынша кәсіптік практиканы өткізуге арналған үшжақты және  төртжақты келісм шарттар жасалынды.

Дуальды жүйе бойынша оқыту білім алушылардың кәсіби біліктері мен дағдыларын, іскерліктерін тікелей жұмыс орнында меңгертіп, жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік беріп, білім, ғылым, өндірістік – өзара байланысын, өзара әсерін,кірігуін қамтамасыз ету арқылы кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын арттыратындығы сөзсіз. Студенттер болашақ маман ретінде  кәсіби тәжірибеден алған білімдері мол. Бірінші күннен бастап студенттер жұмыс орындарымен танысып, қауіпсіздік техникаларымен, малға жақындау , бекембеу әдіс тәсілдерін меңгерді. Теорияда алған білімдерін тәжірибе жүзінде жұмыстар жасады. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында эпизоотологиялық іс — шараларды ұйымдастыру және атқару жұмыстарын жасады. Диспансеризация жұмыстарын атқарып ауылшаруашылық малдарға  жеке төл құжаттарды толтырды. Зооантропозоноз және антропозооноз ауруларын алдын алу және жою жұмыстарымен танысып жұмыстар атқарды. Бәрімізге  белгілі болғандай тек тәжірибе ғана болашақ  мамандардың барлық деңгейде кәсіптілігін арттырып, өмір бойы қолданатын тәжірибені алуға мүмкіндік береді.

 

ІІІ. 4 курс 1 топ «Ветеринария» мамандығының студенттері әлеуметтік серіктестікте өткен технологиялық кәсіби тәжірибеден өту жөнінде есептері және презентациялары

Студенттердің  өздерінің баяндамаларында топпен жұмыс істегендеріндерін, сондай-ақ, теориялық және тәжірибелік білімдері, дағдыларын көрсетті.Студенттер өндірістік үрдістерде,ұжымның еңбек қызметіне қатысып,  ауру шыққан жағдайда күресу шараларының бірі дезинфекция жұмыстарын атқарды, осы мақсатта   креолин және неоциол ерітінділерін дайындап үйренді. Дегельминтизация жұмыстарын атқару барысында  корнцанк  құралымен антигельминтиктер берді. Жұқпалы емес ауруларды емдеу барысында трепан  құралымен мес қарын темпаниясын емдеді. Сарып ауруын алдын алу мақсатында  вакумдық шприцтер көмегімен малдан қан алуды меңгерді. Деспансеризация жұмыстарымен толықтай танысып жұмыстар атқарды. Амбулаториялық және эпизоотиялық журналдарды толтырып   малдарды тіркеді. Ауылшаруашылық малдарға жеке куәлік  толтырып мал иесін таратылды. Құжаттармен дұрыс жұмыс істеу тәртібін үйреніп, іс — шаралардың жоспарын құрып, тәжірибенің  күнделіктерін әзірледі.Олар осы күнделіктерге атқарған жұмыс түрлерін жазып тәжірибе жетекшілеріне қорытынды жасауға беріледі.

 

ІV. Әлеуметтік серіктестер тәлімгерлерінің технологиялық кәсіби тәжірибе туралы ой-пікірлері:

«Құлан Малдәрігер» КМК тәлімгері – Ж.Умиршиев. Колледждің 4 курс 1 топ «Ветеринария» мамандығының студенттері технологиялық кәсіби тәжірибеден бағдарламаға сай өтті. Оқу орны қабырғасында алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыра алды. Халықпен, қоғаммен жұмыс істей алатындықтарын көрсетті. Колледж студенттері өздерінің жауапкершіліктерімен, ұқыптылықтарымен, біліктілігімен, мамандыққа деген қызығушылықтарымен көзге түсті. Болашақта еліміздің ауылшаруашылығы саласын, сонымен бірге ел экономикасын көтеретін саналы да сапалы мамандар шығатынына кәміл сенемін.

«Алрай» шаруа қожалығы тәлімгері – Қ.Кертаев әріптесінің жоғарыда айтқан пікірлерін құптай отырып төмендегідей сөздермен толықтырды. Студенттер тәжірибеден өту барысында ауылшаруашылығы малының жұғатын және жұқпайтын ауруларымен күресу және алдын алу іс-шараларын жұйымдастыруға қатынасты. Бірдейлендіру жұмыстарын атқарды. Ветеринарлық құжаттармен танысып, оларды толтыру жолдарын үйренді. Тәжірибе жүзінде көргендері студенттерді ынталандырды.

 

  • «Қайқы » ШҚ- да технологиялық кәсіби тәжірибеден өткен студенттер: Сәлім Е, Сейтқасым Т, Хасимқұл Б, Ержан Ж, Баян Б,  Артел Н,

Майкенов Н,  Оразбай Н.

Технологиялық тәжірибе

2) «Қанағат » ШҚ- да технологиялық кәсіби тәжірибеден өткен cтуденттер: Аманов Ә, Әбиқұл А, Базарбайұлы Д, Қарабай Б, Колхозбай З, Сыдықбаев Е, Беккулиев Қ, Ізтай И.

Технологиялық тәжірибе

3) «Құлан Малдәрігер» КМК — та технологиялық кәсіби тәжірибеден өткен студенттер:Сайлау Ж, Сатыхан А, Рахатұлы К, Сабыр Ш, Талапұлы С,

Абзабек Н, Шалқарбаев Д.

Технологиялық тәжірибе

4) «Алрай» ШҚ- да технологиялық кәсіби тәжірибеден өткен студенттер: Абдуллаев Р, Ерубай Б, Жакеноы А, Бұлашбек Н, Амалбек Б, Жумағалиев А, Сепен Ж, Жарқынбек Н.

Технологиялық тәжірибе

ІV. Қорытынды.

 

1.Студенттердің  мамандыққа қызығушылығы артты.

  1. Өздігінен білім алуға және еңбек дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік туды.

3.Өндірістік орындарда малдәрігерлік жұмысты атқаруға бейімделді.

 

Осы аталған бейімділіктер нәтижесінде қазіргі заман сұранысына сай жоғары деңгейдегі аграрлық мамандарды даярлауда білім беру мекемелері бизнес-құрылымдармен тығыз ынтымақтастықта болса, алдағы жылдары тәжірибе жүзінде енгізілген дуальдық оқыту жүйені еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында көретін боламыз.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.