Мақала: Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас

Умирзахова  Альбина Муратовна

 

«Білім беру мазмұнын  жаңарту аясындағы курстар  маған не береді…»

 

«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс»

Н.Ә.Назарбаев

Еліміздегі білім беру сaлaсы жaңa жүйеге көшіп жатыр.Ұлтымыздың  болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор ретінде қарастырып отыр.  Ендеше жаңашыл, соңғы технологияны меңгерген, әдіс-тәсілдерді игеру жағы мықты орныққан мұғалім заманға сай оқушыны оқытып, тәрбиелеп шығарады деп сенемін. Қазіргі таңда мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, іс-тәжірибесінде үнемі қолдану. Мұғалімдер оқып, болашақта қолданатын оқыту әдіс-тәсілдері оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Қазіргі кезде үштілділікті қатар алып жүру, ең маңызды білімнің талабы болып отыр.  Қазақ тілі– мемлекеттік тіл болса, қарым-қатынас тіліне –орыс тілін жатқызсақ, ағылшын тілі-әлемдік  кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабағымызда қолдану, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын ізденіп, тауып, тарату заман талабы болып отыр. Оқытудың  түрі мен әдіс-тәсілдері өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.осыған байланысты мұғалімдер алдында  сабақтың түрін, типін, әдіс-тәсілдерімен қатар тиімді оқытуды басты назарға алу керек екендігін үнемі естен шығармауымыз керек. Себебі, заман бір орында тұрмайды. Ағын су қай жаққа ақса, білім  де ағынды су сияқты, таза бұлақ сияқты жаңашылдыққа жақын жүруі керк деп ойлаймын. Мемлекетіміздің білім беру үдерісінде енгізілген  жаңартылған білім беру бағдарламасы –келешек ұрпаққтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдалама. Білім  мазмұнын жаңарту тікелей шағармашыл ізденіс үстіндегі  ұстаздарымыздың қолында деп білемін. Өйткені, шығармашыл ұстаз — ол әрдайым жаңалық ашуға жақын, әрі  өз кәсіби шеберлігінде  оқушының дарындылығын ашуға   назар аударады. Дарынды аша отырып, оқушының бойынан түрлі  тәжірибелер арқылы ойын, сөйлеу мәнерін, жұмыс істеу дағдысын түбегейлі  өзгертеді.

«Мұғалім көп әдістерді білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»-, деп Ахмет Байтұрсынов айтып кеткендей, қазіргі   заман талабына  сай білім  беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы шарт.

Білім беру мазмұнын  жаңарту аясындағы курстарда көңіл қойып, ой түйетін маңызды сәттер  көп болады:  жаңа бағдарлама бойынша  сабаққа қысқа мерзімді жоспар құрастыру,  төрт дағды бойынша (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқып үйренген тренингтер біздің педагогикалық  білімімізді  тереңдете түсті. Осы төрт дағдыны үнемі назарда ұстап отыру, білім саласындағы тың өзгерістерді танып-білу, өз біліміңді  көтеру үнемі жаңалыққа ұмтылу қазіргі таңда аса маңызды.  Осыған орай мұғалімдерді бағдарламаның барлық қыр-сырымен терең таныстырып, сапалы білім берген әдіскеріміз Зухра  Ерланқызына  алғыс айтқымыз келеді. Ұстаз еңбегі өлшеусіз, әрдайым еңбегіңіз жемісті болып,  білімді ұрпақ, сапалы мамандарды тәрбиелей беріңіз демекпіз. Топпен,  жұпппен,  жекелей  жұмыстар  істей  отырып,  бір – бірімізден  үйренеріміз  де  көп  болды.

Курсқа келгенде мен, өзімді бір  таң ғажайып еліне келгендей сезінемін. Себебі, курста бұрын білмей жүрген, тебірентіп жүрген сұрақтарға жауап ала аламын. Сол себептен курста мен,  ең алдымен өзімді өзгертуден бастаймын. Басқаша ойлаумен қатар, тіпті сөйлеу мәнерім де өзгерді десем артық айтқандығым болмас.  Курс маған сенімділік пен қатар болашаққа дұрыс қадам басуды үйретті. Оқушының  психологиясын тереңірек түсіну, оқушының орнына өзімді қою, оқушының  айтар ойы мен іс-әрекетін дұрыс жоспарлауды үйрене бастадым. Себебі, жаңартылған тек білім беру бағдарламасын өзгертіп қана қоймайды. Сонымен қатар ұстаз келбетін де, ұстаз этикетін де өзгертеді. Курстан кейін сен басқаша ойлайтын, өмірге басқа көзқараспен қарайтын тұлға ретінде қалыптаса бастайсын. Өзгерістер күн сайын   емес, сағат сайын  өзгереді. Яғни, білім бір орында тұрмайды деген сөз. Жақсы жаққа бет бұрғанымыз еліміздің дамып келе жатқандығын білдіреді. Курсты оқу барысында ой түйгенім, өткізетін сабағымды  40 минуттың ішінде есте қалатындай, өмірде сол алған білімдерін қолдана алатындай, жоспарлаған жоспарымның  нәтижесін көре алатындай құруым керек екендігін түсіндім. Тиімді және сапалы оқытуды  басты назарда ұстау.  Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша  білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты , тиімді ұйымдастыра алатын, оларға  үлгі болатын  ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімінен күнделікті  оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын , жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. Сонда ғана біз жаңартылған  білім аясында жетістіктерге жетеріміз  хақ.

«Білім беру мазмұнын  жаңарту аясындағы курстар  маған не береді…» деген сұраққа мен қорықпай , алдымен – ұстаздық шеберлікті арттырады, білім сапасында өзгерісті  енгізеді, оқушыны белгілі бір білім шынына жеткізеді»-, деп үлкен сеніммен айта аламын. Осындай, курстардың аясында  ұстаздар түрлі шешілмей жүрген жағдаяттарды, жауапсыз жүрген сұрақтардың  жауабын ала алады. Курс бізді тек білім берудің жодарын үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар  өз өміріңді реттеуге, өзгерістерді енгізуге жетелейді деп білемін.

Курстың  соңғы  аптасы алған  білімімізді  жинақтап,  саралап,  қолдануға  бағытталды. Басында  жұптасып жаңартылған  білім  беру  бағдарламасының  негізінде 1 сыныптарға  қазақ тілі  пәнінен  сабақ  берудің жоспарын  жасап үйренсек, соңына  таяу әрқайсымыз  жұптасып ықшам сабақ берудің қысқа  мерзімдік  жоспарын  жасадық. Үйренген  әдіс- тәсілдерімізді  қолдана  отырып  сабақтар жүргіздік. Бұл  әдіс-тәсілдің де  бізге  көп  көмегі тигені   сөзсіз. Оқушылардың алдына нақты не беретініңді, қай кезеңде қандай мақсатты жүзеге асыратыныңды, сол мақсаттардан қандай нәтиже күтетініңді нақты айқындап, сенімді түрде сабақты ұтымды жүргізуге мүмкіндік мол. Өзімнің көңіліме жағып, бірден меңгеріп алған әдіс – тәлілдерімнің бірі: блум таксаномиясы, проблеманы шешу кезеңінде қолданылатын әдіс – тәсілдер.

Еңбек жолымды заман талабына сай жаңаша бастауға, нағыз педагог ретінде танылуыма бірден – бір жол ашты деп ойлаймын. Болашақта барлық үйренгендерімді үнемі жетілдіріп, әрбір сабақтарымда қолданамын деп нық айтамын.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.