Ветеринар мамандарын даярлауда CLIL әдістерін пайдалану

Ертаев Еркебұлан Ерікұлы

 

Сабақты өткізу жоспары

 

Пән: Ішкі жұқпайтын аурулар клиникалық диагностикасымен.

Курс, топ: 3 курс 1 топ  «Ветеринария».

Тақырыбы: Жануарларды жалпы зерттеу. General research of animals.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Өткізу әдісі: CLIL технологиясының Question Loops, Matching the pictures, Grooping, Scrambled letters, Matching әдістері.

Білімділік мақсаттары: білімгерлерге жануарларды жалпы зерттеу жүргізуді, малдың габитусын, дене бітімін, темпераментін (мінез –құлық) және тері мен тері қабаттырын, малдың кілегейлі қабықтарын зерттеу арқылы меңгерту.

Дамытушылық мақсаттары: кәсіби білімді ағылшын тілінде меңгерту арқылы шет елдік сөз қорын молайту, сабақ мазмұны туралы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік мақсаттары: ұқыптылыққа, ісіне адал болуына, жанашарлыққа, кәсіби қарым-қатнасқа тәрбиелеу.

Пән аралық байланыс: жануарлар анатомиясы мен физиологиясы, патологиялық анатомия, патологиялық физиология, клиникалық зертханалық зерттеу әдістері.

Көрнекілігі: «General research of animals» презентациясы, «General methods of clinical research» үлестірмелі карточкалары, «Малдың дене температурасын өлшеу» бейнефильмі.

 

Сабақтың мазмұны

І.Ұйымдастыру кезеңі: Good morning, dear students! How are you? What is the date today?  Who is absent?  Are you ready for the lesson?

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Our last lesson was: General methods of clinical research.

In this lesson we used some basic new words. Now using the method «Question Loops» we review this words. You should find  correct translation of these words.

«Question Loops» әдісі.

 

Research – зерттеу

Inspection-қарау

Palpation-сипау

Percussion – соғу,нұқу

Listening — тыңдау

Checking — тексеру

Sick animal – ауру жануар

Increase — жоғарылау

Decrease — төмендеу

Method – әдіс

 

III.Жаңа сабақтың тақырыбын, жоспарын жариялау: Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Жануарларды жалпы зерттеу. General research of animals.

Төмендегіндей сұрақтарды қамтиды:

1.Габитусты зерттеу. Research of habitus.

2.Тері мен тері асты қабаттарын тексеру. Research of skin.

3.Кілегейлі қабаттарды зерттеу. Research of  mucous membrane.

4.Лимфа бездерді зерттеу. Research of  lymph glands.

5.Дене қызуын өлшеу. To measure temperature.

III. Тірек білімді жандандыру: Малдың жұқпалы (инфекциялық, инвазиялық) және жұқпайтын (ішкі жұқпалы емес, акушерлік аурулар, хирургиялық жарақаттар) аурулары бар. Мысалы, экзема, дерматит, эстроз, қотыр, құтырық, аусыл, ішек түйілу, сақау, лейкоз, туберкулез және т.б. Олар экономикалық шығын келтіріп қана қоймай, адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретіні белгілі. Сондықтан аталған ауруларды дер кезінде анықтап емдеу – міндетіміз. Ол үшін жануарлардың габитусын, кілегейлі қабықтарын, лимфа бездерін, терісі мен тері асты клечаткалын, температурасын, яғни, жалпы клиникалық зерттеуіміз қажет.

V.Жаңа тақырыпқа ынталандыру: I want to show you some pictures which we use in our lesson. Look at the blackboard. Which words come to your to mind when you see this pictures.

«Matching the pictures» әдісі.

Ветеринар мамандарын даярлауда CLIL әдістерін пайдалану

VI.Жаңа білімді игеру:

«Grooping» әдісі

Ветеринар мамандарын даярлауда CLIL әдістерін пайдалану
Ветеринар мамандарын даярлауда CLIL әдістерін пайдалану
Ветеринар мамандарын даярлауда CLIL әдістерін пайдалану
Ветеринар мамандарын даярлауда CLIL әдістерін пайдалану
Ветеринар мамандарын даярлауда CLIL әдістерін пайдалану
Ветеринар мамандарын даярлауда CLIL әдістерін пайдалану
Ветеринар мамандарын даярлауда CLIL әдістерін пайдалану
Ветеринар мамандарын даярлауда CLIL әдістерін пайдалану
Ветеринар мамандарын даярлауда CLIL әдістерін пайдалану

VII.Жаңа тақырыпты бекіту:

«Scrambled letters» әдісі.

mysptom symptom
savlia saliva
aranappece appearance
ot ngecha to change
reats tears
ylmhp glnsad lymph glands
yese eyes
insk skin
empteraretu temperature

«Matching» әдісі.

Ветеринар мамандарын даярлауда CLIL әдістерін пайдалану
Ветеринар мамандарын даярлауда CLIL әдістерін пайдалану

VIІI.Қорытындылау, бағалау:

Білімгерлерді төмендегіндей критерийлер бойынша бағалау:

1.Үй тапсырмасының орындалуы (max 2 балл);

2.Жаңа сабаққа ынталандыру кезеңіне араласуы (max 1 балл);

3.Жаңа тақырыпты бекітуге белсене араласуы (max 2 балл).

IX.Үй тапсырмасы: «Жануарларды жалпы зерттеу. General research of animals» тақырыбындағы негізгі сөздерді ағылшынша аудармаларымен жаттау, жаңа тақырып бойынша қосымша әдебиеттерден, ғаламтор көздерінен мәліметтер жинап конспектіні толықтыру.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Жануарларды клиникалық әдістермен зерттеу» Рахымжанова Д.Т. Астана 2005 жыл. 19-25 беттер.
  2. «Мал дәрігерлігі жөніндегі анықтамалық» Қононов Г.А. Алматы: «Қайнар» 1982 жыл. 55 бет
  3. «Ветеринария негіздері» Бұлашев А.Қ. Астана: «Фолиант» 2009 жыл. 229-232 беттер.
ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.