Тақырыбы: Ертегілер еліндегі қызықты математика

Жантохова Тойган Койлановна

 

Ересектер тобы

 

Мақсаты:  Балалардың сан мен санау геометриялық пішіндер, көлем кеңістікті бағдарлау, уақытты бағдарлау, жыл, ай, апта күндерін атауды үйрету, жыл бойына өткен білімдерін бекіту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, ертегі арқылы математика сабағына деген  қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Қөрнекілік  құралдар:Кеспа сандар, әр түрлі пішіндер, тақырыпқа байланысты көрнекіліктер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер: Күннің көзі ашылып,

Көкте шуақ шашылып,

Төрімізге еніпті

Сәлем беру үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой

Ал,қанекей,бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме ұстаздар?

Қызықтыру сәті: Әуенмен Ертөстік келеді. Мұңайып, көңілі жоқ , жабырқап.

Ертөстік балдалармен көңілсіз амандасады.

Тәрбиеші: Балалар Ертөстік батыр емес пе? Бізге қандай мақсатпен келді екен, сұралық балалар.

Ертөстік: Балалар мен сендерден көмек сұрауға келдім. Менің 8 ағам бар, сендер білесіздер. Ағаларымды тау шатқалында тұратын Тасбол деген жауыз сиқыршы сиқырлап қойды. Не жасарымды білмей сендерге келдім,көмек сұрап,қайтсемде ағаларымды құтқаруым керек.

Тасбол: Мен сиқыршы Тасболмын. Ертөстік мен сенің ағалардыңды тасқа  айналдырып жібердім. Енді сен жалғыз қалдың.

Осы кезде таудың суреті шығып дыбыс шығады. Мен сенің ағаларыңды тасқа айналдырып жібердім. Енді сен жалғыз қалдың,балалардан көмек сұрап тұрғаныңды да көріп тұрмын. Мен сендерге тапсырма беремін дұрыс жауап берсеңдер Ертөстіктің ағаларын босатамын.

Балалар келіседі.Мен   тапсырмаларды маған келер жолда киіз үйлер бар  сол киіз үйдің ішіне жасырдым. Тапсырмамды одан сайын қиындатамын. Ха-ха-ха.

Тәрбиеші: Балалар енді не жасаймыз. Ертөстіктің ағаларын құтқарамыз ба? Қандай тапсырма жасырыпты қаралық.

  • тапсырма: Киіз үйден тапсырманы алайық. Ертегі гүлін құрап , түсін айтып, 1-ден 10-ден дейін тура және кері санап беріңдер.
  • тапсырма: 10-ға дейін сандар туралы санашықтарды айтып беріңдер «+, -, =» амалдары туралы тақпақтар айтып беріңдер.

Димаш: Айда біреу аспанда,

Күнде біреу аспанда.

Тұратұғын елжіреп,

Бәрімізде бір жүрек.

Динара: Жаратқанның бергені,

Екі көзім бар менің.

Екі құлақ қалқиып,

Айтқан сөзді ал құйып.

Жоқ ешкімнің  артығы,

Екі бүйрек тағы бар.

Азамат: Әр нәрсенің  шегі бар.

Үш айтқызбай бастайды іс.

Бір-екі-үш-дегенде,

Жиналады бойга күш.

Тәрбиеші : Балалар  қане,үшінші киіз үйімізден тапсырманы алайық.

 

Сергіту сәті: Міне ,міне қолымыз,

Оңымызбен солымыз.

Қол соғайық алақай,

Бір,екі деп балақай.

Тоқылдатып билейтін,

Аяғымыз қайсы екен?

Міне,аяқ алақай,

Кел билейік балақай,

Бір,екі деп бастайық,

Тез-тез қадам жасайық.

Тез еститін сиқырды,

Айқай шуды,тықырды.

Құлағымыз қайсы екен?

Міне,құлақ,балақай.

Табылды ғой  балақай.

Тәрбиеші:  Жарайсыңдар балалар,бойымызды біраз сергітіп алдық. Балалар  Тасболдың  3 тапсырмасы қандай болды екн, 3 –киіз  үйде не тапсырма бар екенін ашып көрейік.

 3-тапсырма. Сандар туралы мақал-мәтелдер,жұмбақтар айту екен,сендер мақал,жұмбақ білесіңдер ме?

Балалар: Ия білеміз.Мақал жұмбақтар айту.

Ақ ерке: Алты жыл аш болсаңда,ата салтыңды сақта.

Асыл: Шындық –он екі қабат шынжырды үзеді.

Марат: Жүз сомың  болғанша,жүз досың болсын.

Жаншуақ: Отыз тістен шыққан сөз,

Отыз рулы елге тарайды.

Тимур: Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз.

Аман: Бір тал кессең,он тал ек.

Дильшат: Екі тілді білген адам,екі адам.

Самира: Білікті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.

Камшат: Досыңды үш күн сынама,үш жыл сына.

Тәрбиеші:  Жарайсыңдар балалар, енді жұмбақ кім біледі?

Балалар:

Мақсат: Бір көжекке бір көжек,

Келе қалды қонаққа,

Бес сәбізден бірден жеп,

Тойып алды тамаққа.

Айта қойшы алғырың.

Қанша сәбіз барлығы? (10)

   Самат: Бір бұтақта бес тармақ,

Бәрінде бар мүйіз қалпақ,

Екі бұтақта неше тармақ? (10)

Тәрбиеші: Балалар төртінші киіз үйдің ішіндегі тапсырмасын оқып көрейік. Тасболдың тапсырмасы былай екен:осы кедергілердің ішінде жолда қанша геометриялық пішіндер бар? Оларды ата депті.Балалар киіз үйдің маңында нелер бар?

Балалар: шырша, ағаш, гүл.

Тәрбиеші: Шырша қандай пішінге ұқсайды?

Балалар:Үшбұрышқа ұқсайды.

Тәрбиеші: Ал ағаш ше?

Балалар: Сопақшаға

Тәрбиеші: Гулдің күлтелері ше?

Балалар: Шеңберге ұқсайды.

Балалар алдындағы пішіндерді көрсетіп отырады.

Тәрбиеші: Балалар біз Тасболатқа бір тосын сый жасайық. Осы пішіндерден әртүрлі шырша,киіз үй,балапан,ағаш құрап берейік. Жасаған затымызды Тасболға сыйлайық.Мүмкін Тасбол Ертөстіктің ағаларын босатар. Балалар төрт топқа бөлініп отырылды. Төрт топтың балалары төрт түрлі геометриялық пішіндерден құралған.

1-топ шыршаны құрастыру.

2-топ ағашты құрастыру.

3-топ киіз үйді жапсырады.

4 -Топ балапан жапсырады.

Балалар түрлі түсті қиылған қағаздан геометриялық пішіндерді пайдалана отырып жоғарда аталған заттарды жасайды. Тәрбиеші жұмыс барысын қадағалап, бағыт-бағдар береді.

— Жарайсыңдар, балалар, барлығың жақсы жұмыс жасадыңдар.

Тәрбиеші: 5-киіз үйдегі тапсырманы оқып көрейік.Кеңестікті бағдарлау. Киіз үй алдында бақша бар. Сол бақшаға көкөністерді орналастыр, сәбізді жоғары оң жақ бөлікке, қырыққабатты жоғарғы сол жақ бөлікке, картопты төменгі сол жаққа, пиязды төменгі оң жаққа орналастыр.

Балалар кезек-кезек шығып орналастырады.

Тәрбиеші: Балалар енді неше киіз үй  қалды?

Балалар: соңғы 6-киіз үй.

Тәрбиеші: Соңғы киіз үйдің тапсырмасын Ертөстік алсын. Тасболдың соңғы тапсырмасы  уақытты бағдарлау екен. Сурет арқылы уақытты бағдарлап,сұрақтарға жауап беру.

Бір жылда неше мезгіл бар?

Балалар: 4 мезгіл бар.Көктем, жаз, күз, қыс.

Бір жылда неше ай бар?

Балалар: 12 ай

Тәрбиеші: қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:қыс мезгілі

Тәрбиеші: бір аптада неше күн бар?

 Балалар: 7 күн бар

Апта деген ағайдың,

Жеті бірдей ұлы бар.

Біріншісі дүйсенбі

Екіншісі сейсенбі

Үшінішісі сәрсенбі

Төртінішісі бейсенбі,

Бесіншісі жұма,

Алтыншысы сенбі,

Жетіншісі жексенбі.

Тасбол: Балалар,сендер менің  сұрағыма мүдірмей жауап бердіңдер. Ертөстікке де көмектестіңдер,енді  Ертөстік ағаларыңды босаттым қарсы ал.

Ертөстік: балалар сендерге көп-көп рахмет,сендер болмасаңдар не істер едім,міне бауырларым Тасболдың  сиқырынан босап шықты  көп-көп рахмет.

Сабақты қортындылау:

Бүгін кімге көмектестік?

Қандай тапсырмалар орындадық?

Міне, балалар, біздің сабағымыз аяқталды. Біз өзіміздің  ауыз бірлігіміз, мейірімділігіміз,  достығымыздың арқасында Ертөстіктің ағаларын босаттық.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.