Тақырыбы: «Біз — болашақ спортшылармыз!» (ойын-сауығы)

Тулеева Калдыгул Бухарбаевна

 

Ортаңғы топ

Максаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру.                                                                  

    Міндеті : Сазды қимыл-қозғалыс арқылы баланың денсаулығына дене түзелісінің дұрыс жетілуіне назар аудару. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен таныстыру, тәсілдерін меңгерту, бір-біріне сыйластық, қамқорлық қарым-қатынасын нығайту, қимыл-әрекеттің, сөздік қорын молайту. Ойынға деген белсенділіктерін арттыру, ептілікке, еркіндікке, батылдыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа баулу.

      Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы,бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық. Балалар шаттық шеңберге тұрып амандасады:

Біз бақытты баламыз,

Шынығада аламыз.

Сәулетті елдің көгінде,

Шамшырақ болып жанамыз!

Біз тілейміз бейбіт әлем,

Баршаңызға жалынды сәлем!

 

   Тәрбиеші: Балалар бүгін ерекше күн. Өйткені, біз келген қонақтарымызға өз өнерлерімізді көрсетеміз. Сендердің жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді күйлеріңді көру біз үшін үлкен қуаныш.

Сендер еңбекқор, күшті, батыл болғыларың келсе спортпен шұғылданыңдар. Ойынымызды бастамас бұрын денемізді шынықтырып алайық. (Балалар шеңбер бойымен жүреді, жүгіреді, аяқтың ұшымен, өкшемен жүреді, екі аяқты қосып алға қарай секіру, жәй жүру, жүгіру, қатарға тұру. Тыныс алу жаттығулары).

 

   Тәрбиеші: Балалар біздің еліміз кең байтақ, бай, әрі қуатты ел. Отанымыз біз үшін шынықсын, шымыр болсын деп жаңа стадиондар сыйлады. Болашақ ұрпақ сендерсіңдер. Еліміз, сендер күшті, батыл, епті болып өсіп, Отанымыздың қолдаушысы, еліміздің мақтанышы болсын деген үмітте.

 

 

—  Балалар біз қай елде тұрамыз?

—  Қазақстанда.                                                                                                           —  Дұрыс айтасыңдар кең байтақ,бай өлке Қазақстанда өмір сүріп    жатырмыз.

—  Қазақстан туралы кім тақпақ біледі?

 

Бала 1:    Бейбіт таңдар арайланып атады,

Туған жерді аймалайды шапағы.

Байтақ елім Қазақстан

Ең бақытты балалардың Отаны.

 

Бала 2: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау, жерім менің.

Бүгінде бар әлемге даңқы жетті,

Тәуелсіз Қазақстан елім  менің!

 

   Тәрбиеші:   Жарайсыңдар балалар!

-Қандай рәміздерді білесіңдер?

-Елтаңба, әнұран, ту.

   Тәрбиеші: Елтаңба алтын және көгілдір түсті. Әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді. Тұлпар-биік арманның қайраттың нышаны. Жұлдыз-жұлдызымыз жарық болсын дегенді білдіреді.

   Бала 3: Елтаңбасы елімнің неткен айбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің, ортада аспан әлемі.

Құт, береке шаңырақ, орын алған ол төрден,

Қанатты қос арғымақ екі жақтан көмкерген.

   Тәрбиеші: Тудың түсі көк, шетінде ою-өрнек, ортасында күн мен қыран құс.

   Бала 4: Туымызға көгілдір,

Бір қарамай өтпейміз.

Сол көк тудың астында

Көгереміз ,көктейміз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар! Әнұранды айтқан кезде оң қолымызды жүрек тұсына қойып, шын ниетпен айтамыз. Әнұранның сөзін жазған Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Тәрбиеші: Әнұран туралы тақпақты кім айтады?

 

Бала 5:        Әнұраным жан ұраным

Айтар әнім,сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады,

Әнұраным менің Қазақстаным!

Тәрбиеші: —   Балалар біздің елбасшымыз кім?

—    Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

  • Отанымыздың бас қаласы қалай аталады?
  • Астана

Тәрбиеші:       Дұрыс жарайсыңдар балалар.

—    Балалар біз қандай мерекені тойлағалы жатырмыз?

—    Тәуелсіздік мерекесін

—    Бұл мерекені қалай тойлаймыз?

—    Жалынды, көңілді, жарқын, қуанышты.

—    Олай болса , бізде бугін ойнымызды көңілді өткізейік.

   Ойын: «Орныңды тап»

(Ойын ойналып болғансоң,әуенмен залға тілші мен бейнеоператор кіреді).

   Тілші:   Амансыңдар ма балалар, мерекелерің құтты болсын! Біз осы «Ер Төстік» балабақшасында үлкен мереке болып жатыр деп естіп, сіздерді бейне таспаға түсіріп, сіздерден сұхпат алып, өзіміздің «Қазақстан Ақтау» телеарнасынан корсетуге келдік.

   Тәрбиеші:  Саламатсыздар ма, қош келдіңіздер! Әрине, біздің       балалардың тақпақтары, тілектері көп. Олай болса, балалар өз тілектерімізді Отан туралы тақпақтарымызды айтайықшы.

(Балалар тілшінің сұрақтарына жауап берерді, мақал-мәтелдер, тілектерін айтады).

  Тілші:  Жарайсыңдар балалар, қандай керемет!

  Тәрбиеші: Ендеше, құрметті тілші біздің мерекемізді қонақтармен бірге тамашалаңыз. Ал біздер балалар ойынын жалғастырады.                                                                                           Эстафеталық ойын:   «Шекара».                                                                     Қорыту, мадақтау, марапаттау. Қонақтарға сөз беру.

Ән: «Жаса, Қазақстан!».

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.