Электротехника пәнін оқыту барысында жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту

Балдыбекова Кульбахан Алипбаевна

 

Қазіргі қоғамда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты жас ұрпақтың дүниені ғылыми тануын, өз бетінше ғылыми тұрғыда ойлай алуын, өз ойын ашық айтуын қалыптастыру қажет.

Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептердегі оку — тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырудың бірден-бір жолы ғылым негіздерінен білім берумен қатар, сол білімді алуға ынталылыкты, яғни окушылардың танымдық қызығушылығын ояту, шығармашылық белсенділікті өз бетінше ізденуді арттыру.

Еліміз тәуелсіздік алып, баска елдермен иық теңестіру үшін, келешек қоғам иелерін, ұлтымыздың болашағын тәрбиелеу-құрметті де, қадірлі міндет болғанымен, ал оны іске асыру оңай іс емес.Әрбір ұстаз өзінің алдындагы шәкірттеріне бойындағы барлық күш куатын жұмсай отырып, оны еліміздің білімді, имандылығы мол, зиялы азаматы етіп тәрбиелеуге міндетті екенін естен шығармағанымыз жөн.

Окушылардың танымдық қызығушылығы оянбаған жерде пән бойынша сапалы білім болуы мүмкін емес деп ойлаймын. Ол үшін міндетті түрде оқушылардың өздері талаптану керек. Сондыктан әр шәкірттің ойына өзгеріс енгізіп, санасына сілкініс туғызу біздерге, яғни ұстаздар қауымына байланысты.

Жаңа технологияларды іс жүзіне енгізу-өндірістік және әлеуметтік өмірге жаңа мазмұн кіргізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттер койып, шеше білетін шығармашылык ақыл-ой қабілеті бар адамдарды қажет етеді. Сондықтанда мен өз сабағымда оқыту үрдісіндегі менің басты міндетім білімгерлерді шығармашылық іс-әрекетке бастайтын шығармашыл ойлауын калыптастырып дамыту. Бұл орайда мен шығармашылық туралы зерттеуші ғалымдардың тұжырымдаған ойларын басшылыкка алу аркылы окыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретідігін байқадым .

Зерттеуші ғалым Е.В.Мазалевская: «Шығармашылық-адамзат белсенділігі мен өз бетінше әрекетінің ең жоғары түрі» деп тұжырымдаған. Сол сияқты бұл пікір бүгінгі күні педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Ал шығармашылык ойлау деп ойдың жылдамдығы, ұшқырлығы, икемділігі, тапкырлығы, дәлдігі алынады. Ойлау,соның ішінде шығармашылык ойлаудың тәсілі де,түрі де адамға туа бітті берілмейді,ол адамның қоршаған қоғамдык тарихи ортасын тану үрдісінде калыптасады. Бала бойындағы бейімділікті тәрбиелеу, қабілет деңгейіне көтеру шығармашылықтың алғашқы баспалдағы.Сондықтан, бала бойындағы бейімділікті көре,болжай білу,оны әрі қарай дамытуға құлшыныс мұғалімнің міндеті.

Шығармашылығы дамыған тұлғаның ерекшелігі жалпы зерделігі, өзіндік ой түюі, мақсат коя білетіндігі.Ал педагогтардың жұмысы кабілетті балаларды танып біліп, демеп отыру.

Сонымен, шығармашылық дегеніміз-қайшылықтарды шешуге бағытталған,ол үшін жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, жеке адам үшін немесе әлеуметтік мәні бар жаңалыкқа әкелетін адам әрекеті болып табылады.

Менің дәріс беретін Электротехника пәнінен окыту процесінің негізгі мақсаты арнайы педагогикалык әдістер мен мақсатты, жүйелі түрде пайдаланып окушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзкарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады. Осы орайда өзімнің атқарып жатқан жұмыстарыма нақтырақ тоқтала кетсем өзім сабақ беретін 2 курс 1 топ «Электромонтер» топтарында электротехника сабағында окытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып зерттеу жүмыстарын жүргіздім.

Топтаға білімгерлердің білім, білік дағдылары бірдей емес. Себебі олардың білімі, қызығушылығы, қабылдауы, жұмысқа қабілеттері әр түрлі болғандықтан, өз бетімен есеп шығару белсенділіктері де тұрақты болмайды. Бірақ баланың жас ерекшелігіне байланысты қызығушылығы мен белсенділіктерін дер кезінде дамытумен жоспарлау әрбір ата -анамен біздің міндетіміз. Білімгерлердің ерекше қасиеттерінің бірі-үздіксіз дамуға бейімділігі мен жаңалыққа жаны кұмарлығы.Осы кезеңдердегі қолайлы сәттерді тиімді пайдаланыпқалу үшін,сабағымда оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін жиі қолданамын. Олар:деңгейлеп саралап окыту,ұжымдык окыту, модульдік окыту технологиясы.Сабак барысында білімгерлердің білігі мен икемі, дағдылары білімді өздігінен игеру кезінде жақсы калыптасатыны байқалады.Өзіндік жұмысты орындау кезінде білімгер теориялык білімін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс әрекет барысында ойлау қабілеттері дамиды, ал ең бастысы өзіне деген сенімі нығайып, жауапкершілікті сезіну калыптасады. Соның нәтижесінде білімгерлердің мынадай қабілеттері дамиды:

  • кез келген косымша әдебиетпен өздігінен жұмыс істеуге жаттығады
  • белгілі ғалымдардың тарихымен танысып мәліметтер жинактауға,

тарихи мағлұматтарды өз бетінше ізденуге мүмкіндіктер алады

  • әр түрлі тарихи есептер, логикалык ойлауды кажет ететін қызықты

есептерді шығаруға жаттығады

  • өз жұмысының нәтижесін талдап, қорытынды жасап, шешім

қабылдайды

  • өз ойын толық айта білу, қабылдай білуге үйренеді Білімгерлердің осындай шығармащылық қабілеттерін дамыту барысында төмендегідей нақты жұмыстар аткардым:

2 курс 1 топ « Электрмонтер» тобында аптасына 2 сағат бейінді оқыту курсына бөлінген қосымша сабақты жоспарлы түрде ұйымдастырып, білімгерлердің шығармашылығын дамыту мақсатында жұмыстар жүргіздім. Сабақта білімгерлер қиын деңгейлі есептерді шығаруға әр түрлі әдісті қолдана отырып, тиімді, ықшамды жолмен шығаруға калыптасты. Әр түрлі қиындыктағы   тапсырмаларды   орындау барысында,   өз   бетімен   окып, қосымша анықтамалык материалдарды колдануды меңгергендіктерін байқатты. Оку жылының басынан колледж психологы мен бірлесіп, сауалнама жүргіздік. Сауалнамаларға жауап алу аркылы физикаға кабілетті білімгерлер іріктеу жүргізілді.Осы оқу жылының қыркүйек айынан бастап, ата-аналардың өтініші бойынша электротехникадан косымша тереңдетіп оқыту тобы ашылды. Электротехниканы дарынды білімгерлерге арналған бағдарлама бойынша жылдық жоспар жасалып, бекітілді. 2 курс 1 топ «Электромонтер» тобындағы окушылардың электротехника сабағында кез келген тәжірибелерді өз беттерімен байқап көру белсенділіктері мен шығармашылык қабілеттерінің артқанын мына тірек- сызба аркылы көруге болады.

 

Зерттеу нәтижелерінің тұжырымдары.

 

Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту

 

                              Пайдаланған  әдебиеттер

  1. Китаев В.Е., Шляпинтох Л.С. Электротехника және өнеркәсіптік электроника негіздері. —  Алматы, «Мектеп», 1972.
  2. Медетбекова А., Салькова А., Ананьев А., Магазов Е. Электротехниканың теориялық негіздері. — Астана,  «Фолиант», 2016
  3. Мұхити И. Электротехника. — Астана,  «Фолиант», 2012

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.