Сабақтың тақырыбы: «Ғажайып математика»

Султанова Лаура Ахметжановна

 

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: қарапайым математикалық түсініктерді қайталау.

Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, іс-әрекет дағдыларын меңгерту, әлемнің тұтас бейнесін түсініп, ойлауға ауызша қосып, алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажыратуға, қарым-қатынас, көмек көрсету, сыйластықты қалыптастыру. Балаларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту сәті, жұмбақтар.

Керекті құралдар: суреттер, кілем, шар, геометриялық пішіндер, сандар.

Саламатсыздар ма балалар!

Саламатсыз ба.

-Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!

Біз әдепті баламыз

Алдыменен қонақпен

Амандасып аламыз.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал қанекей, бәріміз.

Сәлем дейік үлкенге.

Жылулық шеңбер:

-Қане, балалар барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.

-Балалар, мынау ненің суреті?  /күннің/

-Күн жарқырап шыққан кезде аналарың қайырлы таң деп айтады ма?

Қане, бізде қайырлы таң тілейік.

  • Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!
  • Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар!
  • Көздерін, құлақтарын уқалайды.
  • Шапалақтайды.
  • Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі күніміз жақсы өтсін.

Балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын. Мына шарларды ала келдім.

-Бір жылда неше мезгіл бар?

Балалар: Төрт мезгіл. Қане атап шығайық. /қыс,жаз көктем, күз/

Бұл шарлардың түсі де сол мезгілдерді білдіреді екен.

-Мына шардың түсі қандай мезгілді білдіреді? /ақ/

 Балалар: Қыс.

-Бұл шардың түсі қандай мезгілді білдіреді? /сары/

Балалар: Күз мезгілін. Жапырақтар сары түске боялады. Жер беті сары кілемге боялады.

Жасыл түсті шарды көрсету. /көктем/

Балалар: Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл түске оранады. Ағаштар бүршік жара бастайды.

Қай уақытта гүлдер қызыл түске боянады? /жаз/

Балалар: Жазда гүлдер алуан түрлі түске боялады.

-Түстерін білдік, енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?

Балалар: ия

Ерқанат келе ғой, шарды жарайық. Балалар, бізге тапсырмалар берілген, осы тапсырманы дұрыс орындасаңдар, мына сиқырлы кілемшеге отырып «Ғажайып математика» еліне саяхатқа барамыз.

1-тапсырма.  1-ден 5-ке дейін кері санау.

1,2,3,4,5….5,4,3,2,1

2-тапсырма Дидактикалық ойын. Сандардың көршісін табу.

  • 2 3 4 5 /2/ 1 2 3 5 / 4/

3-тапсырма    Логикалық есптер.

Дүкеннен анам төртбұрышты доп сатып әкелді, оның біреуін ініме бердім, менде неше доп қалды. /1/

Қоянда неше құлақ бар? / қоянның суретін көрсету./

Қолда неше саусақ бар? /10/

4-тапсырма. Жұмбақтар

Адамға серік, күзетке берік.  /ит/

Жүрегі бар, ізі жоқ

Қанаты бар ұшпайды.

Су астында қыстайды  /балық/

Мен атамнан қаштым

Мен әжемнен қаштым

Таба алмадым атамды, әжемді

Үйімді сағындым.

Бұл қай ертегі? /бауырсақ/

Кішкене ғана бойы бар, айналдыра киген тоны бар  /қой/

5-тапсырма  Қарама-қарсы сөздер.

Жуан-жіңішке, биік-аласа,жарық-қараңғы, ақ-қара, кең-тар.

6-тапсырма: Дидактикалық ойын: Ертегілерді тауып айт. Текшені айналдырып, ертегінің атын атау.

/қызыл телпек, бауырсақ,қарылғаштың құйрығы неге айыр,шалқан ертегісі/

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық

Шеңбер жасап алайық

Бір отырып, бір тұрып

Топылдатып басайық

Қолымызды жазайық,

Құсша қанат қағайық

Иіліп оңға бір

Иіліп солға бір

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық.

-Жарайсыңдар, балалар тапсырманы жақсы орындадыңдар. Енді менің қолымдағы пішіндердің атауын айтып, неге ұқсайтынын айтып беріңдерші.

— Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым

Балалар:дөңгелек

-Барлық шатыр ұқсайды тек, өзіме, бірден білер құлақ асқан сөзіме.

Балалар: үшбұрыш

-Теледидар таныс екен баршаға, ал пішінім ұқсайды ғой…

Балалар: шаршыға

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Балалар, геометриялық пішіндерді ажырата білсек, енді «Ғажайып математика» еліне саяхатқа баратын кілемшемізге қарап геометриялық пішіндерді орналастырайық.

Қараңдаршы, балалар, қандай әдемі кілемше жасадыңдар. Ал осы кілемдегі оюлар қандай пішіннен құралған?

Балалар: үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, тіктөртбұрыш.

Қорытынды: Сендерге сабақ ұнады ма? Сабақта не ұнады?

Балалар шеңберге тұрады, тақпақ айтады.

Біздің топта ұл қыздар

Тату тәтті ойнаймыз

Әлемдегі бар адамға

Тек жақсылық сыйлаймыз.

Күтілетін нәтиже:

Қолынан келуі: балалар, бүгін біз геометриялық пішіндерді ажыраттық және кілемшеге орналастырдық.

Білуі қажет: сандарды тура және кері санау, логикалық есептер ,жұмбақтар шешу.

Болу керек: зейінді, ұқыпты, мейірімді, есте сақтау, ойлау қабілеттері дамыған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.