Қазақстанда ғылым мен мәдениеттің дамуы

Кисина Макен Амангельдиновна

 

Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер

Сынып: 5

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың мақсаты: Оқушылар Қазақстанда ғылым мен мәдениеттің дамуы, қазақстандық ғылым мен мәдениет өкілдері туралы білімдерінкеңейте отырып, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.

Міндеттері:

  • Оқушылар Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы игерілуі туралы неғұрлым жан-жақты ақпарат жинайды.
  • Оқушылар мәтінмен таныса отырып,саралау, сипаттау, зерттеу, салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізуге дағдыланады.
  • Оқушылар жеке, жұпта, топта жұмыс жасауға , пікір алмасуға дағдыланады.
  • Оқушылардыңсөздік қоры артады, сөйлеу тілі дамиды, өз ойын сын тұрғысынан білдіруге дағдыланады.

Әдіс-тәсілі:«Ән шақыру» ойсергегі, «Құпия хат» ойыны, миға шабуыл, дыбыстытық портрет, сұхбаттасатын жұп.

Көрнекіліктер:  интербелсенді тақта, флипчарт, маркер, бағалау парағы, қима қағаздар – мәдениет өкілдерінің суреттері, бейнематериал.

Сілтеме (деректер):Оқулық – Қазақстан тарихынан әңгімелер 5сынып, Ж.О.Артықбаев, Ә.Ә.Сабданбекова, Е.А.Әбіл. Алматы, «Атамұра», 2010.

Пәнаралық байланыс: өнер, музыка, бейнелеу өнері.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы туралы алған білімдерімен өзгелермен бөлісе алады.
  • Қазақстандағы ғылым мен мәдениеттің дамуы сипаттау, саралау, талдау жұмыстарын жүргізе алады.
  • Жеке ойларын ортаға сала алады. Топқа ойын еркін жеткізе алады. Басқаны үйрету жауапкершілігін сезіне алады.

Табыс критерийлері:

  • Мен өз жауаптарымды дәлелдей аламын;
  • Мен топта өз идеямды ұсына аламын;
  • Мен сұрақтарға сын тұрғысынан жауап бере аламын.

Сабақтың барысы:

 

Деңгейлер Уақыт Модуль Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының ісәрекеті Бағалау
Ұйымдастыру кезеңі 2       мин СТОҮ

«Ән шырқау» ой сергегі

Психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Ән шырқау» ой сергегін өткізу. Оқушыларға ел арасында көп тараған, кеңінен таныс әндердәі бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оқушылар кезекпен карточкада келтірілген әндерді бірлесе орындаулары керек. Формативті бағалау – қол шапалақтау
Үй тапсырмасын тексеру 4 мин СТОҮ

(еркін хат)

ТжДБО

 

 

— Ал ендеше, барлықтарыңа бүгінгі сабақта осындай көтеріңеі көңіл-күй тілеймін, енді үй тапсырмасын тексерейік.

(Мақсаты: оқушыларды Тың игерудің теріс нәтижелерімен қатар оң нәтижесі бар екені туралы ойландыу.)

Оқушылар топта өз жұмыстарын қорғайды, топтағы ең таңдаулы жұмыс сыныпқа ұсынылады. Топ басшысы өз тобындағы оқушыларды алдыңғы сабақта құрылған критерийлер арқылы бағалайды.
I деңгей – Білу.

Психологиялық ахуал тудыру.

3 мин СТОҮ

«Құпия хат» ойыны

«Миға шабуыл» әдісі

ОмОАКТП

 

+*

Тақырыпқа шығу үшін «Құпия хат» ойынын өткіземін. 3 топқа 3 конвертке салынған қима қағаздарды таратып беру. Әр конвертте ән, күй, театр, кино өнері өкілдерінің, ғалымдардың фотосуреттері бар.

— Осы суреттерді ортақтастыратын не? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?

— Бүгінгі сабақта сендер не білгілерің келеді? Сабағымыздың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?

— Сендер Қазақсатандағы ғылым және мәдениет  туралы не білесіңдер?

Оқушылардың міндеті – осы суреттерді өздері құрастырған критерийлер бойынша топтастыру және не себепті осылай топтастырғандарын түсіндіру.

 

 

 

— Ғылым. Мәдениет.

 

 

 

— …

Оқушылар өздері сабақтың мақсатын анықтайды.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылар ғылым және мәдениеті туралы не білетіндерін естеріне түсіреді және интербелсенді тақтаға жазады.

Ғылым және мәдениет

 

 

 

 

 

 

 
II деңгей – Түсіну. 10 мин СТОү

«Ақпараттық ақаулық» әдісі

«Елші» әдісі

Оқушыларға оқулық мәтіні бойынша тапсырма беремін. Оқушылар оқулық мәтінімен жұмыс жасайды:

І топ: Ғылым. Қ.Сәтбаев – тұңғыш қазақ академигі.

ІІ топ: Мәдениет пен өнер.

ІІІ топ: Кино жіне әдебиет.

Оқушылар берілген тақырыпшаны топта талдайды, сонан соң әр топтан бір оқушы басқа топқа барып түсіндіреді.

Жалпы тақырыпты флипчартқа түсіреді.

Әр оқушы түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін пайдаланады.

Мысалы:

·Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).

·Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды.

Сергту сәті 1 мин ОмОАКТП Оқушыларды сергіту үшін сергіту сәтін өткізу. «Қара жорға» биін билейді. Ауызша бағалау – КЕРЕМЕТ!
III деңгей – Қолдану. 7 мин СТоү

«Автобус аялдамалары» әдісі

Оқушылардың оқулық мәтіні бойынша алған білімдерін тексеру мақсатымен «Автобус аялдамалары» әдісі бойынша тапсырма беремін. 1 аялдама: Ғылымдағы жетістіктер туралы не білесіңдер?

2 аялдама: Өнердегі жетістіктер қандай?

3 аялдама: Қазақ әдебиеті мен қазақ киносы жайлы не білесіңдер?

Оқушылар топпен жүріп «Автобус аялдамаларындағы» сұрақтарға жауап береді, басқа топтардың жауаптарын толықтырады.

Ауызша бағалау –

«Не қиын болды, Не оңай болды, Не қызықты болды»

 

IV деңгей – Талдау. 5 мин СТОү

«ДЫБЫСТЫҚ  ПОРТРЕТ» әдісі

«ДЫБЫСТЫҚ  ПОРТРЕТ» әдісі бойынша тапсырма беремін. Жұмыс барысын түсіндіремін. Әр әріпке 1-топ – мәдениет, 2-топ – ғылым, 3-топ – өнер сөзімен байланысты сөздер жазыңыздар:

М –

Ә –

Д –

Е –

Н –

И –

Е –

Т –

Топтар бір-бірін стикер арқылы бағалайды (мысалы, тақырыпқа сай, т.с.с.)
V деңгей – Синтездеу. 7 мин СТОү

«Сұхбаттасатынжұп» әдісі

 

Оқушыларды алған білімдерін қолдана алуға, еркін сөйлеуге дағдыландыру мақсатында «Сұхбаттасатын жұп» әдісі арқылы тапсырма беремін.

Жұбыңызбен:

•      3 үйренгеннәрсе;

•      Не оңайболды?

•      Не қиынболды?

•      Тағы да не нәрсе туралы білгіңіз келетіні жайлы әңгімелесіңіз

(Мысалы:

— Сүйікті әншіңіз кім? т.с.с.)

Оқушылар берілген үлгі бойынша бір-бірінен (жұпта) сұхбат алады.

 

Формативті бағалау – қол шапалақтау
VI деңгей – Бағалау. 5 мин ОмОАКТП Видеофильм көрсету: Өнердің жаңа түрі –шыныға сурет салу өнері. Оқушылар көрген бейнематериал бойынша өз пікірлерін, алған әсерлерін ортаға салады. Әр оқушы өзін-өзі стикер және смайлик арқылы бағалайды.
Үй тапсырмасы 1 мин ОҮБжОБ

«Үш ақиқат, бір жалған»  әдісі

 «Ғылым мен мәдениеттің дамуы» тақырыбына «Үш ақиқат, бір жалған»  әдісі бойынша келесі сабақта бір бірлерін тексеру үшін мәтін құрастырып келу тапсырылады. Оқушылар үй тапсырмасын дәптерлеріне (күнделіктеріне) жазып алады.  
ПОДЕЛИТЬСЯ

Вы можете оставить комментарий, или ссылку на Ваш сайт.

Оставить комментарий

Вы должны быть авторизованы, чтобы разместить комментарий.