Сабақтың тақырыбы: Білімдерін қайталау, 1 сынып

Ишанова Маржан Бақытжанқызы

 

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өрнек, сөзесеп, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту.

Міндеттері:

  1. Оқушылардың өрнек, сөзесеп, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту. Өткен материалды қайталау.
  2. Оқушылардың ой- өрісін кеңейту, логикалық ойлау, танымдық қабілеттерін дамыту.
  3. Пәнге қызығушылығын арттыру, толық жауап беруге, зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Кайталау сабағы

Әдіс- тәсілдері: Топтық, ауызша, жазбаша, сұрақ – жауап, ойын.

Көрнекіліктер: Суреттер, карточкалар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Психологиялық дайындық. Балаларға сәт сапар тілеу.

  1. 2. Кіріспе: Біз бүгін өзіміздің білімдерімізді көрсете білуіміз керек.

Сондықтан қолымызды көтеріп, сабаққа белсене қатысқан оқушыларға жұлдызша беріледі, қай бала көп жұлдызша жинайды, сол бала жақсы баға алады.

3.Үй жұмысын тексеру. Өткен сабақты қайталау.

Ал енді ойын ойнайық жалығып қалмайық

а) «Бұлттар» Мақсаты: Балалар кезекпен «бұлттарды» ашып, есептеулерді орындайды, ал «күнді» тапқан оқушы сыныпқа өзі өрнек шығаруға тапсырма береді.

б) «Сандардың көршілерін ата»  5,8, 2, 6, 9, 3.

в) Жұмбақ өлең оқу, сол бойынша өрнек құрастыру

— Шомылып жүр ішнуі,

Жағалауда алтауы

Балалардың барлығын

Санап берші, сен тауып. (6) 3+6  9

  • Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек, 1-і тығылды, 1- і жығылды . Қалғаны неше үйрек? (6)
  • 10 асықтан 3- н досың сұрап алады, айтшы сонда нешеуі қалады?

г) «Кім жылдам» Өрнектің мәнін табу

8+1               7+2               6+3             5+4

1+8               10+2             4+6             5+5

д) «Доптар» үш сан беріледі, осы сандарды пайдаланып өрнек құрастыру. Екі өрнек қосуға, екі өрнек алуға. (  7, 2, 5)  (8, 2, 6)

  1. Оқулықпен жұмыс № 1- 161 бет. Ұлу неше см жылжыды? Оған тағы неше сантиметр жылжуы керек?
  2. 5. Сергіту сәті:
  3. Дәптермен жұмыс:

Қолға қалам алайық

Дәптерімізді ашайық

Салақтықтан қашайық

Әдемі етіп жазайық.

№1 Шыршаларды безендір, сан кұрамын қайталау.

№2 Кестелерді толтыр, кезекпен орындалады

№ 3 Есептейміз, орнектің мәнән табу

№ 4 Сөзесеп шығару. Би тобында 6 қыз және 4 ер бала бар. Би тобында барлығы неше бала бар? ( Бір бала тақтады басқалары дәптерде)

№ 5  Сөз еспті шығару: Топта 9 адам бар. 6 адам алаңға шықты. Ал қалғандары қосымша ойыншылардың орындығында отырды. Топта неше қосымша ойыншы бар?

Бар-9 о.

Шықты- 6о.

Отырды- ? о.

Шешуі: 9-6  3 (о) Жауабы: 3 ойыншы бар

Қосымша тапсырма:  Өрнектің мәнін тап, бір-біріңді тексер . Жұппен жұмыс.

6+4            10-6            5см+3см

7-4             7+3             9см-6 см

2+6            8-5              0см +8см

  1. 7. Қосымша тапсырмалар:

Логикалық ойындар:

а) «Дұрас жауап бер» : Мұғалім оқушыларға өрнек айтады, оқушылар жауабын айтпай карточканы көтеріп көрсетеді, қандай санды таңдаған.

б) Ауызша есептеу.

— Бірінші қосылғыш 7, екінші қосылғыш 1. Косындыны жаз.

— 5 шығу үшін 1-ді қандай санға арттыру қажет? (4)

— 7 шығу үшін 6- ға нешені қосу керек? (1)

-6 санның 5 тен нешеуі артық?

— 4 шығу үшін 4-ке  нешені қосу керек?

— Гаражда 9 машина бар еді. Ертеңгісін 4 машина шығып кетті. Гаражда неше машина қалды?

— Анасы 10 алма сатып алды. 4 алманы жеп қойды. Неше алма қалды?

— Гүлге 2 ара қонды. Бір ара ұшып кетті. Неше ара қалды?

Қорытынды: Үй тапсырмасы

-Сабақта не істедіқ?

Не ұнады?

Не жеңіл болды?

Не қиын болды?

-Ұпайларыңды санаңдар.Бағалау

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.