Экономика негіздері пәнінен сайыстың жоспары

Адильбекова Алтынай Расылхановна

 

Максаты:      1. Студенттің  білімдерін жинактау. окып-үйренген негізгі мәселелерді пысықтау, білім-білік дағдысын тексеру.

  1. Шешімдерді қабылдау барысында тапқырлықпен аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
  2. Өзін және өзгелерді рухани материалдық кұндылықтармен қамтамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға тәрбиелеу.

 

Өткізу нысаны: Сайыс

 

 

Көрнекіліктер:интерактивті тақта, , бағалау парақшалары, тапсырмасы бар конверттер,

Слайдттар: №1 «Сайыстың шарттары»

№2 «Блиц турнир сұрақтары»

№3 «Сөзжұмбақ»

№4 «Мақал – мәтелдер»

№5 «Терминдермен жұмыс»

 

С А Й Ы С Т Ы Ң  Б А Р Ы С Ы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі:
  2. Іс-шараның мақсаты, жүргізілу тәртібі туралы баяндау
  3. Әділ-қазылар алқасымен таныстыру
  4. Сайысқа қатысушы командалармен таныстыру
  5. Сайыстың шарттары мен ережесі туралы мағлұмат жасау

 

  1. Негізгі бөлім: Сайыстың жүргізілуі
  2. Командалардың өздерін таныстыруы
  3. Үй тапсырмасы «Біз және экономика»
  4. Блиц турнир (ашық тест)
  5. Сөзжұмбақ шешу
  6. Капитандар сайысы
  7. Сөздікпен жүмыс

 

III.  Сергіту сәті

 

III. Қорытынды бөлім:       а) Жеңімпаздарды анықтау

б) Жүргізушінің қорытынды сөзі

 

Жоспарды қүрған:  А. Адильбекова

 

 

Ұйымдастыру кезең:

Оқытушының кіріспе сөзі:

«Экономика негіздері» пәнін оқып – үйренген студенттер арасында сабақта өткізілген материалдарды қорытындылау мақсатында экономикалық сайыс ұйымдастырылып отыр.

Сайысымыздың мақсаты студенттердің білімдерін жинақтау, білім-білік дағдысын пысықтау. Қандай мамандық, маман болмасын экономикаға үлес қосатын бәріміз білеміз. Әрбір өндірілген өнімнің, атқарған қызметтің түпкі нәтежиесі экономиканы дамытуға үлес қосады. Міне, сондықтан экономиканы оқу экономистердің ғана міндеті емес, оны барлық адам білуге міндетті.

Бүгінгі сайысқа өатысып отырған мамандықтар осыны дәлелдейді деп үміттенеміз.

 

//. Негізгі бөлім: Сайыстың жүргізілуі Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар!

Ұстаздар мен оқытушылар!

Қатысушылар мен жанкүйерлер!

Көпшіл болган ер дана,

Достары болар әр сала.

Өнерліден үлгі алып,

Салдырар сәнді мол қала.

Өнерлімен дос болсаң,                                                        \

Қиялыңды қозгайды- демекші, бүгінгі «Экономика негіздері» пәнінен

өткізгелі отырған сайысымызға қош келдіңіздер. Олай болса сайысымыздың шарттарымен

таныстырып өтейік:

  1. Командалардың өздерін таныстыруы
  2. Үй тапсырмасы «Біз және экономика»
  3. Блиц турнир (ашық тест)
  4. Сөзжұмбақ шешу
  5. Капитандар сайысы
  6. Сөздікпен жұмыс

 

Жүргізуші:

Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.

Кім өнерлі, кім тапқыр — шешу қиын,

Қазылар алқасы болмаса нық сын алар.

Кез келген сайыс багалануы тиіс. Осының ара-жігін ажырататын қазылар алқасы деген болады. Бұл — жарыстың ажырамас бір бөлшегі, дәстүрлі үрдісі, бізде сол үрдіс бойынша әділдігін айтып, тура шешім шығарар қазылар алқасымен танысайық.

3.

4.Есепші:        :

 

Жүргізуші:  Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына. Ұқыптылық пен зеректік, Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына — дей келе сайыскерлерге сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

I тур — Командалардың өздерін таныстыруы (команданың атауы, эмблемасы, девизі)

 

Жүргізуші: Бабамыз Әл-Фараби өзің колда,

Ұмтыламыз өзіңдей біз ғылымға.

Оқимыз, үйренеміз, зерттейміз біз,

Ашамыз экономика сырларында

Ендеше кедесі турымыз «Үй тапсырмасы».

 

II тур — Үй тапсырмасы оқушыларға алдын ала берілген «Біз және экономика» тақырыбындағы тапсырмалары бойынша ой пікірлерін тыңдау.

 

 

 

Жүргізуші:   Мықты болсаң — алдағыны басып өз.

Мықты болсаң — арттағыны жеткізбе! Мықты болсаң — шоқалакка сүрінбе,

Мықты болсаң — тайғанама көк мұзда, Мықты болсаң — бөгеттерді бұзып өт! Мықты болсаң — заманыңды көктеп өт!

 

III тур — Блиц турнир (оқушыларға 10 сұрақ беріледі. Жауаптарын параққа жазып отыру керек. 1 дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.

  1. «Экономика» сөзі кандай мағына береді? — үй шаруашылығын жүргізу өнері
  2. Адамда бір нәрсенің жетіспеушілігінен туындайтын сезім — қажеттілік
  3. Экономикалық процестерде колданылатын, пайдаланатын, қолдануға болатын игіліктер — ресурстар
  4. Адамдардың өмір сүруіне қажетті бұйымдар? — түтыну бұйымдары
  5. Айырбастау және сату, тұтыну үшін шығарылатын еңбек өнімі — тауар
  6. Жер, капитал, еңбек — өндіріс факторлары
  7. Адамның еңбекке деген кабілетінің жалпы сипаттамасы — жұмыс күші
  8. Меншіктік қатынастың пассивті бөлігі — меншік объектісі
  9. Акшаның құнсыздануы — инфляция
  10. «Азғантай, көп емес» деген бәсекенің түрі нені білдіреді — олигополия

 

Жүргізуші:  Бәйге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма.

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

 

IV тур — Әр командага бірдей 10 сұрақтан тұратын сөзжұмбақ беріледі. Оқушылар 3 минут ішінде жауап беруі тиіс. 1 дұрыс жауапка 1 балл беріледі. Сөзжұмбақ сұрақтары:

  1. Экономиканы біртұтас етіп «үлкен экономиканы» зерттейтін бөлігі -макроэкономика
  2. Өнертабыс авторына берілетін қорғау құжаты — патент
  3. Дамыған бэсекенің қарама-қарсы түрі — монополия
  4. Бұл өндіріске байланысты жұмыс атқаратын, олардың жұмысын қамтамасыз ететін экономикалық объектілер — инфрақұрылым
  5. Тауар сатып алғанда төленуге тиісті ақшаның сомасы — баға
  6. Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесі қандай – нарықтық жүйе
  7. Мемлекеттік бюджет көздерінің басты көзі — салықтар
  8. Тұрғындардың экономикалық белсенді бөлігінің уақытша ештеңемен айналыспай, табыс таппай босқалуы — жұмыссыздық
  9. Тауарды қажеттілігін қанағаттандыру үшін пайдаланатын адам — тұтынушы
  10. Физиологиялық мағынада адам еңбегін жұмсау, еңбектің қай түрі — абстракті

 

Жүргізуші:   Мақалшы аталатын кез де келді,

Көп нәрсе уақыт сайын өзгереді. Қанеки, шын шешенді біз табайық, Үйреткен бұл өнерге өзгелерді.

 

V тур — Капитандар сайысы (оқушыларға параққа жазылған мақал-мәтелдер беріледі, мағынасын ашу)

  1. Қарыз алған — айлакер Қарыз берген пайдакер
  2. Тереңнен тапқан — кен қымбат Тебірене сүйген — ел қымбат
  3. Таудағы тайдан, табақтағы құйрық артық 4. 4. 4.Судың да сұрауы бар

 

  1. Теңге тиыннан құралады
  2. Есептей білгеннің есесі кетпейді
  3. Бай болмасан бай болма Білім, өнерге сай бол
  4. Бес тиындық қоян, он тиындық зиян

 

Жүргізуші:  Қалжыңдалық, қатты ойналық,

Күлгенді де, ілгенді де қоймайық. Қай-қай сөз де айту үшін жаралған, Бірақ соны айтқан абзал ойланып

 

VI тур — Терминдермен жұмыс (әр командаға параққа жазылған терминдер беріледі сол
бағандағы терминдерді оң бағандағы терминдермен қосып экономикалық сөз құрау керек
және мағынасын түсіндіру.

 

1. Жұмыссыздық
2. Ресурстар
3. Инфрақұрылым
4. Экономика
5. Еңбек
6. Капитал
7. Меншік
8. Қажеттілік
9. Монополия
10 Олигополия
11 Өнеркәсіп
12. Бюджет

/. Сергіту сәті:

Командатар терминдермен жұмыс жасау кезінде жанкүйерлер қалаған командаларына 1 ұпай косып бере алады. Ол үшін  терминдерге аныктама беру керек.

 

1. Несие
2. Акция
3. Дамыған бәсеке
4. Кәсіпкер
5. Жұмыссыздық
6. Табыс
7. Шығын
8. Меншік
9. Тауар
10. Капитал

 

III. Қорытынды бөлім: Жеңімпаздарды аныктау, марапаттау

 

Жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байкадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтарңдар әрдайым.

Сайысымыздың қорытындысын айтуга әділқазылар алқасына сөз береміз.

 

Жүргізушінің қорытынды сөзі: Міне біздер анықтадық женімпазды,

Айта алмаспыз міне мынау кеш калды.

Риза боп уәжіне әділқазы алқасы,

Құттықтаймыз жеңімпаздарды

Барына риза болсын көрермендер,

Үйретті білмегенге білімділер.

Осымен бұл сайысты тамамдасақ,

Тағы да жүздесерміз белестерде білім деген.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.