Тақырыбы: Әженің ауылына саяхат

Хызырхан Замигуль

 

Мақсаты: Үй  жануарлары  және  олардың  төлдері мен таныстыру.

Білімділік :Балалардың үй  жануарлары  мен  олардың  төлдерін  аттарын  білдіретін   сөздерді  қолдана  отырып,жануарлар  туралы   айту   білігін  бекіту.

Дамытушы:баланың   сөйлеу   барысында жануарлар  мен олардың  төлдерінің

аттарын  білдіретін  сөздің  зат  есімдердің  жекеше  және   көпше  түрлерін  қолдана  білу  іскерлігін  және  үй жануарлары туралы тақпақ, жұмбақтар шешу, тыйым сөздер, мақал-мәтелдерді қайталай  отырып, сөздік  қорларын молайту, байланыстыра  сөйлеу  дағдысын  қалыптастыру.

Тәрбиелік:Үй жануарларына  қамқорлық жасауға, күтіп  бағуға  тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,слайд әңгімелеу, сұрақ-жауап,  қайталау, ойын, кубизм,сергіту.

Көрінекіліктер: ойыншықтар, бейнетаспа,ширма, суреттермен слайдтар.

Сөздік  жұмыс: үй  жануарлары.

Ісәрекет  кезеңдері Тәрбиешінің   әрекеті  Балалардың   әрекеті
Мативациялық  қозқаушылық Шаттық   шеңбері:

Біздің  топта ұл-қыздар,

тату-тәтті, ойнайды.

Бар әлемге, бар адамға

тек жақсылық, ойлайды.

 

Балалар  шеңберге  тұрып   өлең   сөздерін   қайталайды.

Ұйымдастыру  іздестіру Балалар, бүгінгі  күн  ерекше  күн.Біз  әженің  ауылына  саяхатқа  барамыз. Ауыл алыс біз   көлікпен баруымыз  керек.Қандай  көлік пен  барамыз?

Міне, мына  тұрған  аттар  мен  барайық.Біз бәріміз  аттарға  бөлініп,  мінгесіп  отырып барамыз.Ендеше кеттік.

Ал, балалар біз  жайлауға да келіп  жеттік.

Әже  қарсы  алады.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Қай  қаладан  келдіңдер?

-Балалар, балабақшаларыңның аты   қалай  аталады?

Сендер   баратын  топтың аты қалай аталады?

Әже:

-Ой балалар, биылғы  жылы  көктем  ерте  шығып, менің  бүгін үй  жануарларым  алысқа  өріске  кетіп қалып, жинай алмай  отырмын.

Әже, уайымдамыңыз біздің   балалар   сізге

көмектеседі.Балалар  көктем  мезгілі  келіп, күн жылынып, үй  жанурлары  алысқа  жайлымға  кеткен  екен  ғой.

Ендеше, жануарларды  жинамас  бұрын  мына жұмбақтардың  шешімін  тауып көрейік.

Жұмбақтар шешу:

 

Кішкентай   ғана  бойы бар

айналдыра киген тоны бар.

Ол қандай үй жануары ?

 

Ал,  енді өріске  кеткен  үй   жануарлары  қойды дауыстап  шақырып, жинап  көрейікші?

 

Кезікті  бір жануар

Үстінде  екі   тауы  бар?

Ол  қай  жануар?

 

-Енді түйені шақырайық?

 

 

Басында  екі   таяғы  бар

Төрт  аяғы бар,иегінде  сақалы  бар.Ол не?

 

-Ешкіні  шақырып  көрейік,  келер ме екен.

 

 

Қамыс  құлақ,   тостаған  тұяқ мінсең  көлік, сүті  дәрі   еті   тамақ

Ол  қандай   жануар?

 

Жылқыны   шақырайық?

 

-Балалар, қараңдаршы тағы  қай  жануар өрісте  қалып  қойған, естеріңе  түсіріңдерші?

Дұрыс,  айтасыңдар   сиыр  қалып  қойыпты   ғой.

Сиырды  шақырайық.

Осылай  біз үй жануарларын қалай  шақыратынын  білдік, және  де ,  жинап  алдық.

Сергіту   сәтін орындайды:

 

Cурет пен жұмыс:

(слайд)

-Бәріміз   мына  суреттерге  қарайықшы.

-Мынау  не?

-Ал,  мынау  қай  жануар?

-Мынау ше?

-Ал, бұл  жануар қалай  аталады?

 

-Бұлардың   барлығын   бір   сөзбен  қалай  атаймыз?

-Дұрыс,  айтасыңдар.

 

Сұрақ-жауап:

Үй  жануарларының   адамдарға тигізер  пайдасы  туралы  айтайық.

-Үй    жануарлары  бізге  өте  мол  пайдалы  өнімдерін  береді  екен.

Тіл ұстарту  жаттығуын  бірге жасайық .

-Ой- ой-ой,- қорада  тұр  қой.

-Ай -ай -ай – жайылып   жүр  тай.

Ақ- ақ- ақ- секеңдейді  лақ. 

Зызызыойнақтайды  қозы.  

 

-Осы   үй   жануарларын    жекеше  және   көпше атап  айтып  көрейік.         

(слайд).

-Мына суретте  жекеше ат болса, көпше  аттар болады.

 

 

 

-Балалар әр жануарды атап шығайық.

 

 

-Енді,балалар  ойын  ойнап көрейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойын: «Не артық»

(слайд)

 

Ойын: «Не  қалай

дыбыстайды?»

 

-Балалар, сендер  әлі  кішкентайсыңдар  сендер  аналарыңның  баласы  болсаңдар,сол  сияқты үй жануарларының да кішкентай  балалары  болады.Оларды  төлдері  деп  атайды.

Ойын:  «Бұл  ненің  төлі»

Кубикті  тастау  арқылы  төлдердің  аттарын  атайды.

 

 

-Балалар, енді  төлдер  туралы кімдер    тақпақтар айтуды  біледі?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жарайсыңдар,балалар  төлдер туралы  тақпақты да жақсы біледі  екенсіңдер.

 

 

-Ал,Әже  біз енді қайтайық .

-Әже, балаларға өз ризашылығын білдіріп,рахметін айтты.

 

 

 

Балалар   саяхатқа  аттар мен  барады.

 

Балалар көтеріңкі көңіл-күймен жайлуға да келіп жетеді.

 

 

 

 

 

-Сәлеметсізбе, әжей.

Мал  жаныңыз аманба?

Ерейментау  қаласынан  келдік.

«Болашақ» бөбекжай-бақшасы.

«Ақжелек» тобы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар, әжеге  көмектесетіндерін   айтады.

 

 

 

 

 

 

 

-Ол  жұмбақтың  шешімі:

 

-Балалар  бірге дауыстап,

-пұшайт,пұшайт-деп қойды дауыстап  шақырып, жинайды.

-Бұл жұмбақтың  шешімі:

-Көс, көс,көс-деп түйені шақырады.

 

-Ол  жұмбақтың  шешімі:

-Шөре,  шөре, шөре-деп ешкіні шақырады.

 

-Құру,құру,құру- деп жылқыны шақырады.

 

 

 

— Cиыр  қалып  қойыпты   екен.

 

-Әукім,әукім, әукешім- деп сиырды шақырады.

 

 

-қой         -Ешкі.     -Жылқы.

 

-сиыр.             -Түйе.

 

Үй  жануарлары  деп

атаймыз.

 

 

 

Балалар, үй   жануарларының  пайдасы  туралы  әңгімелейді.

 

 

 

 

-Балалар,  бәрі  жоғары  және  орташа,  төмен  дауыс пен  қайталап  айтады.

 

 

 

 

 

—    Ат                  аттар.

-Қой                    қойлар.

-Сиыр                  сиырлар.

-Түйе                   түйелер

-Ешкі                   ешкілер.

 

Балалар, артық  жануарды  атайды.

 

Ненің  қалай  дыбыстайтынын  айтады.

 

-Бота, бұзау, құлын, лақ, қозы.

 

 

Дария:

Әукім-әукім,әукешім,

Қасиыншы әукесін.

Енең,әне   келеді,

Ақ  мамасын  береді.

Султан:

Құлыншағым құндызым

Құлдырайды,шабады.

Жалтылдаған  жұлдызым,

Құстай  қанат  қағады.

Назым:

Шөре,шөре-лағым.

Тентек, болма шырағым.

Секеңдемей деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың.

Нұрай:

Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек  жүнің  үлбіреп,

Қарасаң көзің тоймайды.

Даяна:

Кіп-кішкене  момақан,

Қошақанды  ұнатам,

Сүйеді  апам «қозым» деп, «Қошақаным өзің»

деп.

Рефлексивті  түзетушілік «Қошақаным»әнін айтып беріп,

Бүгін  міне  ойнадық, Ойнадықта, ойладық.

Қандай  жұмбақ  болса да  шешпей  оны  қоймадық.

-Балалар,бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма?

Балалар Әжеге көмектесіп,үй жануаларын қалай шақыруды,олардың төлдерін атауды,қандай пайдасы барын және үй жануарларының төлдері туралы тақпақтарында айта білдік.Саяхат бізге ұнады.

 

Күтілетін   нәтиже:

Біледі: Үй  жануарларының  аттарын атауды  және  олардың  қандай  пайдасы барын  әңгімелеуді.

Игереді:Үй  жануарларының  дауысын  салуды.

Меңгереді: Үй  жануарларының  төлдерін  ажырата  біледі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.