Сабақтың тақырыбы: Іс қағаздардың түрлері

Атчабарова Махаббат Никановна

 

 

Сабақтың жоспары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – студенттердің алдыңғы алған білімдерін қайта жаңғырту,жаңа ұғымдармен толықтырып,наурыз мейрамы туралы білімдерін жүйелеу және іс қағаздарымен таныстыруды жалғастыра отырып, оларды дұрыс жазуға үйрету, сөздік қорын молайту.

Дамытушылық – түрлі тапсырмалар орындату арқылы студенттердің ой-өрісін, танымын, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, тіл байлығын жетілдіру және іс қағаздарын дұрыс, сауатты жазғыза отырып, ойын дұрыс жеткізе білуге үйрету.

Тәрбиелік – мемлекеттік тілге деген құрметті,Қазақстан мерекелеріне, тарихына деген сүйіспеншілікті арттыру, іскерлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс тәсілдері: ойландыру, қызықтыру, іздену, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ, топпен  жүмыс.

Пәнаралық байланыс: тарих, халық ауыз әдебиеті, орыс тілі.

Көрнекілік:интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар және қосалқы материалдар, қазақша-орысша сөздіктер.

Қолданылған әдебиеттер: ,,ҚР-нда іс қағаздарын жүргізу”, ,,Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл” журналы, ,,Қазақ тілі – орыс мектептерінде” журнал, ,,Қазақ тілі мен әдебиеті” журналы, “М.М Жанпейсова Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде”.

Сабақтың құрылымы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:                                                                               1мин

а\ Студенттермен амандасу

ә\ Сабаққа дайындығын тексеру

  1. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

III. Үй тапсырмасын тексеру.                                                                 19мин

  1. Жаңа тақырып: Іс қағаздардыңтүрлері 20 мин

1.Айлар тарихын білу.

Наурызға байланысты ұғымдармен танысу.

2.Шақыру хат, хабарлау хат, құттықтау хат түрлерімен танысу.

  1. Бекіту : 25 мин

Тапсырма: хат үлгілерін жазу

1-топ.Шақыру хат жазу

2-топ. Хабарлау хат жазу

3-топ.Құттықтау хат жазу

Тапсырма: жаттығулар орындау

1-топ . «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» деген сөзден құжат  аттарын құрап жазу.

2-топ.,,Хат түрлері” тақырыбына кластер құрау.

3-топ.Сөйлем құрап аудару.

  1. Үй тапсырмасын беру. 1мин

VII. Рефлексия.                                                                                         3мин

VIII. Студенттердің білімін бағалап, сабақты аяқтау.                          1мин

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а\ Студенттермен амандасу

ә\ Сабаққа дайындығын тексеру

  1. Сабақтың мақсаты:

Лексикалық тақырып: Айлар тарихын білу, Наурызға байланысты ұғымдармен танысу.

Граматикалық тақырып: Шақыру хат, хабарлау хат, құттықтау хат  түрлерімен танысу.

Мұғалім: Үйге қазақтың  ұлттық тағамдарын жарнамалау және  сөздерді  жаттау болатын.

III.Үй тапсырмасын тексеру.

а\ Тағамдарды жарнамалау.

  • топтың тапсырмасы: Наурыз көже.
  • топтың тапсырмасы: Ет тағамдары.
  • топтың тапсырмасы: Ұн тағамдары.

ә\ Сөзжұмбақ шешу.

  • топтың тапсырмасы: «Наурыз»
  • топтың тапсырмасы: «Іс қағаздары»

3-топтың тапсырмасы: «Хаттар»

Іс қағаздардың түрлері
Іс қағаздардың түрлері
Іс қағаздардың түрлері

  1. Жаңа тақырып.
  2. Наурызға байланысты ұғымдармен танысу.

Көрісу.

Наурыз күнінің бір ерекшелігі,бұл күн көрісуден басталады. Қос қолдап амандасып, төс қағыстыру -,,өмір тірегім – төсім, тіршілік көзім – екі қолым аман сау болсын”дегенді білдіреді. «Бір жасың құтты болсын!» деп тілек айтылады.

Мұғалім: Қане, студенттер түрегеліп бір-бірімізбен қос-қолдап амандасып, төс қағыстырайық.

Тепе-теңдік.

Наурызды қарсы алу мерзімі күн мен түн, қыс пен жаз тепе-теңдікке келген сәттен бастап тойлануы тегіннен – тегін емес.

Игілік.

Игілік көзін ашу. Наурыз тойында жігіттер бұлақтардың көзін ашып, айнала төңіректі тазартып, ағаш отырғызады.

Жаңару.

Наурызда мал төлдеп, жер көктейді. Жан-жануарлар түлеп, дүние жаңарады. Адамдар осы күннен жақсылық, жаңалық күтеді.

Мұғалім: Әр айдың өз шығу тарихы бар.

Наурыз–парсының «нау»-жаңа, «руз»-күн яғни жаңа күн деген сөз.

Сәуір/көкек/

Бұл ай көкектің алғаш шақыра бастаған айы болғандықтан осылай аталған.

Мамыр — көктемнің ең сұлу шағы. Құстың балапанын мамыр деп атайды.

  1. Шақыру хат, хабарлау хат, құттықтау хат түрлерімен танысу.

Жазылу мақсатына қарай қызметтік хаттардың бірнеше түрі болады.

  1. Хабарлама хат – письмо извещение

2 . Шақыру хат– пригласительное письмо

  1. Құттықтау хат – поздравительное письмо
  2. Ресми хат– офицальное письмо
  3. Жеке хат– личное письмо
  4. Ұсыныс, кепілдемелік хат- рекомендательное письмо
  5. Сұрау салу хат- письмо-спрос
  6. Жолдама хат — путевка
  7. Жеделхат — телеграмма
  8. Баяндау хат – докладная записка
  9. Шағым хат– письмо-жалоба
  10. Жауап хат – письмо-ответа
  11. Ілеспе хат – сопроводительное письмо
  12. Ескертпе хат – письмо напоминании
  13. Сенім хат — доверенность
  14. Түсінік хат – объяснительное письмо

Шақыру хаты — адресатты қандай да бір шараларға шақыратын хат түрі

Хабарландыру хат – қызметтік хат. Ол қандайда қандай да бір жағдайды хабарлау.

Құттықтау хат— мерекемен, жетістікпен, туған күнмен құттықтау.

Мұғалім: Бүгінгі сабақта шақыру хат, құттықтау хат, түсінік хат жазуды үйренеміз.

 

 

Шақыру хат үлгісі.

Теміртау техникалық колледжіне

қалалық мәдениет сарайының әкімшілігінен

 

 

ШАҚЫРУ ХАТ

Құрметті Теміртау техникалық колледж ұстаздары мен шеберлері! Сіздерді қалалық мәдениет сарайында наурыздың 19 күні сағат 18 00-де өтетін Наурыз мерекесіне арналған мерекелік концертке шақырамыз.

 

15.03.2014ж.           мәдениет сарайының әкімшілігі.

 

Хабарландыру хат үлгісі.

ХАБАРЛАНДЫРУ

2014 жылы наурыз айының  20-сы күні сағат 13 00-де колледждің мәжіліс залында «Хош келдің, НАУРЫЗ!» атты мерекелік ісшара өтеді. Келем деушілерге есік ашық.

ГЭД-12-1, ГЭД-13-2 топтарының ұйымдастыруымен өтеді.

Құттықтау хат үлгісі.

Теміртау кәсіптік техникалық колледжіне

Теміртау техникалық колледж ұжымынан

ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ

Құрметті,Теміртау кәсіптік техникалық колледжі қыз-келіншектер қауымы! Сіздерді  8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен қүттықтаймыз! Сіздердің дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

08.03.2014 ж.                                   Теміртау техникалық колледж ұжымы.

 

V.Бекіту :

Мұғалім: Енді көктемдегі басқа мерекелерде жазылатын хат түрлерін жазып көрейік.

Тапсырма: хат үлгілерін жазу.

1-топ Шақыру хат жазу

2-топ Хабарлау хат жазу

3-топ Құттықтау хат жазу

Тапсырма: жаттығулар орындау.

1-топ . «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» деген сөзден құжат  аттарын  құрап  жазу.

2-топ.,,Хат түрлері” такырыбына кластер құрау.

3-топ.  Сөйлем құрап аудару.

Мұғалім: Жақсы, біз бүгін сабақта қызметтік хат түрлерін өттік, топтық  жұмыс арқылы алған білімдерімізді бекіттік. Бүгінгі  сабақтан алған  білімдеріңді өмірде орынды, сауатты пайдалана білсеңдер, қазақ тілін  дамытуға қосқан үлестерің болып  табылады.

  1. Үй тапсырмасын беру. Венн диаграммасын толтыру.

Іс қағаздардың түрлері

VII. Рефлексия. Нені білдік? деген сұраққа дұрыс жауап бергенде, шеңберде  әріптер пайда  болып, ЖАРАЙСЫҢ! деген сөз шығады.

Іс қағаздардың түрлері

 

VIII. Студенттердің білімін бағалап, сабақты аяқтау.

Мұғалім: Ұлыс береке берсін!

Наурыз тойы құтты болсын!

Қош сау болыңдар!

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.