Сабақтың тақырыбы: «Балабақша ауалсындағы ағаштар»

Каримова Нургуль Самиголлаевна

 

Сабақтың мақсаты: Балаларға туған табиғатымыздағы ағаштар және оладың пайдасы туралы жан-жақты мәлімет., ағаштарды қоғап, қамқорлық жасай білуге үйрете отырып, білімін кеңейту.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, мақал-мәтелдер.

Көрнекіліктер: Суреттер.

І. Сабақтың барысы:

— Кәне балалар, бәріміз апайға бір сәт қарайық, өлеңге құлақ салайық.

  1. Өлең оқып беру:

     Қайың, терек басынан,

     Сарғыш тартып жапырақ.

     Жерге түсіп шашылған,

     Жел үрлесе қатрылап.

     Кейі желге ілесіп,

     Ұшып кетіп барады.

     Балаларым айтыңдаршы,

     Бұл қай кезде болады?

                                               (күз)

     Тәрбиеші: Олай болсақазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар!

  • Олай болса күз мезгілінде неше ай бар?

Балалар: Үй ай бар (қыркүйек, қазан, қараша)

Тәрбиеші: Жақсы, дұрыс айтасыңдар.

  • Күз мезгілінде қандай табиғи құбылыстар, өзгерітер болады?

Балалар: Күн салқын, жаңбыр жиі жауып, жапырақтар сарғаяды.

Тәрбиеші: — Ендеше біз жаңбыр туралы өлеңімізді оқып берейік.

Балалар:

Жаңбыр, жаңбыр жауасың,

Жанымызға дауасың.

Біз ойнайтын ауланың,

Тазартасың ауасын.

Тәрбиеші: Ал, енді балалар өз орнымызға жайғасып отырайық.

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.

Бүгін біз өткен сабағымызды қайталап отырып, ауламыздағы ағаштардың қалай өсіп

өнетінің байқап жақынырақ танысамыз!

Тәрбиеші: — Балалар, Біздің туған табиғатымыз неше түрлі ағаштарға бай, қарандаршы, бақшамыздың ауласында неше түрлі ағаштар өсіп тұр.

  • Кәне сендер қандай ағаштардың түрлерін білесіңдер?

Балалар: Емен, қайың, үйеңкі, терек, шырша, ақ қайың, тобылғы, қарағаш, қарағай.

Тәрбиеші: Енді, балаларғ осы өздерің атап шыққан ағаштар туралы мынадай өлең жжолдарымен есімізде сақтайық:

  1. Қысында да шырайылы,

Жасыл шырша ұнайды.

  1. Тау баурайы төменде,

Өседі жас емендер.

  1. Қызыл күрең тобылғы,

Қамшы сапқа қонымды.

  1. Ауыл сәні – терек,

Терек – егі керек.

  1. Сырғалы қайың, ақ қайың,

Баптайтын, күтіп сақтайтын.

3-4 балаға қайталап айтқызу.

Тәрбиеші: Ал, балалар, ағаштар туралы біраз мәліміттер алдық, енді сендерге, ағаштар қандай бөліктерден тұратынын айтып түсіндіремін:

Тамыры, діні, бұтағы, жапырағы. Міне, мына суретке қараңдаршы, бірінші жер астында ағашқа өмі, нән беріп тұрған тамыры орналасқан, ал, мынау діні, діңнен жан-жаққа бұтақтары таралған, бұтақтарынан дапырақтар өркен жаяды.

  • Балалар, қараңдаршы біз өзіміздің отбасымызды осы ағаштың құрылысымен салыстырып көрейікші.
  • Міне, мынау ағашқа өмір беріп тұрған тамыры – біздің ата-әжеміз, олар біздің әке-шешемізге өмір беріп тұр-діні, бұтақтар балалар сендерсіңдер, сендерің бауырларың.
  • Көріңдерме, табиғаттағы барлық нәрсе бір-бірімен үндесіп байланысып жатады екен.

Тәрбиеші: — Балалар, ағаштардың бізге сән береді және көлеңке береді ауаны тазартады.

Балалар: Бақшамызға ағаштар сән береді және көлеңке береді ауаны тазартады.

Тәрбиеші: Көрдіңдерме, балалар, ағаштар біздің өмірімізге ауадай қажет екен. Сондықтанда ағатарды аялап, оларға қамқорлық жасап көбейту керек.

ІІІ. Сергіту сәті.

Биік болып өсеміз,

Жапырақтай жайқылап.

Табиғатты сүйеміз,

Шетімізден шеберміз.

Денемізді тік ұстап,

Билеп-билеп аламыз.

  1. Мақал-мәтел айтқызу.
  2. Ағаш көркі – жапырақ,

Адам көркі – шүберек.

  1. Әке – бәйтерек,

Бала – жапырақ.

Көрдіңдерме балалар бұл, жайғана айтылған сөз емес. Жапырағынан айрылған ағаш көріксіз көрінеді, сондықтан ағаштың жапырағын жұлуға болмайды екен.

  1. Ойын: «Жылдам ағаш түрлерін ата»

     Қазір бәріміз ойын ойнаймыз: Допты кім қағып алады сол ағаштың түрлерін атап беру керек.

  1. Сурет бойынша қорытындылау.
ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.