Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

Кажапиева Назгул Оразовна

 

Көркем әдебиет

Ортаңғы топ

 

Мақсаты:

Білімділігі: Балаларды қоршаған ортамен таныстыру,ертегінің қалай басталып, қалай аяқталатыны жайлы ұғымын бекіту.

Дамытушылық: Балалардың ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік : Ойындар арқылы балаларды ептілікке, жылдамдыққа, қызығушылыққа, еліктеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, жұмбақтар,ойын,мадақтау.

Көрнекіліктер: слайд, орман декорациясы,ойыншық мысық,паравоз макеті.

 

Оқу іс-әрекетінің барысы: Балалар,бүгін бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Қонақтармен амандасып алайық.

Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Үлкендерді көргенде

Амандасып аламыз.

Сәлеметсіздерме?

Жарайсыңдар,балалар,енді бәріміз «Шаттық шеңберін» құрайық.

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын алайық.

Жүрекке жылу салайық.

Жиналған жылы шуақты,

Қонақтарға шашайық.

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Ертегілер еліне бармас бұрын мен  сіздердің қандай ертегіні білетіндеріңді байқау үшін,  «Ертегіні ата» ойының ойнағым келіп тұр.

(Слайдпен жұмыс).

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! «Ертегілер еліне» барар жолымыз ұзақ, сондықтан да біз көңілді паравозбен барамыз.Жүргізушіні санамақ арқылы сайлайық.(Санамақ арқылы жүргізуші сайланады).

Көңілімізді көтеріп,ән айтайық.

Ән: «Ертегілер,ертегілер»

-Міне балалар «Ертегілер еліне» де келіп жеттік.Балалар қараңдаршы айнала тып-тыныш, ағаштары қалың өскен,солай ма, балалар? Осы кезде Қызыл телпек келеді.

Қызыл телпек: — Сәлеметсіздер ме балалар? Сендер мені таныдыңдар ма? Мен кіммін?

Балалар: Сәлеметсіз бе! Сіз ертегідегі Қызыл телпексіз.

Қызыл телпек: — Балалар біздің «Ертегілер еліне» қош келдіңіздер, кәне төрлетіңдер.Сендер ертегілерді ұнатасыңдарма? Мен сіздерге бір жұмбақ жасырайын, ал сендер мұқият тыңдап шешіп көріңдер.

Сыбдыр шықса қашады,

Қырдан бір-ақ асады.Бұл не?

Балалар: Қоян.

-Ал сендер қоян туралы тақпақ білесіңдер ме?

Балалар:

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы — қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қызыл телпек: — Жарайсыңдар балалар,мен сіздерге тағы да жұмбақ жасырайын,сендер шешіңдер.

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

Бұл не, балалар?

Балалар:- Аю.

Қызыл телпек: — Аю туралы тақпақты кім біледі?

Балалар:

Алып батыр балпаңмын,

Ақ ниетім, дарханмын.

Басқа аңға тимеймін,

Балпаң-балпаң билеймін.

Қызыл телпек: Ал енді соңғы жұмбағымды шешіп көріңдерші.

Еріксе құйрығымен ойнайды,

Зеріксе ұйқыға бір тоймайды.

Бұл не?

Балалар:- Мысық.(Үнтаспада мысықтық дауысы естіледі).

Осы кезде Мақта қыз келеді.

Мақта қыз: «кис- кис»- деп мысығын іздеп жүреді.

Тәрбиеші: — Сәлеметсіз бе? Сіз не іздеп жүрсіз?

Мақта қыз: — Сәлеметсіздер ме, мен мысығымды іздеп жүрмін,сіздер көрмедіңіздер ме? (қолында мысықтың құйрығы бар)

Тәрбиеші: — Балалар,бұл кім? Таныдыңдар ма?

Балалар: — Мақта қыз.

Мақта қыз:  Балалар,мен мысығымды ренжітіп алдым,мысық туралы ән айтып беріңдерші, мүмкін мысығым естіп,табылып қалар.

Ән: «Мысығым».

Осы кезде мысық жүгіріп шығады.

Қызыл телпек: — Міне, мысықта табылды.

Мақта қыз: — Алақай-алақай мысығым табылды.

Мысық: — Мақта қыз мені іздедің бе?.

Мақта қыз: Мысығым кешір мені, міне құйрығың.                                              Мысық: — Сен де мені кешірші,енді сүтіңді төкпеймін.

Мақта қыз:- Менің мысығымның қарны аш сияқты, жүр Қызыл телпек мысыққа сүт берейік (балалармен қоштасып,шығып кетеді).                                                                                                                               Тәрбиеші: — Көрдіңдер ме,балалар «Ертегілер елі» неші түрлі қызыққа толы.

Музыка ойналып,ішке Мыстан кемпір кіреді.

Мыстан кемпір:— А-А-а Бізге қонақтар келген екен ғой. Бәсе-бәсе тәтті иістер шығады.Бүгін бір қарным тоятын болды.

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе.Сіз біздің балаларды қорқытпаңыз. Балалар бұл кім,таныдыңдар ма?

Балалар:- Мыстан кемпір.

Мыстан кемпір:- Мыстан кемпір,мыстан кемпір деп. Мен мына «Ертегілер елінің» ең сұлу бикешімін.(сыпырғымен балаларды түрткілейді).

Тәрбиеші:— Жоқ,жоқ Мыстан кемпір тиіспеңіз біздің балаларға.Біздің балалар ақылды, тәртіпті.Олар жұмбақты да шешіп,тақпақты да айтып. ән де сала біледі. Ойнағанды да жақсы көреді.

Мыстан кемпір:- Солай ма. қазір онда мен бұларды сынап көрейін.

Ойын: «Сыпырғыма тигізбе».

Мыстан кемпір: — Ой шаршадым.Сендер шынынды да епті екенсіңдер.

Мен сіздерге жұмбақ жасырайын, кәнікей табып көріңдерші.

Мен атадан қаштым

Мен әжеден қаштым

Қояннан да қаштым… Бұл қай ертегіден?

Балалар: Бауырсақ.

Мыстан кемпір: (алақандарын ысқылап: А-ха бұларға мен қиын тапсырма берейін.Қалай білетіндерін көреміз.

Ойын: «Орнын тап»  ( «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлерін ретімен орналастыру) .

Мыстан кемпір: — Ой жарайсыңдар, бұл сынақтан да өттіңдер.Шынында да ақылды балалар екенсіңдер.                                                                                           Тәрбиеші:-  Біздің балалар бұл ертегі кейіпкерлерін біліп қана қоймай,сонымен қатар ертегіні сахналай алады.

Ертегі:«Бауырсақ».

Мыстан кемпір:- Қандай ақылды балалар,өте білімді де өнерлі екенсіңдер.

Тәрбиеші: Мыстан кемпір,біздің балабақшаға қайтатын уақытымызда келіп жетті.Балалар, ертегі кейіпкерлерімен қощтасып, тобымызға қайтайық.

Тәрбиеші: —   Балалар,біз қайда бардық?

  • «Ертегілер елінде бізге қандай ертегі кейіпкерлері кездесті?
  • Балалар,сендер қандай ертегіні сахналадыңдар?
  • Сендерге «Бауырсақ» ертегісі ұнады ма?

Жарайсыңдар,балалар,сендер ойын-сауық кешіне жақсы қатыстыңдар.Енді орнымыздан тұрып,ән айтып, қонақтармен қоштасайық.

Ән: «Ертегілер елінде».

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.