Тақырыбы: Бауырсақ ертегісіне саяхат

Маханова Гульнар Мадешевна

 

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:: Сенсорика

Бауырсақ ертегісіне саяхат

Мақсаты:Балаларға өткен тақырыптардағыларды еске түсіріп,білімдерін ойын арқылы жетілдіріп, бекіту.Көлемді,пішінді,түстерді топтап,ажырата білуге үйрету.Ойлау қабілеттерін арттыра отырып тілдерін дамыту.Ұқыптылыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс:сөйлеуді дамыту,көркем әдебиет,сенсорика.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Аудиозапись,бауырсақ,жұмсақ модульдар,матадан жасалған өзен,гүлдер,себетке салынған доптар мен текшелер,сиқырлы қорапша.

Бауырсақ ертегісіне саяхат

Музыка «Ерте,ертеде»

Алдымыздан әндетіп бауырсақ шығады.

Бауырсақ:Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Тәрбиеші:Сәлеметсің бе бауырсақ!Балалар қараңдаршы,бауырсақ қандай?Ол мейірімді ме, әлде қатыгез бе?Көңілді ме, әлде ренжулі ме?

Балалар:Мейірімді,Көңілді

Тәрбиеші:Ол неге көңілді?

Балалар:Өйткені ол ән айтады.

Ән айтып орманға қарай домалап кетеді

Тәрбиеші:Ол үшін бізде бауырсақпен бірге орманға барайық.

Көпірден және өзеннен өтіп келе жатып,алдымыздан қоян кездестірді.

Бауырсақ ертегісіне саяхат

Тәрбиеші:Қоян сен неге көңілсізсің?

Қоян:Анама гүл сыйлаймын деп ем,келе жатып шашып алдым.Сендер көмектесесіңдер ме?

Тәрбиеші:Әрине көмектесеміз.

Ойын: «Құмыраға гүл жинау.»(қызыл,сары,көк,жасыл)

Сергіту сәті: «Ұзын құлақ сұр қоян»

Қоян:Рахмет сендерге балалар, мына сыйқырлы қорапшаны берейін,ата-әжеге барғанда ашыңдар.Ол сиқырлы, егерде ерте ашып қойсаңдар ішіндегі жоқ болып кетеді.Сендер жолда абай болыңдар, бұзық болмаңдар, тәртіпті -шуламай барыңдар.

Тәрбиеші:Рахмет,көрдіңдер ме, балалар, тәртіпті бұзбай біріңнен қалмай қол ұстасып жүреміз.Әйтпесе адасып кетесіңдер.

Ары қарай барайық.Өзі сұр,тістері ақсиған,ол кім?

Бауырсақ ертегісіне саяхат

Балалар: Қасқыр!

Қасқыр:Сәлеметсіңдер ме балалар!Сендер ертегі әлемінде не істеп жүрсіңдер?Сендермен бірге мынау кім?

Балалар:Бауырсақ

Қасқыр: Ап қане,жаңа ішегім шырылдап қарным ашып тұр еді,келе ғой мен сені жейін.

Бауырсақ:Жемеші мені,қасқыр

Қасқыр :Онда сендер маған аңдарды үйлеріне орналастырып бересіңдер ме?

Тәрбиеші :Әрине орналастырып береміз.

Дидактикалық ойын:«Өз орнын тап»,(дөңгелек,ұшбұрыш,шаршы.)

Тәрбиеші:Мына маң-маң басып келе жатқан кім өзі?

Бауырсақ ертегісіне саяхат

Балалар: Аю

Аю: Салеметсіңдер ме балалар! Мына тұрған кім?Бауырсақ! Бауырсақ мен сені жеймін!

Бауырсақ:Аю, сен мені  жеме.

Аю:Онда сендер маған көмектесесіңдер.Мынау шашылып жатқан доптар мен текшелерді жинап бересіңдер ме?

Балалар: Әрине жинап береміз.

Ойын: «Кім жылдам»(үлкенге- доптар,кішіге-текшелер).

Алдымыздан қолында себеті бар майысып түлкі шықты.

Бауырсақ ертегісіне саяхат

Түлкі:Сәлеметсіңдер ме балалар!сендер қайда бара жатырсыңдар?

Тәрбиеші:Біз бауырсақтың Ата,Әжесіне бара жатырмыз.

Түлкі:Ах,қандай сап-сары бауырсақ! Маған беріңдерші.

Тәрбиеші:Жоқ,түлкі бізді алдаймын деп ойлама.

Бауырсақ:Сен мені жеме.

Біз саған жемістер мен көкөністер жинап берейік.

Д/ойын:«Жемістер мен көкөністер»

Түлкі:Рахмет,балалар!Сау болыңдар!Мына себеттегі алмаларды сендерге берейін.

Ал,енді бауырсақ адасып кетпеу үшін бауырсақ бірге ата,әжесіне апарып салайық.Алдымыздан Ата мен Әже кездеседі,ол сиқырлы қорапшадағы тәттілерді таратып береді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.