Сабақтың тақырыбы: Даулеткерей Шығайұлының күйі «Қыз Ақжелең»

Сагинтаева  Тогжан  Ердешовна

 

предмет: музыка

 

возраст: 12-14 лет

 

        Мақсаты

Тәрбиеленушілерге шығармашылық ойлау қабілетін дамыту,домбыра аспабына қызушылығын арттыру, қазақтың күй өнерін дәріптеу.

       Міндеттері:

Домбыра аспабымен дұрыс, әдемі отыру, қол қойылымдарын қадағалау (дұрыс қою), келешекте орындаушылыққа баулу, шығармаларды үн таспа  тыңдату арқылы балалардың есте сақтау қабілетін және есту, сезу қабілеттерін жетілдіру. Ойнау техникасын өсіру (екпінін).Этнопедагогикалық тәрбие беру, домбыра пәні арқылы ұлттық өнерді насихаттау,ойнау шеберлігін арттыру, сахна мәдинетіне баулу, сахна төріне шығару.

     Сабақтың  түрі: дәстүрлі  сабақ.

     Көрнекілігі:  проектор, бейне ролик, үн таспа, суреттер,карточкалар.

    Сабақ жоспары:

  1.   Ұйымдастыру  кезеңі :

Оқушылар  назарын сабаққа аудару (аспаптың құлақ күйін келтіру).

а) Өткен сабақты тексеру, қайталау.

ә)  До мажор   гаммасын  түрлі  штрихтармен (қағыстармен ) тарту.

б)  Үй тапсырмасын тексеру: халық  күйі «Қара жорға» қайталау, мәнерлеп тарту.

в)  Жаңа сабақтың тақырыбы,мақсаты, міндеті таныстыру.

г)  Негізгі  сабақ : Даулеткерей Шығайұлы «Қыз Ақжелең» күйі.

а) Күйші Даулеткерейдің өмірбаянымен карточка арқылы танысу, бейнеролик.

Сұрақ — жауап арқылы өткен күйлерді еске түсіру, талдау,айырмашылығын айту. «Қыз Ақжелең» күйін орташа екпінде толық орындау, түсінік беру

ә).Практикалық  жұмыс: «Қыз Ақжелең» күйін жетекшінің орындауында  тыңдау, жаңа   сабақ сағамен жұмыс, қиын жерлерімен  жеке жұмыс жасау, меңгерту.

б) Музыкалық  сергіту  сәті: ( 2-3 минут музыкамен  жаттығулар жасау ).

Колледж студенттерінің  орындауында күйшінің  күйлерін  тыңдау.

Жаңа терминдермен танысу (таныс музыкалық терминдерді қайталау).

в) Даулеткерейдің «Қос алқа» күйін тез екпінде орындау.

        Қорытынды :  Сабақты пысықтау,үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

      1.Ұйымдастыру кезеңі :Оқушылар  назарын сабаққа аудару.     

        Жетекші сөзі:  Бүгінгі ашық сабаққа  ІІ топ тәрбиеленушілеріне арналады.  Сабақты  бастамас  бұрын аспаппен дұрыс,әдемі, түзу отыруымызды қадағалаймыз.Ол үшін  біздің  толық  мүмкіндігіміз бар. Барлығымыз қабырғадағы  айнаға  қарап  түзу отырып  оң   қолдың  буынымен (аспапсыз) жұмыс жасаймыз (2-3 мин). Ойнау шеберлігімізді арттыру  үшін, және шығармалардың екпінін өсіру үшін   до мажор гаммасын  әр  түрлі  штрихта (төмен,жоғары, бір төмен  екі  жоғары, екі төмен,  екі  жоғары,  бір төмен  үш жоғары ) және тремло   қағыстарымен  тартамыз, дыбыстар  жоғарлаған сайын  пиано, форте, крещендо  деген динамикалық белгілерді пайдаланып ал төмендегенде форте, пиано, пианиссимо белгілерін пайдаланып  толқытып ойнаймыз.

         Үй тапсырмасын тексеру, қайталау: Үйге берілген тапсырма: халық күйі «Қара жорға» , күйін еске  түсірсек:  «Қара жорға» қазақтың ұлттық  биі

(буын биі). Медицина  мамандары  «Қара жорға биі туралы» тамаша  пікірлер  айтуда, би  тұтас буындар  жүйесімен  орындалатын  болғандықтан  гимнастикаға  айналдыруға болады.

Қазіргі таңда жастарға «Сары арқа»  біздің күйіміз,  «Қара жорға» біздің биіміз-деп ұлттық  дәстүрді  нығайтып  тәрбиелеуіміз  керек.Кейінгі  жылда  халық  күйі «Қара жорға» Геннис  қызыл  кітабына  енді.  Бұл  күй   жеңіл  ойнақы, би  екпінінде  тартылады. Дыбыстарды  әрлендіріп ,бірде пиано  бірде  форте  енді  бірде

дыбыстардың күшейтіп  крещендо алып, дыбыстарды  баяулатып,  толқытып  тартамыз. Мүмкін, сонда біз күйшінің ойын,сол сәттегі  жағдайын  күйін – күй  арқылы бере  алатын  шығармыз.

2 .Негізгі сабақ : Даулеткерей Шығайұлы «Қыз Ақжелең»

Бүгінгі сабағымыздың  басты  тақырыбы  ұлы  күйші  Даулеткерей  Шығайбайұлының «Қыз Ақжелең» күйіне   тоқталайық. Күйшінің өмірбаянымен танысамыз. Алдыңғы сабақта  үй тапсырмасына  ұлы  күйшінің өмірбаянын іздеп, зерттеп,   дайындалып келу  тапсырылған болатын. Енді барлығыңа карточка таратамын, бірінші бетінде өткен тақырыптарға  байланысты бір сұрақ,(жауаптары

әртүрлі) екінші бетінде жаңа сабаққа байланысты сұрақтарға жауап бересіңдер.        Слайд 1 (күйшіге арналған бейнеролик).

Бірінші беттің  сұрақтары : Дәулеткерей күйші туралы біз не білеміз?

Екінші беттің  сұрақтары : Бұл қандай аспап, осы аспап туралы не білесіз?

Екінші сұрақ : күйші қай жылы, қай жерде туған? (2-ші беттің сұрағы)

Жауабы:  Даулеткерей лирикалық күйші, төре күйлерінің атасы деп білеміз

Күйші 1820 жылы, Орал обылысы,Орда ауданында, ауқатты отбасында дүниеге   келген.

Үшінші сұрақ : Күйші нешінші ғасырда өмір сүрген ? (2-ші беттің сұрағы)

Жауабы: Күйші он сегізінші ғасырда өмір сүрген.

Төртінші сұрақ: Күйшінің әкесінің  аты-жөні және тегі кім ? (2-ші беттің сұрағы)

Жауабы: Даулеткерейдің  әкесінің аты Шығай, Бөкей ханның інісі. Даулеткерей   атақты  Әбілқайыр ханның ұрпағы.

Бесінші  сұрақ:  Күйші  алғаш күйлерін кімнен үйренген? (2-ші беттің сұрағы)

Жауабы:Даулеткерей  күйді бала кезінде Мүсірәлі күйшіден үйренеді. Жас кезінен аң аулап, домбыра тартып сері, өнерлі жас болған.

Алтыншы сұрақ : Күйші  Дәулеткерей сауатты  болған ба? (2-ші беттің сұрағы)

Жауабы: Дәулеткерей алдымен молдадан оқып, кейін Ресейден білім алып орысша оқыпта, жазыпта үйреніп  генерал дәрежесіне дейін жеткен және туған жері  Ордада балаларының орысша білім алуына жағдай туғызған . Халыққа жақын адам болған.

Жетінші  сұрақ : «Топан» күйі  қалай шыққан ? (2-ші беттің сұрағы)

Күйшінің  аңға салатын Топан атты  бүркіті болады, күндердің күнінде бүркіт жоғалып  кетеді.Күйші бүркітті көп іздеп, көп күтеді. Бірде  сәске түсте шаңыраққа қарап жатса көкте самғап ұшып бара жатқан бүркітті көреді, қуанып, үміттеніп күйді тарта береді  бірақ кеткен  бүркіт қайтпайды, күйші қамығып  күйді  бүркіттің атымен «Топан»  деп атаған екен.

Сегізінші  сұрақ: күйші ұлы күйші Құрманғазымен кездесе ме? (2-ші беттің сұрағы)

Иә, ұлы күйшілер бір заманда  өмір сүріп,бір-бірімен кездескен.

Оныншы сұрақ:  Жобамен күйшіде қанша күй бар ? (2-ші беттің сұрағы)

Күйшіде жобамен елуге жақын күй бар. Даулеткерейдің  туған  жиені Науша Бөкейханов күйшінің елуге жақын күйін орындаған сонымен бірге күйші туралы құнды деректер берген. Енді күйшіге  арналған бейнероликке назар  аударамыз.

Күй  өнеріне тоқталсақ, қазақ халқы ертеден тіршіліктерін,   ойларын күй арқылы білдірген. Күй өнері –қазақ халқының басты рухани байлығы. Күй-рухани мәдиниетінің  маңызды саласы. Ендеше, балалар бүгін біз тағы бір «Қыз Ақжелең» деген  жаңа күй тартып үйренейік. Біз домбыраны  құймақұлақтық әдіспен үйреніп жүрміз. Бұл  ата-бабамыздан келе жатқан әдіс.Ертеде  күйші күй тартып отырғанда  нағыз орындаушы  қарап отырып-ақ  сол сәтте еске сақтап,күйді сол мезетте қайталап тартып берген  деседі. Атақты  Құрманғазы Дина  күйшіге домбыра  тартқанда  Дина күйді  бір ойнағанда қайталап берген деседі.

Ал біз құймақұлақтық  әдіске нотамен тарту әдісін қосып күйді тез үйренуге , нақышына келтіріп тартуға  дайындалайық. Алдымен «Қыз Ақжелең» күйінің шығу тарихына тоқталсақ, күй  қырқыншы жылдары шыққан күйшінің алғашқы күйінің бірі. Шығу тарихы былай:   Даулеткерей ауылына жақын ауылда Ақбала атты жас қыз болады. Ақбала ақылына көркі сай, өнерлі , домбырашы қыз болған.Жас қыздың өнері  Даулеткерейді  таң  қалдырады.Көп, кешікпей  өмірге «Қыз Ақжелең» күйі келеді. Бұл күй жас қызға арналғандықтан  шаттыққа, қуанышқа толы күй. Күйде жеңіл  ырғағы  бар, лирикалық күй.

Өткен сабақта біз күйдің негізгі бөлімін жәй екпінде тартып үйренгенбіз,енді тоқтамай ойнауға тырысамыз, айтып көмек беріп отырамын,сендер ынталанып жетекшімен қосылып бірге тартамыз. Алдымен күйдің  екпініне (ритміне)  көңіл бөлеміз . Күйде  дыбыс ұзақтығы  ауысып отырады, сегіздік, төрттік, он алтылық   дыбыстар кездеседі. Өлшем бірлігі  8/6, бір тактінің ішін (алтыға) санаймыз. Шығармада он алтылық ноталарды жеңіл, жұмсақ, ойнақы тартуға  тырысамыз, сонда балалар  жеңіл,би ырғағын байқаймыз. Күйдің қайырмасы әр буын бөлімінде кездесіп отырады. Енді осы екпінді, қағысты сақтап күйдің сағасын үйренеміз.

Жаңа мәтіннің ноталарын айтып отырамыз.Фа до, соль до, ля до,соль до, фа до,соль до,ля до содан соң барып әуен бастапқы сазбен байланысады. Енді күйдің  ойнау техникасымен, динамикалық белгілерімен  жұмыс жасалады.

Әр шығармада  қиын жер — күйдің әдемі сазы болып есептелінеді. Күйді тартып  отырып саусақтардың  қойылуына  мән береміз (аппликатура) бұл өте маңызды.

  1. Музыкалық  сергіту  сәті:  2-3 минут  музыкамен жаттығулар жасаймыз.   қаламыздың музыкалық колледжнің  студенті  Барақбай Бексұлтанның орындауында Дәулеткерейдің  күйі «Аңшылық» және Оңдыбаева Гүлденнің орындауында «Топан» атты күйін тыңдаңыздар. Сұрақ- жауаптар арқылы сабақты пысықтау, жаңа терминдерді қайталау және  орындалған күйлерге  қысқаша  шолу.Алғашқы орындаған «Қара жорға» күйін халық күйі, себебі: күйді шығарған  күйшінің аты- жөні ұмытылып , бізге күйдің өзі ғана жеткен (авторы ұмтылып қалған).

Дәулеткерейдің «Қос-алқа» күйі жалпы қазақ қыздарына, қыздардың әшекей- бұйымдарына арналған, лирикалық күй. Жеңіл, жұмсақ тарта отырып видиороликке назар аударамыз. ( қолдан жасалған зергерлік әшекей- бұйымдар, ұрпақтан- ұрпаққа беріп отырған ).

Музыкалық белгілерді қайталаймыз және күйлерге пайдаланып  орындаймыз.

     Мажор— көңілді, әдемі ырғақты музыка,

Минор – көңілсіз музыка.

         Гамма ноталар тізбегі, до нотасынан до нотасына дейін.

         Лига— дегеніміз дыбыстарды байланыстырып тарту.

Бүгінгі  сабақта  жаңа термин пайдаландық, енді соны қайталайық.

Жаңа терминдер:

  1. Лирика дегеніміз не?                      

Лирика – адамның көңіл күйін, сезімін,қуаныш-ренішін білдіретін музыка.

  1. Крещендо — дегеніміз не? Крещендо–дыбыстарды біртіндеп күшейту.
  2. Аппликатура – дегеніміз не? Аппликатура – саусақтардың  дұрыс орналасуы.

     4.Фаршлаг – дегеніміз не? Фаршлаг- дыбыстарды әсемдеу, қағыс алынбайды бірақ майда саз бар.

              Слайд: 2. Келесі кезекте бейнероликке қарап отырып, қазақ қыздарының әшекей бұйымдарын тамашалай көре отырып, Даулеткерейдің  «Қос алқа» күйін әуезіне келтіріп  (дыбыстармен сырға, шашбаулардың сылдырын, қыздардың әсем жүрісін т.б сезе отырып) орындаймыз.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта қорытындылай келгенде біз төре күйлерінің атасы Дәулеткерей күйшінің өмірбаянымен танысып «Қыз Ақжелең» күйін үйреніп, аяқтадық және бірнеше күйін тыңдап таныс болдық. Сабақ барысында орындалған күйлерге қандай музыкалық белгілермен қандай музыкалық терминдер  пайдаланып орындадық ?   Орындалған шығармаларда: мажорлы күй, минорлы күй, лирикалық күйлер орындалды  ал динамикалық белгілерден: пиана, пиониссимо,фортиссимо, крещендо, лига, фаршлаг  белгілерін, сонымен бірге   іліп-қағу әдісін  пайдаландық. Гамманы  тремломен   орындадық.

           Үйге  тапсырма : Күнделікті жаттығулармен гаммаларды тарту,  «Қыз Ақжелең» күйін соңына дейін орташа екпінде  үзбей орындау, жаттау.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.