Оқу қызыметінің тақырыбы: Алтын күз, Сары жапырақтар

Жотабаева Жулдуз Мусаевна

 

Естияр  тобында  ұйымдастырылған кіріктірілген  ашық  оқу  қызметінің  технологиялық картасы.

 

Білім беру салалары: «Таным», «Шығармашылық».

Бөлімі: Айналамен  танысу, сурет.

Мақсаты:  Балалардың  күз  мезгілі, жемістер мен көкөністер жайлы  мағлұмат  беру. Күздің негізгі  белгілерін, күз ерекшеліктерін, күздегі  еңбек  түрлерімен  таныстыру, күз  сыйын ұғындыра отырып, күз туралы  алған білімдерін  дамыту.  Табиғатты сүюге, құрметтеуге, қастерлеуге  тәрбиелеу.  Суретке  қарап  әңгіме құрап  айтуды  дамыту. Дәстүрден  тыс сурет салу  техникасымен  таныстыру.  Негізгі  түстермен  және  олардың  реңктерімен  таныстыруды  жалғастыру. Шығармашылықтарын дамыту.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер:  Көрсету,  түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ —  жауап, ойын.

Қолданатын көрнекілік құралдар:  Күз жыл мезгілдері жайлы суреттер, көкөністер мен жемістердің  муляждары, кетірілген  сары  жапырақтар  және жаңа  түскен сары  жапырақтар.

Қолданатын техникалық құралдар: Күз  жыл  мезгілі жайлы жазылған бейне баян, релаксацияға арналған әуендер.

Жаңа сөздер: Ерте  күз,  алтын күз,  қара күз, жомарт күз, сары жапырақ.

 

Әрекеттің

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мотивациялын-таландыру кезең

 

              I — Кіріспе бөлім.         

 Ұйымдастыру кезеңі.

 Амандасу рәсімі.

Балалар бізге қонақтар келіпті  кәне, қонақтармен амандасайық.

Балалар күн бізге жылу береді кәне, біз де күнге ұқсап шеңбер құрайық достарымызбен, күнмен, жермен амандасайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларды оқу  іс- әрекетке

бейімдеу.

Психологиялық сәт:

—  Балалар, көңіл – күйлерің қалай?

—  Олай болса, көңілді болғанда не істейміз?

— Ренжігенде не істейміз?

— Ал, қуанғанда ше?

Балалар, бүгін бізде  «Айналамен танысу», «Сурет» іс – әрекеті.  Іс – әрекетімізді бастамас бұрын бейне – баянға көңіл аударайық.

Жыл мезгілі «Күз»  туралы бейне – баян көрсетіледі.

Балалар мен сендерге бір жұмбақ – өлең  жасырайын, табыңдаршы.

Алма – алмұрт албырап,

Жеміс – жидек пісіпті.

Қауын – қарбыз балбырап,

Қамбаларға түсіпті.

Айтыңдаршы балалар, бұл қай жыл мезгілі деп ойлайсыңдар?

Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Демек бүгін біз күз жайлы әңгімелесеміз. Күз айы молшылық айы. Күз үш топқа бөлінеді: «Ерте күз», «Алтын күз», «Қара күз».Бүгінгі іс – әрекетіміздің тақырыбы «Күз сыйы».  Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.

«Күз ханшайымы» кіреді.

—         Сәлеметсіңдер ме, балалар?

—         Сәлеметсіздер ме, қонақтар?

 

Алтын түске боялды,

Тау мен қырқа, дала, түз.

Келдім міне ортаңа,

Менің атым «Алтын күз».

 

Күз ханшайымы: Балалар мен сендерді көріп қатты қуанып тұрмын.

Тәрбиеші:  Қош келдің, төрлет, қонағымыз бол.

 

 

 

 

 

 

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

 

 

 

Балалар шаттық шеңберінде тұрып бір — бірімен күлімдеп,  құшақтасып  амандасады.

Амансың ба, алтын Күн!

Амансың ба, көк  Аспан!

Амансың ба, Жер Ана!

Амансың ба,  достарым!

Сендерді көрсем қуанамын!

Балалар орындарына отырады.

 

 

 

—         Жақсы.

—         Қол  шапалақтаймыз.

 

—         Қабағымызды түйеміз.

—         Күлеміз.

 

 

 

 

Балалар бейне – баянды көріп тамашалайды.

 

 

 

 

 

 

 

Жыл мезгілі «Күз».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

—         Сәлеметсіз бе.

—         Сәлеметсіз бе, Күз  ханшайымы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырулы-

ізденуші кезең

 

               II — Негізгі бөлім.

Күз ханшайымы: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жұмбақ:

Ағайынды бәрі,

Шықса жасыл,

Түссе сары.

Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар. Мен өзіммен  бірге алтын жапырақтарымды ала келдім, әр жапырағымда тапсырмалар бар.  Егер тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар менің де сендерге деген сыйлығым бар.

 

Тәрбиеші:  Әрине, Күз ханшайымы біздің балалар тапсырмаңызды орындайды. Сіз жайланып отырып, балалардың жауаптарын тамашалаңыз.

 Тәрбиеші:  Кәне, балалар жапырақты бір – бірден алып көрейік қандай тапсырма екен.

 

 

 

Бірінші жапырақтағы сұрақ:

—         Қаізір күздің қай мезгілі?

—         Дұрыс.

—         Күзде жапырақтар қандай түске боялады?

—         Дұрыс

—         Күз туралы тақпақ білесің бе?

 

 

 

—         Өте жақсы.

—         Күзде құстар қай жаққа ұшады?

—         Дұрыс айтасың. Өте жақсы жауап бердіңдер.

Тәрбиеші:  Алтын күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз  дәнді дақылдар мен жеміс – жидектерге толады. Кәне балалар, осындай молшылық күз айында бір оіын ойнап жіберейік.

Дидактикалық ойын: «Көкөніс пен жемісті танисың ба?»

Ойынның шарты:  Үстел үстінде араласып жатқан көкөніс пен жемістердің суреттерін магнитті тақтаға  жемістерді бір бөлек, көкөністерді бір бөлек ажыратып ілулері керек.

 

 

 

Балалар біраз шаршадық тынығып алайық.

Сергіту сәті: «Сары жапырақтар».

Балалардың алдына даладан теріп әкелген сары жапырақтарды шашу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші:  Енді балалар,  осы жапырақтарды  Күз ханшайымына тарту  ретінде  «Сары жапырақтың»  суретін  салып берейік.

Тәрбиеші түстерді қайталатады,  сурет салудың техникасымен

 

таныстырды. Балалардың алдына ақ қағаздан қиылған жапырақтарды қояды.

Тапсырма: Енді осы ақ қағаздың бетіне жинап, кептірілген жапырақтарға өздері таңдаған қызыл немесе сары түстерді жағып қағаз бетіне бастырулары керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

—         Жапырақ.

 

 

 

 

 

 

 

—         Дұрыс орындаймыз «Күз ханшайымы».

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бір – бірден келіп жапырақты алады.

Бірінші болып жапырақты Әділет алады.

 

Әділет:  Жыл мезгілі күз.

 

 Анель: Күзде жапырақтар сары түске боялады.

 

Дария:

Қауын – қарбыз жемістермен,

Толтырамыз қол себетті.

Алтын күз деп аталады,

Күз айы да сол себепті.

 

Арай:  Күзде құстар жылы жаққа ұшады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойынды  қызығушылықпен екі – үш қайтара  ойнады. Жемістер мен көкөністерді ажырата білді.

 

 

 

 

Балалар тақпақ айта жүріп, алдыларына шашылған жапырақтарды теріп, аспанға лақтыру, қайта теріп себетке салу.

Қызыл, сары кемелер,

Су бетінде толқиды.

Соқса егер салқын жел,

Ырғалады, толқиды.

Балалар  орындарына отырады.

 

 

 

 

Балалар сурет іс – әрекетінің жұмыс үстеліне отырады. Түстердің бәрін ажыратып

 

айтып береді.

 

 

Алдарына қойылған ақ қағаздың бетіне, жинап алып кептірілген жапыраққа өздерінің қалаған сары немесе қызыл бояуды жағып бастырды.

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялы-

түзету кезең

 

       III- Қорытынды бөлім.

Балалармен жұмыс үстелінде жеке жұмыс жүргізілді. Жұмыста қиналған балаларға көмек көрсете отырып үйрету. Балалардың жұмыстарын Күз ханшайымы мақтап, мадақтап, қателерін түзетті. Өзінің әкелген себет толы алмасын балаларға тарту етті. Оқу іс- әрекетті сұрақ – жауап әдісімен қорытындылады.   Күз ханшайымы балалармен қоштасып шығып кетті.

Тәрбиеші:

Бозарып дала,

Тоңады бала.

Астығы піскен,

Жапырағы түскен, –

Бұл қай мезгіл балалар?

Дұрыс балалар, осымен оқу іс – әрекетіміз аяқталды.

 

 

 

Балалар салған суреттерін тақтада   ілулі  тұрған   жапырақсыз  ағашқа  іліп, ханшайымға тарту етті. Балалар қаншайымның әкелген сиын қабыл алды, ханшайымға риза болып, рахметтерін айтты. Оқу іс – әрекетті қорытындылау мақсатында қойылған сұрақтарға толық жауап берді. Балалар   Күз ханшайымымен қимай қоштасты.

 

 

 

Балалар: Күз.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Балалар  күз  мезгілі, жемістер мен көкөністер жайлы, күздің негізгі  белгілерін, күз ерекшеліктерін, күздегі  еңбек  түрлерін,  тәрбиешінің  үйретуімен  қылқаламмен  жұмыс  істей  білу, салынған  бейнелерді  бояй  білулері  керек.

Болу керек: Балалардың  күз  мезгілі, жемістер мен көкөністер жайлы, күздің негізгі  белгілері, күз ерекшеліктері, күздегі  еңбек  туралы білімі, түсініктері болу керек.

Істей білу керек: Балалар сурет сабағынан  алған  дәстүрден  тыс сурет салу  техникасын    іс —  әрекетте  қолдана  білулері  керек.

 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.