«Әнші, сазгер Ақан Сері Қорамсаұлының туғанына 175 жыл» тақырыбындағы мектеп филармониясының сценариі

Асанова Жазира Болатбекқызы

 

Қайырлы күн құрметті жиналған қауым! Бүгінгі Ақан Сері Қорамсаұлының 175 жылдығына орай өткізіліп отырған мектеп филармониясына қош келдіңіздер!

Ақан Сері 1843 жылы Көкшетау облысы Айыртау ауданында Қоскөл деген жерде туған. Шын есімі – Ақжігіт. Ата-анасы еркелетіп Ақан атандырып жіберген. 13 жасында әкесі Ақанды діни мектепке оқуға берген.Бірақ ұғымтал, сергек ойлы, сезімтал балаға молданың оқуы ұнамай оқудан шығып кетеді. Одан кейін Қызылжар қаласында Уәли медресесінде екі-үш жылдай сабақ алады. Бұл мектептердегі оқуды хат тану үшін пайдаланғанмен, Ақан дін шарттарын еш уақытта орындамаған. Жасынан ән-жырға үйір, он алты – он жетіге келгеннен кейін қолына домбыра алып, ән салған, өлең шығарып айтқан. Ақан Сері Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сынды атақты сал серілермен жақын қарым-қатынаста болған. Ит жүгіртіп , құс салып аңшылық құрған. Алғыр қыран құс, жүйрік тазы ұстаған. Кейін Құлагер сияқты жүйрік атқа ие болған.

Ақан Сері өмір шындығын терең жырлаған асқақ ақын ғана емес, сыршыл лирикалық сезіммен, әншілік орындаушылық өнерімен бүкіл қазақ даласына танылған ерекше дарын иесі.

Ақансері туралы бейне ролик көрсету

 

«Қазақ биі» орындайтын Республикалық және Халықаралық сайыстардың жеңімпазы «ҚЫРАН» хореографиялық ансамблі, Жетекшісі Санарха. Асылбек.

Жаңа айтып өткендей қазақ халқының әнші, ақындар шоғырының аса көрнекті өкілдерінің бірі – Ақан Қорамсаұлы жасынан ән-жырға үйір, қолына домбыра алып ән салады, өлең шығарады. Жігіттік сал серідей жол жүруге бейімделеді. Әдемі киініп жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт ұстайды. Осындай өзгеше өміріне, өнеріне риза болған халық «Сері» атандырады. Ақан сияқты көп қырлы өнері бар адам дүние байлыққа қызықпаған, оны мақсат етпеген. Сал-серіліктің салтанатын аңшылық, құс атып, ит жүгіртіп көңілін көтерген. Сондықтан да бір қатар бір қатар туындыларды осы тақырыпқа арнаған. Солардың ішінде қалың елге кең тарағаны «Құлагер» әні. Бірнеше рет аламан бәйгенің алдын бермей, даңқы бүкіл арқаға тараған Құлагер 1876 жылы Сағынайдың асында қастандықпен өлтірілгені белгілі.Бәйгеге үш жүз жиырма үш жүйрік қосылады. Осынша аттың алдына қара үзіп келе жатқан қанатты жүйрік Құлагерді Ақмолданың алыуыты Жүсіптің жандайшаптары қастандық жасап, айбалтамен басынан ұрып өлтіреді. Осы бір қара қастандық ақынның жүрегін қатты жаралайды. Ақан Сері Құлагердің өлгенін естігенде есі ауысқандай ауыр күйге түседі. Оның ой сезімін бір сәт шарасыздық билегендей болады. Ердің де елдің де даңқын асырған тұлпардың қапияда мерт болғаны жұртқа да оңай болған жоқ. «Өлді деп Құлагерді естігенде, бір тұрып, бір отырып ойбайладым» — дейді. Ақанның өкінішінде шек жоқ. Өлеңнің әр шумағы оның жан күйігіне толы. Жауызға бір тілегім өлім берсін,-деген жолдар Ақан Серінің ғана тілегі емес, қара ниет жауға деген бүкіл халық қарғысы деп ұқсақ болады.

Ақан Серінің «Ақ көйлек», «Жайықтың ақ түлкісі аралдағы», «Балқадиша», «Сырымбет», «Торыны талға байлап мінген қандай», «Үш тоты», «Қалқа бала» тағыда басқа көптеген әндері бар. Ақан Серінің шығармашылығынан ерекше орын алатын тақырып Құлагерге арналған ән-өлеңі. Құлагерін жоқтап зарлаған ән Ақан трагедиясының шырқау шыңы болып табылады. Сүйікті тұлпарынан айрылған Ақан тау мен тасты мекен етіп «Құлагер», «Қара торғай», «Көкжендет» әндерін шырқап елден жырақ өмір сүрген. «Айттым замандасқа біраз кеңес», «Қыз сипаты», «Достарыма», «Әйелдер сипаты», «Жігіттерге», «Жігіт сипаты», «Маңмаңгер», «Ақ көйлек» атты өлеңдерін шығарған.

 

Ортаға қобыз сыныбының оқытушысы Гүлжан Қуатбекқызы Медеубаеваны шақырамыз!

Халық әндерінен «Папурри»

 

СЫРЫМБЕТ – Ақан Серінің әні. Бүкіл қазақ даласы еркелеткен бұлбұлы, өнері асқан дүлдүлі болған Ақан өмірден соққыны көп көріп, сезімтал жанының жарасы ұлғайып, жасы елулерге тақаған шақта әлі де болса құштар жүректің қызуы сөне қоймаған шағында Жүсіп төренің қызы Жамал сұлуды көргенде жас қызға ғашық болады. Ғашықтық сезімін ән арқылы баяндап басқа амалы қалмағанын саналы жүрекпен сезінеді. Әсіресе Жамал ұзатылатын күні түні бойы кірпік қақпай Сырымбет саласын кезіп жүріп осы әнді шығарған. Күңіренген Ақанның жан азабын осы ән бізге айқын сездіреді.

Жүргізуші:

Бүгінде атақты әнші, сазгер Ақан Сері Қорамсаұлының туғанына 175 жыл толып отыр. Ақынның өзі өлсе де сөзі мен әні өлмейді, оның әндері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып мәңгі есімізде қала береді. Құлақ түріп тыңдағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.