Лекционный материал: Дәрі-дәрмектерді дайындау технологиясында мөлшерлеу: салмағы, көлемі, тамшымен. Ұнтақтар. Pulveres.

Канходжаева Калима Картбаевна

 

Лекционный материал

 

            Дәрілік түрлер технологиясында дозалау. 

Кез-келген дәрілік препаратты дайындау оны құрайтын ингредиенттерді дозалауды қажет етеді. Дәрілік заттардың фармакологиялық әсер көрсетуі олардың физикалық және физика-химиялық қасиеттеріне ғана емес, сонымен бірге, олардың дозаларына да байланысты. Дәріхана тәжірибесінде дозалаудың үш тәсілі қолданылады: салмақ (масса) бойынша, көлем бойынша және тамшымен дозалау.

 

Салмақ бойынша дозалау. Дозалау тәсілдерінің ішінде ең жиі қолданылатын тәсіл қатты заттарды да, сұйық заттарды да өлшеуге болатын – салмақ бойынша дозалау. Бұл – дәріханалық қол таразылары, тарирлі техникалық таразылар.

 

Дәріханалық қол таразылары.  Дәріханалық қол таразыларының әртүрлі өлшемдері болады: ВСМ-1, ВСМ-5, ВСМ-20, ВСМ-100. Техникалық сипаттамалары 2 кестеде келтірілген.

 

Сұйықтықтарды көлем және тамшы бойынша дозалау.

Сұйық дәрілік препараттар ингредиенттерін өлшеу үшін дәріханалық бюреткалар, пипеткалар және тамызғыштар қолданылады.

 

Дәріханалық бюреткалар. Дәріханалық бюретка қондырғысы 9 суретте келтірілген. Бюреткалық қондырғының негізгі бөліктері, ол: бюретка, жабдықтау түтігі және жабдықтау трубкасы болып табылады. Бюреткалық қондырғыны 8, 16 және 20 бюреткадан комплектейді. Бюретка – концентрлі ерітінділерге арналған градуирленген шыны трубка.

 

Тамызғыш қондырғы. Аз көлемді сұйықтықтарды (1,0 мл-ге дейін) стандартты тамызғыштан ағу кезінде түзілетін тамшы арқылы өлшейді.

Ұнтақтар. Pulveres.

          Ұнтақтардың жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Ұнтақтар – ішке және сыртқа қолданылатын, бір немесе бірнеше майдаланған заттардан тұратын және сусымалды қасиеті бар қатты дәрілік түр.

Ұнтақтар официналды дәрілік түр. ССРО Мемлекеттік Фармакопеяның XI басылымына жалпы мақала енгізілген (2 том, 150 бет).

Ұнтақтардың жіктелуі. Ұнтақтар қолдану тәсілі, құрамы, мөлшерленуі (дозалануы) бойынша жіктеледі:

  1. Қолдану тәсілі бойынша:
  2. a) Ішке қолдануға арналған ұнтақтар – Pulveres ad usum internum

Rp.:   Natrii hydrocarbonatis

        Magnesii sulfatis ana 0,3

         Misce fiat pulvis

         Da tales doses N 6

         Signa. 1 ұнтақтан күніне 3 рет.

б) Сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар – Pulveres ad usum externum

Rp.:   Zinci oxydi

        Amyli

        Talci ana 10,0

        Misce fiat pulvis

        Da. Signa. Аяққа арналған сеппе.

  1. Құрамы бойынша:
  2. a) Қарапайым (жәй) ұнтақтар – Pulveres simplices.

Олардың құрамына бір зат кіреді.

Rp.:  Analgini 0,25

                           Da tales doses N 20.

                           Signa. 1 ұнтақтан күніне 3 рет.

б) Күрделі ұнтақтар (екі немесе бірнеше ингредиенттерден тұрады) – Pulveres compositi.

Rp.:   Iodi 0,25

        Natrii tetraboratis

        Natrii hydrocarbonatis ana 5,0

        Misce fiat pulvis

        Da. Signa. Шаюға.

  1. Мөлшерленуі (дозалануы) бойынша:
  2. a) дозаларға бөлінген ұнтақтар – Pulveres divisi.

Бұл жағдайда ұнтақтарды мөлшерлеу дәріханада жүргізіледі.

Rp.:  Dibazoli 0,001

       Phenobarbitali 0,005

       Sacchari 0,3

       Misce fiat pulvis

Da tales doses N 5.

Signa. 1 ұнтақтан күніне 3 рет (8 жасар балаға).

б) Дозаларға бөлінбеген (мөлшерленбеген) ұнтақтар – Pulveres indivisi.

Rp.:  Dermatoli 10,0

       Zinci oxydi 20,0

       Misce fiat pulvis

        Da. Signa. Сеппе.

Ішуге арналған ұнтақтар көпшілігінде дозаланған (мөлшерленген) күйде жазылады да, ал сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар жиі мөлшерленбеген (дозаланбаған) күйде босатылады.

Сыртқа қолданылатын ұнтақтар медициналық белгіленуіне қарай мына түрлерге бөлінеді:

  • сеппелер (pulveres adspersorii) – жараларды және терінің, кілегей қабаттың әр түрлі зақымдануларын емдеу үшін қолданылатын өте майда ұнтақтар;
  • үрлеуге арналған ұнтақтар (pulveres insuftlatorii) – дене қуыстарын емдеуге қолданылады (мұрын, құлақ, жұтқыншақ және т.б.);
  • тісті емдеуге арналған ұнтақтар (pulveres dentifrici);
  • жәндіктермен күресуге арналған ұнтақтар (pulveres insecticidi) және т.б.

Ұнтақтар технологиясының сатылары. Ұнтақтар дайындау технологиясы келесі сатылардан тұрады:

  • ұнтақтау;
  • елеу;
  • араластыру;
  • дозалау(мөлшерлеу);
  • орамдау және безендіру;
  • сапасын бағалау.

Дозаланған ұнтақтар рецепте екі тәсілмен жазылады: бөлінген, бөлінетін.

  1. a) Бөлінген тәсіл. Рецепте әр дәрілік заттың ұнтақтың 1 дозасына есептелген мөлшері жазылады, осындай дозадан дайындалатын ұнтақ саны көрсетіледі, мысалы:

 

Rp.:   Phenobarbitali 0,02                         Есептеулер:

Coffeini natrii-bensoatis 0,1             0,02х20 = 0,4

Phenacetini                                      0,1х20 = 2,0

Acidi acetylsalicylici ana 0,3            0,3х20 = 6,0

Misce fiat pulvis.                              0,3х20 = 6,0

Da tales doses N 20.        mж = 0,4+2,0+3,0+3,0 = 14,4

Signa.: 1 ұнтақтан          m1ұнт. = 14,4:20 = 0,72

күніне 2 рет.

 

Б.П.

Phenobarbitali 0,4

Coffeini natrii-bensoatis 2,0

Phenacetini 6,0

Acidi acetylsalicylici 6,0

mж = 14,4; m1ұнт. = 0,72; № 20

б) Бөлінетін тәсіл. Рецепте дәрілік заттың барлық ұнтақ санына керекті мөлшері жазылады және қанша дозаға бөлу саны көрсетіледі:

Есептеулер:

Rp.:   Phenobarbitali 0,4                                     0,4

Coffeini natrii-bensoatis 2,0             2,0

Phenacetini                                       6,0

Acidi acetylsalicylici ana 6,0            6,0___________

Misce fiat pulvis.                       mж=0,4+2,0+6,0+6,0=

Divide in partes aequales N 20.        14,4

Signa. 1 ұнтақтан күніне 2 рет.   m1ұнт.=14,4 = 0,72

                                                                                                                        20

Бақылау паспорты рецепті қайталайды. Бұл тәсілмен жазылған рецептер қазіргі кезде өте сирек кездеседі.

Сонымен, рецепт бөлінген тәсілмен берілсе, онда рецепте «Осындай дозадан осынша бер» — «Da tales

doses », бөлінетін тәсілмен берілсе  «Теңдей етіп санға бөл» —  «Divide in partes aequales» деп көрсетіледі.
Дәрі-дәрмектерді дайындау технологиясында мөлшерлеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.