Тақырыбы: «Ана-гүл, Ана-жыр, Ана-өмір шуағы!»

Джамбозова Гульмира Танбаевна

 

5 жастағы балаларға арналған

 

Сәлеметсіздерме, қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, ардақты аналар, қызғалдақтай  қыздар, қадірлі тәрбиешілер. Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз  Аналар мерекесімен құттықтаймын. Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдарлы бола берсін деймін.

 

1 бала:

Қымбатты әжелер, аналар, апалар, қыздар!

Сіздерді 8-наурыз мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт  тілейміз.

 

2 бала:

Милые мамы, дорогие бабушки!

Уважаемые праздником 8 марта

Желаем вам здоровья, счастья и успехов во всем!

 

3 бала:

Dear Mymmy, Dear Granny!

I want you to be happy!

On the eights of March

I love Mymmy, I love Granny

I wish them health

I wish them wealth

Әуенді (жұптасып) вальспен әр бала (анасымен) жұптасып залға кіріп келеді.

 

Би: «Наз»

 

1 бала:

Жанымызды жайнатқан,

Сіздер ғой  аналар.

Зор денсаулық, мол бақыт,

Тілейміз біз балалар.

 

2 бала:

Аппақ Мамам, ақ Мамам,

Ақ Мамам деп шаттанам.

Түн ұйқыңды төрт бөлеп,

Бөпешім деп жатпаған.

 

3 бала:

От чистого  сердца простыми словами,

Давайте ребята потолкуем о Маме.

Мы любим ее как хорошего друга

Мы можем доверить ей сердце свое

И просто за то, что наша Мама

Мы крепко и нежно дюбим ее

 

4 бала:

Отпустила холода

К нам пришла весна-краска

И не даром праздник Мамин

Из весенних самый ранный

 

5 бала:

Mother is the dear rest,

Of all the friends I know

She helps me work end

Helps me always

That`s we love she so!

 

6 бала:

I love mother, she loves us,

We love daddy, he loves us.

He loves us and so you see,

We are a happy family

 

Ән: «Аяулы анашым»

 

Диалог:

1-қыз: Арай, қарашы Мерей сақина сыйлады.

2-қыз: Қойшы, сақина сыйлағанша, одан да неге би сыйламайды?

1-қыз: Арай, әрине олардың биі де бар.

Екеуі бірге: Ендеше «Орда» жігіттердің орындауында би «хип хоп»

 

Би: «хип хоп»

 

Жүргізуші: Рахмет, жігіттер қыздарды құттықтап, өз өнерлеріңді тарту еттіңіздер.

Ал, бүгін қыздарды да мерекесі ғой, олай болса қыздарымызды мерекеге сәнділейік.

 

Ойын:  «Аяқ  киімдерің табу»

(қай қыз аяқ киімі дұрыс табалса сол қызды сәндейді)

 

Ойын: (Қыздарды мерекеге дайындап, музыка әуенмен залды бір айналдырып орындарына отырғызу)

 

Диалог:

1-ұл: (Галустігін дұрыстап) Мерей, маған қарашы мен әдемімін бе?

2-ұл: Ғанибек, и и  саған не болған?

1-ұл: Маған не болушы еді, қазір біздің қыздар өнер көрсетпекші.

2-ұл: Ия, өмір зымырап бара жатыр, біздің қыздар күннен күнге құлпырып бара жатыр.

1-ұл: Ия (күрсініп)

2-ұл: И Мерей күрсінбе, ол қыздармен әлі мектепте де кездесерміз.

Бірге: Олай болса, қыздардың орындауында би.

 

Би: «Таңғажайып әлемінде көбелектер мен билейді»

 

Жүргізуші:

Баласы үшін ананың,

Күндері аз ғой, көз ілген.

Ардақты ана, қарызбын өзіңе,

Жүрегіңе күн мейірімі.

 

Жүргізуші: «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, әнімізді қабыл алыңыздар.

 

Ән: «Әжем мені өте жақсы көреді»

1-ұл:

Мені жақсы көреді,

Күндей күйіп жүреді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

 

2-қыз:

Мені ертіп жетектеп,

Осы күнге жеткізген.

Бізді бағып өсірген,

Аман болсын Жан Әжем.

 

Ойын: «Әжемнің жібі» (Балалар жіпті домалақтап сызылған жолмен кім бірінші жетуі)

Көңілді музыка ырғағымен сайық мазақ кіріп келеді.

 

Сайықмазақ:

Жан жағыма қарасам,

Қонақтар өте көп, ұлдар да көп, қыздар да көп.

Апайларда мұнда көп

Мен сайықмазақпын

Ақылыма көркі сай

Ұнаймын жұрттың бәріне

Үлкенге де кішіге

Құттықтауға сіздерді

Аналарды, қыздарды, әжелерді.

 

Жүргізуші: Рахмет саған, сайықмазақ. Мен билегенді жақсы көремін.

 

Вальс биі:

 

Ойын: «Кір жаю»

Шарты: Балалар шелектен жуылған беторамалды алып беріп тұрады, ал әжелері жіпке іледі. Бірінші болған топ шелектерін қолдарына алып, орындықта отырады.

 

Қыздар биі:

 

1-ұл:

Анам мені «айым» дейді,

Мен мұңайсам уайым жейді.

Анам мені «күнім» дейді,

Мен қуансам күлімдейді.

 

2-қыз:

Үн қатамын бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызыңмен.

 

Аналармен ойын: «Сезімталмен баланы табу»

 

Хор өлең: «Ақ дидарлы анашым»

 

Жүргізуші: Құрметті аналар мен әжелер! Сіздерді «Балдырған» тобының ертеңгілік мерекесі аяқталды. Балалардың өздері жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар!

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.