Жаз мезгілінде болған оқиға

Қаражигитова Раушан Аманкуловна


Құзыреттілікке жеткізетін мақсат міндеттері:

Білімділігі: табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы табиғат жайлы мағлұмат беру, барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, табиғатты қорғау, оларды қарсы алу. Халық қазынасы мақал — мәтелді, жұмбақ болжамдарды пайдалана білуге үйрету. Құстар туралы білімдерін жетілдіру. Құстардың пайдасы тіршілігі туралы түсінік беру. Үй құстарымен дала құстарын ажырату.
Дамытушылығы:балалардың сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Өз бетімен жұмыс істеуге машықтандыру, суреттер бойынша сұрақтарға толық жауап беріп тілдік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге, аң — құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекеттің түрі: ойын

Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетіне қолданылатын әдіс — тәсілдер: сөздік, ойын түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ — жауап, топпен жұмыс.

Алдын — ала жүргізілетін жұмыстар, көрнекіліктер: табиғат тақырыбында топты безендіру.

Пәнаралық байланыс:сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу, экология негіздері.
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекетіне қолданылатын көрнекі құралдар: табиғат суреттері, бейне таспа, құстар, үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс: жаз, табиғат, торғай, балапан.

Билингвалық компоненттер: құстар — птицы — birds, торғай — воробей – sparrow.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші:

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар  шеңберге.

Шаттық шеңбер:

-Сәлеметсің бе, табиғат!                                                                           

-Сәлеметсіңдер ме ормандар,  көлдер мен таулар!          

-Сәлеметсіңдер ме құстар!                           

-Сәлеметсіңдер ме аңдар !          

-Сәлеметсіңдер ме қонақтар!                                                     

Ойын:»Табиғат деген не?»
Шарты:
Мен сендерге доп лақтырып сұрақтар қоямын сендер жауап бересіңдер?
1) Табиғат деген не?
— Қоршаған орта.
2) Қоршаған орта деген не?
— Жер, су, ауа, өсімдік, т. б.
3) Табиғат нешеге бөлінеді?
— Екіге. Өлі және тірі.
4) Өлі табиғат деген не?
— тау, тас, су, өзен, көл, құм т. б.
5) Тірі табиғат деген не?
— Жәндіктер, жануарлар, құстар, аңдар т. б.

Тәрбиеші:

— Жарайсыңдар балалар бұл ойынды керемет ойнадыңдар. Бүгін келген қонақтармен бірге табиғат ананың жаз мезгіліне шолу жасаймыз.

ЖАЗ МЕЗГІЛІНІҢ БЕЙНЕСІ

Тәрбиеші: балалар мына суретке қарайық, бұл жылдың қай мезгілі?

Олай болса жаз мезгіліне саяхаттайық.

Балалар: жаз мезгілі.

Тәрбиеші: жаз мезгілінде ауа-райы қандай болады?

Балалар: күн ыстық, жылы болады.

Тәрбиеші: ой, балалар мына жаз мезгілінен хаттама келіпті «ХАТТЫ артынан алады)

Балалар хат Табиғат анадан келіпті.

                                                            Хат
Сәлеметсіңдер ма, «Балдәурен» балабақшасының балалары сендер табиғатты аялауды білесіңдер ме? Мен бүгін жолда келе жатқанда мына сынық ағаштың бұтағын көріп қатты ренжідім. Осы ағашты сынған бұтасымен  сіздерге жібердім оған сіздердің аялы алақандарыңыз жетпей тұр, күтіңдер. Күтіңдер сендерді іздеп жүр, кәзір барады.

Тәрбиеші:

— Балалар ағаш бізге келгенше табиғат ананың бізден табиғатты аялауды білесіңдер ма?- деп сұрады ғой. Олай болса мынадай ойын ойнайық «Дұрыс, дұрыс емес? «Ойынды нодбугтен слайд арқылы орындаймыз.
Шарты:Слайдтан суреттер көрсетіледі соның ішінде қайсысы дұрыс, дұрыс емес екенін айту.

СЛАЙД

Тәрбиеші:

— Жарайсыңдар балалар, Жер, табиғат туралы ақындар көп өлеңдер жазған, ал сендер не білесіңдер?

                                                    Тақпақтар :
***

Жер ана сенсіз өмір жоқ,
Тұрса мәңгі күн шығып.
Гүлденсең болды көңіл тоқ.
Сенсіз белес бір шыбық.

***

Көгінде құстар қалқыған
Көліне бұлақ қосылған
Ішсең мейір қандырған
Ұмыттың ба балдырған?

                                                     Мақалдар:
*** — Қыстың қамын жаз ойла, жаздың қамын қыс ойла.
*** — Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті.


                                                   Тыйым сөздер:
***

— Судың да сұрауы бар
— Бақ өсіргенің бағы жанар.

***

— Жұпар ауа дертке дауа.

Тәрбиеші: балалар,тамаша, өте жақсы сендерде табиғатты жырға қоса біледі екенсіңдер.

Ғажайып сәт: Бұтағы сынған ағаш келді.

-Менің бұтағымды бұзақы балдар сындырып лақтырып кетті. Табиғат ана айтты, сендер маған көмектесіңдер деп. Бұтағымды байлап беріңдерші. Құстың салған ұясыда жерге түсейін деп тұр, көмек керек.

Тәрбиеші: балалар  біз ағашқа көмектесейік. Оның табиғат ананың қонжықтан беріп жіберген бұтағын байлап берейік.

БҰТАҚТЫ БАЛАЛАРМЕН БАЙЛАУ

Тәрбиеші: балалар ұядағы жұмыртқалар тоңып қалыпты кәне алақанымызбен жылытайық.

(Тәрбиеші балаларға ұяны жағалатады, алақандарымен жұмыртқаны басқызады)

Тәрбиеші: Балақай ұяны ағашқа орналастыра ғой.

Балақай: ұяны орнына қояды, жұмыртқалар жыбырлап жатыр

Тәрбиеші: Міне ғажап. Жұмыртқадан балапандар жарып шыққылары келіп жатыр. Жаңа өмір басталады деген осы.

Балақай: мен осыған байланысты тақпақ айтқым кеп тұр.

Құс ұясын бұзбайық

Жұмыртқасын алмайақ,

Обалына қалмайық.

Ағаш: Рахмет сендерге балалар. Мен кетейін, жұмыртқаларды анасына жеткізейін.

(Ағаш ортадан кетеді)

Ортаға балапандар келеді.

Тәрбиеші: балалар, бізге жаңағы ағаштары жұмыртқадан шыққан балапандар келіп қалды ғой. Балапандар тез ширау үшін оларды сергіту жаттығуына  шақырайық.

Сергіту сәті: «Шөжелерім» әніне би қозғалыстарын жасау.

Тәрбиеші: балапандар сендерде балалармен отыра қойыңдар. Балалар балапандар тез ержетіп, көп нәрсені білу үшін балапандарға үйретейік. Келістік бе?

Балалар: иә.

(Ортаға  торғай келеді)

Торғай: тәте балаларға арналған қарғаның сыйлығын  және табиғат ананың күздік сыйлықтарын алып келдім.

Тәрбиеші: Рахмет саған торғай.

Торғай: ой, менің шөжелерім мен сендерді таппай жүрсем мында екенсіңдер ғой. Шиқ-шиқ келіңдер.

Тәрбиеші: торғай ана балапандар балаларға келіп, көп білім үйреніп, қамқор болды.

Торғай: балалар сендердің қамқорлықтарыңа көп  рахмет, енді мен балапандарымды алып кетсем болады ма?

Балалар: әрине болады, сау болыңдар балапандар, біздің ауламызға келіңдер, бірге ойнаймыз.

                                  (Торғай балапандарын алып шығып кетеді)

Қорытындылау:

-Балалар, бізге нелер келді?  (торғай, ағаш, балапандар)

-Табиғат анадан не келді?  (хат)

-Ағашқа біздер не істедік?  (сынған бұтағына көмектестік)

-Жұмыртқалардан нелер шықты?  (балапандар)
-Қандай құстың тапсырмаларын орындадық?
Құстарға үнемі қамқорлықпен қарауымыз керек.

Сендерге бүгінгі қонақтармен бірге өткізген іс-әрекетіміз яғни  сабағымыз ұнады ма? Ризасыңдар ма?

Олай болса, «Ризашылық» өлеңін айтып, қоштасу  шеңберін жасайық, ортаға келіңдер.
Қоштасу шеңбер:

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз  қазірге.

Ризамыз қонақтар сіздерге!

Риза боп, сыйлаймыз гүлдерді!     (Алақанмен үрлеп, гүл дейді).

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.