Тақырыбы: 1-ден 5-ке дейін санау

Тасимова Нурсауле Каирбаевна

 

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Қарапайым математикалық  ұғымдарды қалыптастыру»
Мақсаты: 1. Балаларға топпен орындайтын тапсырма беріп, 1-ден 5-ке дейін санау қабілеттерін күшейту. Өткен сабақтарда танысқан сандарға талдау жасату.

2.Құрамын анықтап, сандарға байланысты алған білім деңгейін бақылау.

3.Ақыл — ой белсенділігін күшейту, шапшаңдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: 1- ден 5-ке дейін сандар, мақта қыз бен мысық ертегі кейіпкерлерінің суреттері, үлестірмелі материалдар.
Әдіс — тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ — жауап, саяхат.

Іс — әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс — әрекеті
Орманға саяхатқа шығу.
Балалар қараңдаршы, мында жолақтар тұр екен. Ұзын және қысқа жолдар. Арыстан мен тасбақа жол жолдан өтпекші екен. Олар орманға тез бару үшін қай жолдан өтуі керек деп ойлайсыңдар?

Арыстан қысқа жолақтан өтеді өйткені орманға тасбақадан бұрын жетеді. Ендеше біз сол қысқа жолдан өтейік.

Жарайсыңдар! Ендеше балалар тасбақа орманға жеткенше біз орнымызға отырайық.

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілі.

  • Қыстың қандай ерекшеліктері болады?

Боран, аяз, көктайғақ.

Балалар қазір бізде ҚМҰҚ оқу қызметі.  Бүгін біз 1-ден  5-ке дейін санауды санап білімімізді толықтырамыз.

Барлығымыз сандарға назар аударайықшы.

Тура және кері санайық. Санға байланысты суреттерді атайық.

Ұйымдастырушылық‑ізденіс.  Тосын сый.

Есік қағылады. Мақта қыз бен мысық кіреді. Екеуі ренжісіп қалған. Мақта қыздың қолында мысықтың құйрығы. Мақта қыз бен мысық амандасады.

Тәрбиеші: Сендерге не болған, неге ренжісіп  жүрсіңдер?

Мақта қыз: Мысық менің қатығымды төгіп тастады?  Мен оның құйрығын кесіп тастадым.

Мысық: Менің құйрығымды қайтарып берші.

Мақта қыз: Балалар мысық менің айтқан тапсырмаларымды орындауы керек, әйтпесе мен оның құйрығын бермеймін. Ал егер тапсырмаларымды орындаса онда құйрығын қайтарып беремін.

Тәрбиеші: Балалар, мысыққа көмектесеміз бе? Мақта қыздың тапсырмаларын орындаймыз ба? Ал енді тапсырмаларды орындау үшін ертегіні есімізге түсіруіміз керек. Ең біріншіден мысық кімге барады?

Мысық сиырға барады. Сиырдың тапсырмасы:

«Ойлан тап!». «Көлікті сандарға сәйкес гаражға орналастыр».

Мысық енді неге барады? Ағашқа барады. Ағаштың тапсырмасы:

«Шатасқан сандарды тап!», «Сурет арқылы сандарды орналастыр».

Мысық енді кімге барады? Қыздарға барады. Қыздар тапсырмасы:

Сергіту сәтін орындап бер. Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы‑қырлы жерлермен,

Ытқып‑ытқып секірді.

Мысық енді кімге барады? Дүкеншіге барады. Дүкенші тапсырмасы:

«Суреттерді ұқсас пішіндерге сәйкес сызықпен қос»,

«Жоғалған пішіндерді тап!»

Мысық енді кімге барады? Тауыққа барады. Тауық тапсырмасы:

«Кім шапшаң!».

«Қайсысы ауыр, қайсысы жеңіл» дұрыс жауапты жұлдызша белгісімен көрсет.

Келесі мысық кімге барады? Тышқанға барады. Тышқан тапсырмасы:

«Логикалық тапсырма».

Сандарды тап.

Балалар мысық сендердің көмегімен барлық тапсырмаларды орындады. Мақта қыз бен мысық татуласып дос болады. Мысықтың құйрығын қайтарып береді.

Рефлексивті‑түзету. Балалар бүгін біз оқу‑қызметінде қандай тапсырмаларды орындадық?

  • Қонаққа кімдер келді?
  • Кімге біз көмектестік?
  • Мысыққа көмектесіп барлық тапсырмаларды орындадықпа?

Балалар бағанадан сендердің білімдеріңді тасбақа бақылап тұрыпты. Сендер тапсырма орындап болғанша тасбақада орманға жетіп қалыпты.

Оқу‑қызметіне белсене қатысқандарына көп рахмет!

Марапаттау.

Осымен оқу‑қызметіміз аяқталды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.