Тақырыбы: Чемпион гномдар

Тасбулатова Калима Кайргельдиновна

 

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Мақсаты: 1. Доптар жайлы түсінік беру.

  1. Допты жұптасып лақтыруға, қағып алуға, соғуға үйрету.
  2. Допты торға лақтыру, жүргізу, қимыл үстінде жұптасып лақтыруға және аяқпен соғуға, жүргізуге үйрету.
  1. Балалардың қиялдау және қозғалыс белсенділіктерін дамыту.
  2. Дене тәрбиесіне қызығушылықтарын арттыру, ұжымдық,

достық қарым- қатынасқа тәрбиелеу.

Алдын- ала жүргізілген жұмыс: футбол, баскетбол, волейбол ойындары жайлы әнгімелеу; доппен ойналатын жаттығулар жайында суреттер қарастыру.

Әдіс- тәсілдер: денсаулық сақтау технологиясы (футбол, баскетбол, волейбол) элементтерін қолдану.

Керекті құралдар: балалар санына қарай доптар, тор көз, бағаналар, қақпа, үнтаспа, фитбол доптары.

Іс-әрекет кезеңдері Нұсқаушының іс-әрекеті Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық Залға музыка әуенімен гномдар сиқырлы қалпақтарын киіп, әуе шарларымен  «Көңілді доптар» әлеміне саяхатқа шығады.

Сендерді ғажайып көңілді доптар әлемінде көргеніме қуаныштымын. Осы елдін тұрғындары жүгіргенді, ойнағанды, домалағанды жақсы көреді. Айналаға назар аударыңдаршы, әр түрлі доптар түр. Бұл доптар қалай аталады? Олармен қандай ойындар ойнауға болады?

Бүгін біз осы тамаша доптармен қызықты ойындар ойнап денемізді шынықтырамыз, денсаулықты нығайтамыз. Доптар әлемі қандай ғажап!

Балалар әуе шарларымен қалықтап ұшып ғажайып әлемге тап болады.

Доптарды ажыратып спорт ойындарын атайды.

Ұйымдастыру-іздестіру Сап тізбекте бір- бірден сап түзеп тұрады.

Доппен жаттығу жасайды.

Тізені  жоғары көтере жүру доп оң қолда.

Допты желкеге қойып өкшемен жүру.

Допты  жоғары көтеріп  аяқ ұшымен жүру.

Оң, сол бүйірмен қырындап допты соға жүру.

«Жыланша» ирелендеп, допты бір қолымен ұстап жүгіру.

Тыныс алу жаттығуын орындау.

ЖДЖ «Доппен» музыка әуенімен.

1.     «Допты ауыстыр» б.қ.- аяқ алшақ, доп сол қолда, аяқ ұшына тұрып допты оң қолға  ауыстыра беру.

2. «Сағат тілі» допты желкеге ұстап, оңға, солға жартылай иілу.

3. Отыру, аяқ алшақ, доп оң қолда.1- оң аяқты көтеріп, допты сол қолға беру; 2- аяқты түсіру; 3-4-доп сол қолда.

4. «Допты түсіріп алма» б.қ.- арқамен жатып, допты өкше арасына қысып басқа жеткізу,б.қ. келу.

5. «Допты айналдыр» Б.қ. тізеге тұрып, өкшеге отыру, доп оң қолда; допты дене бойымен оң, сол жаққа домалату.

6. «Епті қолдар» Б.қ. – н.т. доп оң қолда, төменде. 1- қол екі жанында; 2- доп алда, допты сол қолға ауыстыру; 3- қол екі жаққа созу; 4- б.қ.

7. Аяқты ауыстыра оң, сол аяқпен допты айнала секіру (1-8).

 

Негізгі жаттығулар:

1. Допты жұптасып бастан асыра, төменнен, кеуде алдынан түрлі тәсілмен лақтыру.

2. Допты торға лақтыру.

3. Допты орнында соғу.

4. Допты кегли арасымен аяқпен домалата жүргізу, допты қақпаға соғу.

«Үштік пас» ойын жаттығу.

Ойын: «Допты жерге түсірме».

Шарты: балалар шеңбер бойымен тұрады. Ойын бастаушының лақтырған добын балалар шапшаң қағып алып, кері лақтырады. Доп қолдарынан түсіп кетсе, ойыннан шығады.

Дене түлғасын тік ұстайды. допты түсіріп алмай еркін қимылдау.

 

 

 

 

 

6-8 рет

 

5-6 рет

 

6-8 рет

3-4 рет

 

4-5 рет

 

 

 

 

 

3 рет

 

 

Рефлексивті – түзетушілік Релаксация «Фитбол» добымен. 

1.     «Күннің көзі»

Фитболда отырып, қолды жоғары көтеріп , оңға-солға созыла иілу

2.     «Терек»

Қолды жоғары көтеріп, алақанды беттестіре ұстау, жоғары қарай тартылу.

3.     «Мысық»

Фитбол артына тізерлеп отырып, допты алға қарай созыла домалату,

б. қ. келу.

4.     «Бақа» доп үстінде отырып жеңіл секіру.

5.     Фитбол добына арқамен жатып, қол, аяқты еденге тіреу.

Тыныс алу жаттығуы «Ғажайып шарлар».

Терең тыныс алып, демді ұстап шарға байланған қауырсынға дем шығара үрлейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Демді баяу шығару.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: допты түрлі тәсілмен лақтыруды, қағып алуды, соғуды

Игереді: доппен жаттығуларды орындауды

Менгереді: доппен түрлі ойын жаттығулырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.