Сабақ тақырыбы: Автоматтандырылған басқару жүйелері (көліктегі) жəне оның көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастырудағы рөлі

Дәрібаева Сәуле Ахметқызы

 

Сабақ жоспары

1 сұрақ АБЖ құрылымы.

Көлікті басқарудың автоматтандырылған жүйесін құру, оның қызметін іске қосу жəне дамыту өзінің күрделілігіне байланысты арнайы ішкі саланы құруды қажет етеді. Бұл ішкі сала тапсырыс беруші мен АБЖ пайдаланушылар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Жүйе — өзара қатынастармен байланысқан тұтас, реттелген элементтер жиыны. Басқару деп мақсатты ықпал етуді ұйымдастыру: жүйенің мақсатты жəне тиімді əрекетін қалыптастыру үрдісі аталады.

Басқару кезеңдері: болжау, жоспарлау, оперативті басшылық ету, есепке алу, бақылау, реттеу, үлестіру, ұйымдастыру жəне ынталандыру. Бұл ретте əкімшілік жəне оперативтік басқару, сондай-ақ, оның аспектілері жіктеледі: экономикалық, техникалық, ұйымдық, əлеуметтік, өндірістік, кадрлік, құқықтық, психологиялық жəне саяси.

Көлік қозғалысын басқару жүйелері күрделі жүйелер санатына жатады. Ол жалпы мақсатқа бағынатын бірнеше өзара байланысқан ішкі жүйелерді (жүк, жолаушылар, жүк жұмыстарын, инфрақұрылымды жəне т.б. тасымалдауларын басқару) біріктіреді жəне бағыныңқы бөліктер арасында басқару функциялары үлестірілетін көпсатылы құрылыммен сипатталады. Бұл ретте жүйе оның бөліктері арасындағы ішкі байланыстарды жəне сол сияқты басқа жүйелермен арадағы сыртқы байланыстарды қолданады.

Көлік қозғалысын басқару процесі технологиясы үш кезеңде жүзеге асырылады: көлік нысандары туралы ақпаратты жинақтау, дайындау жəне жіберу; басқару бойынша қажетті шешімдер шығару мақсатында алынған ақпаратты өңдеу; басқарушылық ұй ғарымдар мен түрлі жарлық ақпаратын шығару жəне атқарушыларға жеткізу.

Басқару процесі басқару нысаны мен басқару органының өзара əрекеттестігі негізінде жүзеге асырылады.

Басқару нысаны алдына қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін функциялар немесе əрекеттерді іске асырады, мысалы, жүктер мен жолаушыларды тасымалдау операцияларын орындайды.

Басқару органы (БО) таңдалған мақсатқа сəйкес басқару нысаны элементтерінің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етеді.

БО мен басқарылатын нысан арасындағы қарым-қатынастар басқару үрдісі технологиясы шеңберінде кері байланыс заңдары бойынша құрылады: БО нысан туралы ақпарат алады, оны талдайды (өңдейді), шешім қабылдайды жəне қажет болған жағдайда жарғылық ақпаратты жасап шығарады, оны басқару нысанына береді.

Осылайша, кез келген көлік нысанын басқару өз мақсаттары, міндеттері мен мазмұны тұрғысынан жіктеле отырып, үздік сіз циклдық процесс болып табылады жəне жүйе жұмысын тоқтатпайынша жүзеге асырылып отырады.

Ішкі жүйелер мен жүйенің ішкі элементтері арасындағы көпте ген ықтимал қарым-қатынастар құрылымдық жүйе деп аталады.

Қазіргі заманға сай техникалық жасақталған ірі бекеттерде диспетчерлік басқару орталықтары жұмыс жасайды.

Тасымалдау процесін басқару саласындағы есептеу техникасы мен байланыс құралдарының одан əрі дамуы мен жетілдірілуі осы процестерді басқаруға қатысушылардың барлығы автоматтандырылған жұмыс орнымен (АЖО) жасақталған автоматтандырылған басқару орталықтарын (АБО) құруға əкеледі. АБЖ негізгі жəне функционалды бөліктен тұрады. АБЖ жалпы құрылымдық схемасы (КАБЖ үлгісінде) 1-суретте берілген.

 

Автоматтандырылған басқару жүйелері көліктегі

1-сурет. АБЖ жалпы құрылымдық схемасы (КАБЖ үлгісінде) АБЖ негіздері ақпараттық база, техникалық база, математикалық қамтамасыздандыру, ұйымдық-экономикалық базадан тұрады. Негіз – АБЖ шешетін барлық міндеттердің жалпы бөлігі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.