Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған дәстүрлі ән бөлімі оқушыларының сынып сағаты

Абишкенова Динар Акбаровна

 

МақсатыЖас ұрпаққа Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі және шығармашылығы жайлы мәлімет беріп, жыраулық өнердің құдіретімен   таныстыру.

Жүргізуші: Абишкенова Д.А.

Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ – деген сөзді кім айтып еді?
Бұқар жырау Қалқаманұлы.

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ.жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.

Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.Сырдария облысы Қазалы уезі Көшербай болысының 6- шы ауыл. «Қарақ» деген жері. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады:“Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай,Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай,Қалыңсыз жар құштырған, ханым-ай.Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам,Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!”.Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра білген.

  • Кенен Әзірбаев «Жас екпін» орындайтын Абитаева Ділдә

Жыраудың “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ай, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай, сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын, айтамын” атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігін суреттеледі.Әсіресе, Бұқар Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Мысалы, “Қилы заман” толғауындағы мына бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді:

“Күнбатыстан бір дұшпан,
Ақырында шығар сол тұстан.
Өзі сары, көзі көк,
Діндарының аты боп,
Күншығысқа қарайды.
Шашын алмай, тарайды,
Құдайды білмес, діні жоқ,
Жамандықта міні жоқ, Затсыз,
тексіз бір кәпір,
Аузы-басы жүн кәпір,
Жемқорларға жем беріп,
Азды көпке теңгеріп,
Ел қамын айтқан жақсыны,
Сөйлетпей ұрар ұртына.
Бауыздамай ішер қаныңды,
Өлтірмей алар жаныңды,
Қағазға жазар малыңды.
Есен алар пұлыңмен,
Солдат алар ұлыңнан,
Күндердің күні, Абылай,
Жаяулап келер жұртыңа,
Жағалы шекпен кигізіп,
Балды май жағар мұртыңа,
Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан.”

  • Халық әні «Ой жайлау» орындайтын «ШАТТЫҚ» дәстүрлі әншілер ансамблі, жетекшісі Ж.С.Асқаров.

Бұқар Жырау шығармаларында замандар бойы мысқалдап жиналып, ақыл-ой таразысынан өткізілген өмір тәжірибесінің, ұлттық тарихи санасының даналық қорытындысы, адамгершіліктің ереже-қағидасы іспетті нақыл-ғибрат сөздер мол. Әсіресе, белгілі бір құбылыстарды, заттар мен нәрселерді тізбелеп, салыстырып айтатын “Қара құлаш жүйрік деп”, “Ежелгі дос жау болмас”, “Бағаналы орда, басты орда”, “Жар басына қонбаңыз”, “Көкте бұлт сөгілсе”, “Алыстан қызыл көрінсе”, “Биік тауға жарасар”, “Қорғанды шаїар қаласын”, “Жал, құйрығы қаба деп”, “Асқар таудың өлгені”, “Ақсаңнан биік тау болмас” секілді термелерінде неше алуан мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді келтіруге болады.

  • Кенен Әзірбаев «Бастау»

орындайтын Қыдырбай Дәуіт

Жоғары қарап оқ атпа,
Жуық түсер қасыңа
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа
Күндердің күні болғанда
Сол жаман айғақ болар басыңа.

  • Бұқар жыраудың жырларының аудиоларын тыңдату

Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған сынып сағатымыз өз мәресіне жетті. Құлақ түріп тыңдағандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.